Читать книгу 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы - К. А. Саркенова - Страница 2
1-тарау
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АВТОНОМИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕ
Оглавление(1920 – 1936 жылдар)
1920 жылдың 28 тамызында халық санағы жүргізілді. Азамат соғысына байланысты халықтың 30 %-ы бұл санаққа кірмеді, шет аймақтың халқының саны 1917 жылға дейінгі деректер негізінде алынды. Санақта карточка жүйесі қолданылды. Қала халқы үшін үш формуляр пайдаланылды: 1) меншік түрін анықтауға арналған аула телімдері ведомосі; 2) тұрғын үй пәтерлері туралы пәтер картасы); 3) әрбір тұрғынға арналған жеке парақ. Селолық жерлерде жеке парақтармен қатар әрбір шаруашылықтың иегеріне (аулаға) бір жолдан берілген жергілікті бланкілер толтырылды.
Бұл санақтың тұрақты халық туралы мағлұмат беретін негізгі формуляры жеке парақ болды. Ол сол санақ жүргізілген күнгі шаруашылықтағы әрбір адамға арналып құрастырылды.
Жеке губерниялар, уездер, болыстықтар және қала халқының саны туралы 5 бөліммен тұратын алдын ала жасалған қорытындылар 1920 – 1921 жылдары жарияланды76. Осы санақ материалдары және тағы да басқа деректер негізінде төменде Қазақ АКСР-нің 1920 – 1936 жылдардағы территориясы, саны, жас / жыныс және ұлттық құрамы талданбақ.
76
Предварительные итоги переписи населения 28 августа 1920 года. Труды ЦСУ. Т. 1. Вып. 1 – 5. – М., 1921.