Читать книгу Қорасан қарақшының қолмергені - Баянғали Әлімжанов - Страница 7

Ащы түтін

Оглавление

Ар жағын

Айтқызбай-ақ түсін, бала,

Дегендей,

Ишара ғып үнсіз ғана,

Қорасан

Қорапшаға қолын салып,

Сорды кеп

Махоркасын құшырлана,


«Өз еркің

Болмаса да басы бүтін,

Өзіңді

Өзің қорға, жақсы күтін,

Мынаны көрсең ептеп,

Күш береді,

Басады

Ащы мұңды ащы түтін!»


Ұсынды

Балтабайға темекісін:

«Көр, – деді, —

Көңіл аулар кермек күшін,

Деміңді

Ішке тарт та, ұста біраз

Шыдап бақ,

Сіңіріп ал керектісін!»


Көрмеген

Өмірінде шылым тартып,

Аузына

Салды бойын жылу шарпып,

Өзегін

Ащы түтін тіліп өтті,

Қақалып, шашалды кеп

Жерді тарпып,

Артынша

Буындары балбырады,

Бір рахат

Күйге кірді, бойы балқып.


Қорасан қарақшының қолмергені

Подняться наверх