Читать книгу 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы - К. А. Саркенова - Страница 3
1-тарау
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АВТОНОМИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕ
1.1. Қазақ АКСР: құрылуы, аумағы, әкімшілік бөлінісі
Оглавление1919 ж. 26 шілдеде РКФСР ХКК «Қырғыз (Қазақ) үлкесін басқарудың революциялық комитетін құру туралы» декрет қабылдады. Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.И.Ленин қол қойған бұл декретте былай делінген: «Жуықта шақырылмақ Қырғыз (Қазақ) съезіне дейін және Қырғыз (Қазақ) автономиясын түсіндіру мақсатында өлкені басқаратын әрі жоғары әскери-азаматтық билік қолына шоғырланған Революциялық комитет құрылсын», – делінген.77
Қазақ өлкесіне Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары және Астрахан губерниясының қазақтар мекендейтін бөлігі (Бөкей) кірді78. РКФСР БОАК және ХКК-нің 1919 жылдың 8 қазанында қабылданған қаулысы бойынша Түркістан ісі туралы комиссия құрылды. Оның құрамына Ш.Э.Элиава (төраға), М.В.Фрунзе, В.В.Куйбышев, Я.Э.Рудзутак, Ф.И.Голощекин, Г.И.Бокий кірді. Комиссияға Қазақ кеңестік автономиясын құру жүктелді. Қырғыз ревкомы, Түркістан майданы және Түркістан комиссиясы өкілдері бірігіп қабылдаған қаулы бойынша 1920 жылдың 3 – 11 қаңтар аралығында Ақтөбеде 1-кеңестік қырғыз (қазақ) өлкелік конференция өтті, онда барлық қазақ облыстарын бір кеңестік республикаға біріктірудің қажеттілігі туралы қаулы қабылданды. Ол алғашқыда РКФСР құрамында автономия болуы тиіс еді. Сонымен 1920 ж. 26 тамызда В.И.Ленин және РКФСР Орталық Атқару комитетінің төрағасы М.И.Калинин “Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы” декретке қол қойды79. Қазақ АКСР-нің құрамына Семей (Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері), Ақмола (уездер – Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл, және Омбы қаласының бір бөлігі), Торғай (Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездері), Орал (Орал, Лбищенск, Темір және Гурьев уездері), Орынбор (Орынбор-Покров, Орск, Краснохолм, Илецк, Шарлық, Исаеводедовск және Петров аудандары) губерниялары мен Манғыстау уезі, Закаспийск обл. Красноводск уезінің 4, 5 Адай болыстықтары; сонымен қатар Қазақ АКСР-нің құрамына Синемор болыстығы және Астрахан губерниясы Бөкей ордасының 1-және 2-Приморье округіне қарасты бұрынғы қазыналық жерлер; жағалау жерлері, Сафрон, Ганюшкин, Николаев (соңғысы – шаруашылық жағынан ыңғайлы деп Астрахан губерниялық Атқару комитеті құрамында қалдырылған) болыстықтары кірді.
Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасына қарасты Орынбор-Торғай губерниясы төрт: Қостанай (Семей губерниясы, Петропавл уезінің Қостанай бөлігі); Торғай (Торғай мен Ырғыз уездері); Ақтөбе (Ақтөбе, Темір және Адай уездері) және Орынбор (бұрынғы шекара шеңберінде қалдырылды) губернияларға бөлінді.
Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасы мен Сібірдің Омбы уезі (Есілкөл станцасы Қазақ АКСР-і аймағында қалдырылды) аралығында шекара белгіленді. Шекара сызығы Петропавл арқылы Есілкөл станцасынан шығысқа қарай, одан әрі Кіші Қараой, Їлкен Қараой көлдері, Қара Терек шатқалынан солтүстікке қарай, яғни орыс болыстықтарының оңтүстік шекарасы арқылы Ертістегі Черлак станицасына (Қазақ АКСР-інде қалдырылған) жүргізілді. Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасының Орынбор-Торғай губерниясы (РКФСР БОАК-нің 1921 жылдың 28 мамырындағы қаулысының өзгеруіне байланысты) үш губернияға – Орынбор (Ор және Орынбор уездері), Ақтөбе (Ақтөбе, Ырғыз, Темір, Ойыл уездері), Қостанай (Торғай, Қостанай Всехсвятск ауданымен бірге (РКФСР БОАК-нің 1921 жылдың 8 желтоқсанындағы қаулысына сәйкес) бөлінді. Сонымен, жаңа әкімшілік бөлініс (1924 жылдың 14 қаңтарына дейін екенін ескеру қажет) мына құрамда бекітілді:
Дерек: Сулькевич С.И. Административно-политическое деление строения СССР. – Л., 1926. – С. 161 – 162.
Ұлттық-аумақтық құрылыс саласындағы басты оқиға – 1924 жылғы Орта Азиядағы ұлттық межелеу. 1924 жылы қыркүйекте Түркістан республикасы ОАК-нің сессиясы Жетісу мен Сырдария облыстарына Түркістан АКСР-і құрамынан шығып, Қазақ АКСР-іне бірігу құқығын берді. КСРО БОАК-і Түркістан ОАК-нің қаулысын мақұлдады. Сонымен, 1924 жылы қарашада Қазақ АКСР-і республикаға қайтарылған аудандарды қабылдау туралы Ревком құрды. Оған әкімшілік, территориялық және экономикалық мәселерді шешу, сонымен қатар Қазақ АКСР-і Кеңесінің 5-съезіне делегаттар сайлауды даярлау, өткізу тапсырылды. Қазақ АКСР-і Кеңесінің 5-съезі (1-қазақтық80) Қазақстанның барлық дерлік аймағын біріктіріп, республиканың шаруашылық-мәдени өмірінің жандануы жағдайында, яғни Қазақстанның бүкіл облыстарын түпкілікті біріктіру ұранымен өтті. 5-съезд Қырғыз АКСР-ін Қазақ АКСР-і деп өзгертіп, ал Қазақстанның жаңа астанасы – Ақмешіт (бұрынғы Перовск) Қызылорда атауын алды (Қызыл Астана)81. Орынбор РКФСР-дің құрамына кірді.
Сонымен, Орта Азия межелеуінен кейін Қазақстан АКСР-інің құрамына бұрынғы Түркістан АКСР-інің төмендегі аймақтары кірді (Түркістан АКСР-і 1924 жылы 27 қазанда жойылды):
1) Сырдария облысынан: Ақмешіт, Қазалы, Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезі толығымен мынадай болыстықтарымен – Ағаяқ, Ақкүлтін, Ащы, Ботамойнақ-Ақмола, Батыс және Шығыс Аспары, Қарабақыр, Қарабастау, Қарақыстау, Қарақойлы, Құрақата, Күшіней, Құйық, Мақбал, Ұшақты, Ұйық, Шақшанақ, Шұңғыр, Шу, Бурно-Ивановск, Кұмтөбе, Меркент, Михайловск және Петровск. Ташкент уезінің бөліктері: Аджар, Жаусүгім, Їштөбе, Алтын, Жетісу, Шаранхан, Ұштанғали, Александровск, Қошқорған, Мырзакөл уезінің Їржар болысы.
2) Жетісу облысынан: Алматы, Жаркент, Лепсі, Талдықорған уездері толығымен, Пішкек уезінің төмендегі болыстары – Георгиев, Загой, Қарақұндыз.
3) Самарқан облысынан: Жизақ уезінің алты болысы – Қызылкүй, Фисталитоуск, Көктөбе, Қорғантөбе, Шардара, Атақорған кірді.
Сонымен қатар Қазақ АКСР-інің құрамына Түркістан АКСР-інің Әмудария облысы бөліктерінен құралған Қарақалпақ автономиялық облысы мен Хорезм КСР-інің бір бөлігі кірді82. Жалпы межелеуге белгіленген 1745,4 мың кв. км аумақтың 1 468 724 адам мекендейтін 685,9 мың кв. км-і Қазақстанға өтті83. (Басқа мәліметтер бойынша, 1 485 125 адам, оның ішінде қазақтар – 957 179, өзбектер – 147 283, орыстар – 292 407 және – 88 256 т. б.)84.
1925 жылдың 1 қаңтарындағы Қазақ АКСР-інің жалпы бейнесі төмендегідей болды:
Дерек: Сулькевич С.И. Административно-политическое деление строения СССР. – Л., 1926. – С. 161 – 174.
77
Собрание узаконений и распоряжений рабочего и крестьянского правительства. 26 июля 1919 г. № 36. СТ. 354. – С. 409.
78
Сонда
79
Образование КазАССР. Сборник документов и материалов. – Алма-Ата, 1957. – С. 251 – 256.
80
V Всеказахская конференция РКП (б). Стен. отчет и резолюции. 1 – 7 декабря 1925 г. – Кзыл-Орда, 1925. – С. 2.
81
Рыскулов Т.Р. Казахстан. – М. – Л., 1927. – С. 55 – 56.
82
Сулькевич С.И. Административно-политическое строение СССР. – Л., 1927. – С. 162 – 163.
83
Справочник по административно-территориальному делению Казахстана (август 1920 – декабрь 1936). – Алма-Ата, 1959.
84
Рыскулов Т.Р. Казахстан. – М. – Л., 1927. – С. 77.