Читать книгу 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы - К. А. Саркенова - Страница 4
1-тарау
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АВТОНОМИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕ
1.2. Халықтың саны, орналасуы, жас/жыныс құрамы
ОглавлениеХалық санын анықтауға 1920 жылдың 28 тамызында болған алғашқы кеңес санағы материалдары алынды:
Дерек: Предварительные итоги переписи населения 28 августа 1920 г. Труды ЦСУ. Т. 1. Вып. 2. – С. 11 – 13; 15 – 17.
Жоғарыдағы кесте көрсеткеніндей, 1920 жылғы 28 тамыздағы санаққа Қазақстанның көптеген губерниялары кірмей қалған, санақ тек Бөкей, Орынбор, Семей және Торғай губернияларын ғана қамтыған. Азамат соғысы салдарынан санақ көп жерлерде кешігіп жүргізілген, мысалы, Оралда санақ тек қыркүйектің 2-жартысында ғана басталған. Уақытша есепке алынбаған губернияларды есептемегенде, Қазақстанның халқы 2 913 681 адамды құрады85. Азамат соғысы жылдарында демографиялық процестің дамуы қала мен ауылдарда әртүрлі болды. Соғыстың аяғында ауыл халқы анағұрлым көбейді. 1920 жылы санақ жүргізілген уақыттағы есепке кірген 2 913 687 адамның 2 642 322-сі ауылдық жерде, ал 271 359-ы қалалық жерде тұрды86. Санақ материалдары өте құнды, дегенмен, бұл бір сәттік қана құбылыс.
Сондықтан сол уақыттың басқа да деректерін пайдаланған жөн.87
Солардың ішіндегі ең көңілге қонымдысы «Статистикалық-экономикалық шолу», себебі онда тек санақ материалдары ғана емес, сонымен қатар 1920 жылғы ауыл шаруашылығы санағы мәліметтері де келтірілген. 1920 жылдың 28 тамызында жүргізілген санақ ауыл шаруашылығы саласындағы барлық ауыл халқын түгел қамтыды. Сонымен, Қазақ АКСР-інің қала, қала типіндегі кенттер, теміржол маңы, ауылдық жерлердің халқын қоса есептегенде халқы 4 781 263 адамды құрады:
Қала мен қала типіндегі кенттерде – 402 751;
Теміржол маңында – 18 695;
Ауылдық жерлерде – 4 359 817.
Қала мен теміржол маңының халқы толыққанды болмағанмен санаққа енді, бірақ Орал мен Қостанай губерниялары бойынша бұл категориядағы халық кірмей қалды. 1920 жылғы ауыл шаруашылығы санағы бойынша ауылдың халқы Қазақстан бойынша 4 369 930 адамды құрады, демографиялық санақпен салыстырғандағы айырмашылық 10 013 адам, яғни 0,2 % ауытқу болды. Бұндай ауытқушылық, бір жағынан есептеу тәсілінің айырмашылығынан, яғни демографиялық санақтың тек 1920 жылдың 28 тамызындағы халықты ғана қамтуы болса, ал ауылшаруашылық санағы бір күнмен шектелмей, халықтың есебін айлар бойы жинады. Екінші жағынан, ауылшаруашылық статистикасына сол саланың элементтері ескеріле отырып жүргізілген ауыл типіндегі Каширск секілді қалалар, Қазақ АКСР ОСБ-ы ескерусіз қалдыра алмаған 50 мың халқы бар Алтай губерниясының (Лаптев, Локтев, Угловск және Алексеевск) төрт болысының мәліметтері енгізілді. РКФСР ОАК Төралқасының 1921 жылдың 13 маусымындағы қаулысына сәйкес, «Экономикалық жағынан Қазақстанға жақын Алтай губерниясының қазақтары басым Змеиногорск уезінің88… Алексеев, Лаптев, Углов және Локтев болыстықтары Семей губерниясының қарамағына берілді. Кейін 1921 жылдың 21 қарашасындағы қаулы бойынша бұл аталған болыстықтар Семей уезінен бөлініп, Алтай губерниясының Змеиногорск уезіне қосылды»89. Және ауыл шаруашылығы санағының қорытындысына Астрахан губерниясы Красноярск уезінен Бөкей губерниясына қосылған Синемор, Сафронов, Ганюшкин және Николаев болыстықтары да енген жоқ90.
Ауыл шаруашылығы статистикасына қажетті түзетулерді енгізе отырып, яғни Каширск (8 153 адам) және Алтай губерниясының жоғарыда аталған төрт болыстығын (50 мың адам) алып тастап, ал Бөкей губерниясының аталған төрт болыстығын (15 363 адам) қосқанда, ауыл шаруашылығы санағы бойынша ауылдың бар халқы (теміржол маңын есептемегенде) 4 326 860 адамды құрады немесе демографиялық санақпен салыстырғанда, 32 957 адамға (0,75 %) артық болды91.
Ауыл шаруашылығы санағы екі айдан астам уақыт жүргізілді, онда санақ жүргізілген күнгі халықтың демографиялық санаққа енбеген категориясы да ескерілді. Бұл категорияны 1920 жылғы ауыл халқы, яғни бұрынғы өкімет пен қызыл әскер қатарына шақырылған казактар, азамат соғысы барысында шаруашылықтарын тастап, өз ауылдарынан безген бейбіт халық құрады.
Сонымен, 1920 жылдың 28 тамызында жүргізілген Бүкілресейлік санақ мәліметтері және сол жылғы ауылшаруашылығы санағы деректерін қосқанда, Қазақ АКСР-інің халық саны төмендегідей болды:
Дерек: Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 64.
Сонымен, 1920 жылдың санақтары бойынша Қазақ АКСР-інің халық саны 4 938 383 адамды (әскери бөлімдерді есепке алмағанда) құрады.
Қазақ АКСР халқының тарихын талдауда алдымен, халықтың орналасу тығыздығына тоқталамыз. Халықтың тығыздығы – сол жердің халқының қандай кәсіппен айналысуының басты көрсеткіші. Қазақ АКСР жалпы экстенсивті мал шаруашылықты және әртүрлі дамудағы тыңайған – ауыстырмалы жүйедегі егістік жерлерден құралды. Республикада орналасу тығыздығы жоғары уездер қатарына Орынбор (бір кв. верстке 20,9 адам) және Каширск (25,9), ал тығыздығы төменге Шалқар (0,7 адам), Торғай (0,6) және Адай уездері (0,3) жатты.
Қазақ АКСР-і бойынша халықтың тығыздығы орташа есеппен бір кв верстке 2,5 адамнан келді. 1920 жылдың санақтары бойынша Қазақ АКСР-інің орналасу тығыздығы мынадай болды:
Дерек: Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 68-69.
Республика халқының қала мен ауылда орналасуы төмендегідей болды:
Дерек: Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 72.
Қазақ АКСР бойынша қала халқы 8,3 %-ды құрады. Қала халқы сан жағынан Орынборда (172 786 адам), Оралда (51 315 адам) және Семейде (96 519 адам) басым болды92.
Халықтың жас/жыныстық құрамы 1920 жылдың деректері бойынша 100 адамға төмендегіше келді:
Дерек: Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 72.
Торғай мен Адай уездерін есептемегенде, қалалардағы әйелдердің саны басым болды:
Орыстар мен татарлар шоғырланған қалаларда әйелдер, ал қазақтары көп қалаларда еркектер көбірек болды.
Ауыл халқы арасында әйелдері басым губерниялар:
Ал керісінше, еркектердің басымдығы мына губерниялардан байқалды:
Статистика ғылымы әйелдердің еркектерден сан жағынан басым болуын еркектердің әйелдерге қарағанда, қауіп-қатерге жақындығымен түсіндіреді.
1920 жылғы санақ бойынша 14 және оған дейінгі, 60 және одан жоғарғылар еңбекке жарамсыз, ал 15 пен 19, 50 мен 59 аралығындағылар жартылай еңбекке жарамды, ал 20 мен 49 аралығындағылар еңбекке жарамды деп танылған. 1920 жылғы санақ бойынша Қазақ АКСР-інде 34,1 % еркек пен әйел (қалада – 38,1 %, ауылда – 33,7 %) еңбекке жарамды; ал халықтың 15,6 %– ы – жартылай жарамды (қалада – 16,9 %, ауылда – 15,4 %) деп танылды. Егер бұл категорияны еңбекке жарамды деп танысақ, онда Қазақ АКСР-і үшін соңғысы халықтың 41,9 %-ын құраған93.
Сонымен, әрбір 1000 тұрғынның 419 адамы еңбек жасында, ал осы 419 адамның еңбегімен күн көретіні, яғни 581-і – еңбекке жарамсыз деп табылды.
Қазақ АКСР халқының ұлттық құрамы жағынан басымы:
Дерек: Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 78-79.
Ауыл халқы ұлттық құрамы жағынан губерниялар бойынша төмендегідей сипатталды:
Дерек: Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 79.
Сонымен, Қазақ АКСР-інің қалаларында 38 ұлт өкілдері тұрып, сан жағынан орыстар (72,8 %) басым келсе, ал ауылда сан жағынан басымы қазақтар (50,3 %), одан кейін орыстар (31,3 %), украиндар (14,4 %), татарлар (1,6 %), немістер (1,3 %), мордвалар (0,7 %), белорустар (0,1 %) болған94.
85
Предварительные итоги переписи населения 28 августа 1920 г. Труды ЦСУ. – М., 1921. Т. 1. Вып. 2. С. 11 – 13; 15 – 17.
86
Сонда.
87
5 058 555 (Статистический ежегодник. 1918 – 1920. – М., 1921. Т. 8. Вып. 1. – С. 2 – 3); 4 781 261 (Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 62); 4 610 278 (Сборник статистических сведений о движении населения, скота и урожаев по КССР с 1880 по 1922 гг. Таблицы. – Оренбург, 1925. – С. 18 – 19).
88
Справочник по административно-территориальному делению Казахстана (август 1920 – декабрь 1936). – Алма-Ата, 1959. – С. 17.
89
Сулькевич С.И. Административно-политическое строение СССР. – Л., 1927. – С. 171 – 172.
90
Сонда, 166-б.
91
Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 63.
92
Предварительные итоги переписи населения 28 августа 1920 г. Труды ЦСУ. – М., 1921. Т. 1. Вып. 2. – С. 11 – 13; 15 – 17.
93
Предварительные итоги переписи населения 28 августа 1920 г. Труды ЦСУ. – М., 1921. Т. 1. Вып. 2. – С. 74 – 75.
94
Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 80.