Читать книгу Қорасан қарақшының қолмергені - Баянғали Әлімжанов - Страница 9
Өртелген өрен
ОглавлениеБес жігіт бір ауылда,
Содыр, сойқан,
Қорқаудай қорқынышты
Бұжыр, бойшаң,
Добалдай қол-аяғы,
Өңкей палуан
Жүріпті
Елді үркітіп қойқаң, қойқаң!
Оларға
Қарсы тұрған еркі мықты,
Ерді алдап
Қазандыққа келтіріпті,
Қапыда,
Ебін тауып қарағұстан,
Сүйменмен
Бір-ақ соғып өлтіріпті,
Денесін
Пешке тығып, көсеп қойып,
Қарт ойнап,
Арақ ішіп отырыпты.
Күлі мен
Сүйектерін қалған-құтқан,
Ауылдың
Шет жағында қарға тыққан,
Ештеңе
Болмағандай ойнап, күліп,
Соғымда
Қуырдақ жеп, арақ жұтқан.
Іздейді ел
Бес күн бойы азаматын,
Адақтап
Құда, жекжат, жамағатын,
Балалар
Ойнап жүріп, бас сүйегін,
Тауып ап,
Елге айтады жаманатын!
Жұрт шулап,
Бүкіл аудан дүрлігеді,
Қармаққа
Қылмыскерлер ілігеді,
Сүйменмен
Соққан жігіт мойнына алып,
Өлтірдім
Ерегесеп мұны деді,
Прокурор,
Полиция, сарапшылар,
Айғақтап,
Айтқан сөзін тізімдеді,
Біреуі
Күйінді ме, өкінді ме
Асылып,
Дымы шықпай, үйінде өлді,
Орманда
Қашып жүріп енді бірі,
Қаңтардың
Аяз қысқан түнінде өлді,
Тікелей
Кісі өлтірген қаныпезер,
Түрменің
Отыр міне, түбінде енді.
Қайғысыз,
Қарт соғады, қарқылдайды,
Тамақты
Опырады, тарқылдайды,
Дұшпанды
Елге шапқан жеңгендей боп,
Сөйлесе,
Батырсынып жарқылдайды,
Кім білсін неге екенін,
Тек әйтеуір,
Бух оған
Ақыл айтып балпылдайды:
«Қорқпағын,
Болмаса айғақ, куәларың,
Шындықты
Мойындамау- бұ да дарын,
Табандап
Тұрып алсаң, түк қылмайды,
Тек қана сыр бермесін
Шыдап арың,
Құдайдың
Жазуымен болса бәрі,
Сендердің
Жоқ,-дейді Бух, – кінәларың!
Сондықтан
Мойындама,
Мойындама!
Тергеу, сот,
Құр әншейін ойын ғана,
Әуелде
Шындығыңды айтып қойсаң,
Құрдымға
Кеттім-ау деп уайымдама,
Мәжбүрлеп
Айтқызды деп, бас тартсаңдар,
Тоқтайды,
Білем істің, жайын, бала,
Жабыңдар
Бәрін өлген екеуіне,
Жол осы,
Құтылатын дайын ғана!»
Осылай
Жігін тауып, түбін жайғап,
Берген соң,
Айтар сөзін бірыңғайлап,
Қанішер
Сот болғанда өп-өтірік
Өлтірген
Мен емес деп тұрды сайрап!
Қорқытып,
Полицайлар ұрды деді,
Тергеуді
Теріс жолға бұрды деді,
Өлтірген,
Өртеген де ана екеуі,
Куә боп
Мен амалсыз тұрдым деді,
Әуелде
Мойныма алдым қорққанымнан,
Айтамын
Енді сотта шынды деді,
Ақыры,
Адвокаттар әлгіні ақтап,
Жауызға
Бар-жоғы алты жылды берді,
Осынша
Өтірікке жол беретін
Біздің сот
Сонша сорлы, жынды ма еді?!
Заң қайда,
Ешкім жалған айта алмайтын,
Әр кімнің
Ырғауына шайқалмайтын?
Айналып
Кетер ек қой әділ соттан,
Әуелгі
Айтқан сөзден қайтармайтын.
Бұл өзі неткен тергеу,
Неткен тәртіп,
Әркімнің
Жетегінде кеткен тәртіп,
Уыстап
Қызыл қанды тоймай ішкен,
Қанішер
Мұратына жеткен шалқып?!
Басқа елге қаптай тонап,
Топтап атқан,
Бүліктен
Бәрі шығар оққа батқан,
Қазақта
Бірақ мұндай сұмдық жоқ —ты,
Өлтіріп,
Бірін-бірі отқа жаққан!
Заман ба
Бұзған әбден бізді лайлап,
Аздырып,
Үгіттеп ұл, қызды ыңғайлап,
Қалайша
Мен бұлармен бірдеймін деп,
Балтабай жейді жанын,
Жыны қайнап.
Біреуге
Қара жерді жастандырып,
Онысын
Ерлік көріп, мақтан қылып,
Жер басып,
Неге алшаңдап жүру керек,
Қанішер
Тойда мүжіп тоқпан жілік?!
«Зонаға
Осылармен барады екем,
Ақыры қарабет боп
Қалады екем,
Одан да
Өлтіргенім жақсы еді ғой
Көп болса
Он шақты жыл алады екем!»
Артынша
Шошиды кеп:» Шаламын, – деп,
Анам бар,
Жан-жарым бар,
Алаңым көп!»
Қайрайды
Өзін-өзі: «Қайда болсын,
Қайтсем де
Адам болып қаламын деп!»