Читать книгу 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы - К. А. Саркенова - Страница 5

1-тарау
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АВТОНОМИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕ
1.3. Халықтың сауаттылығы

Оглавление

1920 жылдың демографиялық санағы бойынша ана тілінде оқып, жаза білген әрбір адам, сонымен қатар мектеп табал-дырығын аттаған әр оқушы сауаттылар қатарына кірді. Қазақ АКСР-інің 4 781 263 халқына санақ бойынша 683 679 сауаттыдан келді, оның 450 693-і ер адам, 232 986-сы әйел адам болды. Сонымен әрбір 100 адамға 14,3 % сауаттыдан, оның – 19,1 %-ы ер адамға, 9,6 %-ы – әйел адамға келді95.

1897 жылы Ресейде жүргізілген санақпен салыстырсақ, арада өткен 23 жылда Қазақ АКСР-індегі сауаттылық процесінің өте баяу жүргені аңғарылады:


Халықтың сауаттылығы (%-бен)96


1920 жылғы санақ бойынша, Қазақ АКСР халқының сауаттылығы губерниялар бойынша төмендегідей:

Дерек: Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – 99-б.


Сауаттылығы жағынан қала халқы, келімсектер мен қоныс аударғандар басымырақ болды, мысалы, 1920 жылғы санақ бойынша Қазақ АКСР-інде сауаттылығы жағынан бірінші орында латыштар, литвалықтар, чехтар мен словактар, мадьярлар тұрды (59,5 % және 95,0 % аралығы).

Қостанай губерниясында бірінші орынды еврейлер (43 % және 80,1 % аралығы), одан кейінгі орынды поляктар, немістер, орыстар (26,5 % және 30,2 % аралығы) және татарлар (кей губернияларда орыстардан да жоғары, мысалы, Қостанай губерниясында 34 %) алды. Қазақтар Орынбор губерниясында 9,9 %, ал

Орал губерниясында 0,1 % сауатты болды97.

Сонымен, 1920 жылдың 28 тамызында кеңестік алғашқы санақ, ал 1926 жылы Бүкілодақтық екінші санақ жүрді. Екі санақ аралығында іріктелген санақтар өтті, бірақ санақтың бұл түрі Қазақстанда тек 1922 жылдан басталды. Халық санын анықтаудағы ең қиыны – 1921 жыл. Егер 1920 жылғы санаққа жүгінсек, республика халқы 4 938 383 адам болды, бірақ бір жылдан кейін бұл өзгерді. Республикаға 1921 жылдың аштығы ауыр тиді. «Қазақ АКСР-індегі аштық шаруаларды отырған жерлерін тастап, қалаларға шоғырлануына алып келді. Олардың арасында эпидемия мен аурудан, аштықтан шетінеу көбейді»98, әрине, өлімнің көбеюіне шала тамақтану, оның салдарынан организмнің әлсіреуі, ауруға шалдығу, санитарлық-тұрмыстық жағдайдың нашарлауы, дәрігерлік көмектің, дәрі-дәрмектің жетіспеуі әсер етпей қойған жоқ. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатында бұл мәселеге қатысты деректер шоғыры сақталған99.

Құрғақшылық салдарынан туындаған аштықтан республика халқы жойылып кетудің сәл-ақ алдында қалды100. Адамдар тамақ орнына шөп тамырларын, өсімдік жапырақтарын жеді. Кейбір аудандарда олар ит, мысық тағы да басқа ұсақ жәндіктермен және қоймалардан ұрлап алынған терілермен қоректенді. Орал губерниясында, т.б. жерлерде адам етін жеу кездесті. Аштық жайлаған аудандарда ұрлық, кісі өлтіру қылмыстары белең алды, аштық салдарынан есінен адасу фактілері кездесті.

Жұт салдарынан бар малынан айрылған, нәтижесінде аштыққа ұшыраған даланың көшпелі қазақтары бүкіл отбасыларымен қыстауларда қырыла бастады. Аштыққа ұшырағандардың жалпы саны республикада 1 476 985 адам болды, оның 558 392-і балалар еді101. (1922 – 1923 жылдардың дерегі бойынша, республикадағы ашыққандардың ең жоғарғы көрсеткіші – 2 305 321 адам болған102). Олардың губерниялар бойынша таралуы: Орынборда – ересектері – 138 339, балалар – 209 671; Ақтөбеде – ересектері – 171 389, балалар – 134 000; Қостанайда – ересектері – 217 365, балалар – 96 935; Оралда – ересектері – 123 600, балалар – 103 500; Бөкейде – 100 000 адам; Адай уезінде – 75 000 адам; Семейде – 5 616 адам; Ақмолада – ересегі – 92 000, балалары – 9 670 болды103. Қазақстан бір жыл ішінде шамамен 1,4 млн. адамынан айрылды. Кейбір деректер бойынша республика халқы 1921 жылы 3 596 999104 адам, оның 3 208 900-і ауылда, ал 388 099-ы қалада тұрған. Жоғарыда атап кеткеніміздей, Қазақ АКСР-інде 1922 жылдан бастап іріктелген санақ басталды. Мақсаты – аз қаржы жұмсап, халық, мал басы, егістіктегі өзгерістерді есептеп, қорытынды шығару. Шығынды азайту мақсатында Бүкілресейлік статистика орталығы іріктеу санағына болыстық санақшыларды пайдалануды ұсынды, бірақ Қазақ АКСР-інің көптеген губернияларында бұндай қызмет түрі болған жоқ әрі Қазақ АКСР-і аумағының шашыраңқылығы, халықтың жартылай сауатсыздығы, байланыс жүйесінің нашарлығы болыстық статистиктер арқылы іріктеу санағын жүргізуде жеткілікті нәтижелер бермеді. Сондықтан Қазақ АКСР-і статистика басқармасына қаржы қиындығына қарамастан экспедициялық әдісті қолдануға тура келді.

Бұл санақ түрінің формулярына мыналар кірді:

1) Мекендердегі үй қожайындарының тізімі;

2) Орал облысынан басқа губерниялардың барлығына арналған 1923 және 1924 жылдардың егістік пен мал басына, халық санына арналған тіркеу қағазы, яғни Орталықтың бағдарламасы бойынша әрбір шаруашылыққа арналып құрастырылған карточка;

3) Оған қосымша – астық-жемшөптік баланс карточкасы – ол Ақмола, Бөкей, Қостанай губернияларының әрбір төртінші шаруашылығына, Орынбор губерниясында сұрастырылған шаруашылықтың 100 %-ына арналып құрастырылды. Астық-жемшөптік карточка 1923 жылғы шаруашылық элементтерінің кіріс-шығысын, 1924 жылдың көрсеткішін тексеруге арналды.

4) Жергілікті нарықтың көлемі мен шаруашылықтың тауарлылығын анықтау мақсатында орталықтың бағдарламасы бойынша сұрастырылған шаруашылықтың 6–7 %-ызын қамтыған шаруа шаруашылықтарының нарықтық айналым карточкасы (Қазақ АКСР-і ОСБ-ның нұсқауымен кеңес шаруашылықтарына таратылған арнаулы карточка-анкеталар)105. Сонымен, 1923 жылғы ауыл шаруашылығы іріктеу санағы бойынша шаруа шаруашылықтарының жалпы саны 675 686, Адай уезін есептемегенде, 1920 жылғы Бүкілресейлік ауыл шаруашылығы санағы бойынша тіркеуге алынған шаруашылықтардың саны 836 030 болды, сонда 1920 – 1923 жылдары шаруашылықтар санының

19,2 %-ға кемігені аңғарылады. Сонымен Адай уезін есептемегенде, халықтың жалпы саны – 3 801 521 адам106, оның ауылдағысы – 3 356 492, қаладағысы – 45 092 адамды құрады (1920 жылы халық саны 4 938 383 адам107, 1921 жылы халық саны – 3 596 999 адам108, ал 1922 ж. – 3 795 963 адам109 болғанын ескере кеткен жөн). 1921 жылғы аштықты ескергенде, үш жылдағы халықтың жалпы шығыны 21,2 %-ды құрайды. 1920 және 1923 жылдардағы халық санындағы кей губернияларда болған өзгерістер төмендегі кестеде %-бен көрсетілген:


Дерек: Статистический вестник. 1924. № 4. – 89-б.


Сонымен 1923 жылғы санақ бойынша ҚазАКСР-інің халқы

3 801 521, оның ауылдағысы – 3 356 429, қаладағысы – 445 092 адам болды. Біз жоғарыда 1923 жылдың ауылшаруашылық санағы қорытындыларын сараладық. Енді 1923 жылы өткен Бүкілодақтық қала санағы материалдары мен басқа деректерді пайдалана отырып, қала халқының құрамын талдайық. 1923 ж.

15 наурызда қалалар мен қала типіндегі қоныстарда бір күндік қалалық санақ өтті. Бұл санақ жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде сауда мен өнеркәсіптің неғұрлым шоғырланған жері қала мен қала типіндегі кенттердің халқының құрамындағы өзгерістерді анықтау мақсатында жүргізілді.

Халықтың есебі бұл санақта жеке парақ, отбасылық және пәтерлік карта делінетін үш формуляр түрінде жүргізілді. Жеке парақ кәдімгі демографиялық санақ бағдарламасының қысқартылған түрінде берілді әрі: жынысы, жасы, ұлты, отбасылық жағдайы, негізгі және қосымша кәсіп түрі, мансабы немесе мамандығы, әлеуметтік жағдайы, жұмыс орны, жұмыссыз ба және қай уақыттан бері, қандай мамандығы бар, сонымен бірге соңғы жұмыс орны қайда болды, ал егер оқитын болса төлемақы ала ма, егер жұмысы болмаса, жұмысқа жарамсыз ба, ауыл шаруашылы саласында қандай шаруашылық түрімен байланысы бар110 деген сұрақтарды қамтыды.

1923 жылғы санақта 1920 жылы өткен санақтың еленбеген жақтарына ден қойылды. Өндіріс орындарының жинақтық мәлімет кестелерінде мемлекеттік, кооперативтік және жеке меншіктік өнеркәсіп түрлері әлеуметтік жағынан жіктеліп, 1920 жылдың мәліметтерімен салыстырыла көрсетілді. Материалдардың бұндай жиынтығы қала мен қаланың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін зерттеуде ғылым үшін таптырмас дерек көзі болды111.

Орталық статистика басқармасы 1923 жылғы қала халқы санағының материалдары қорытындыларын 1924 – 1925 жылдары ел, аймақ және ірі қалалар бойынша жариялады112.

Сонымен осы санақ және басқа да материалдар бойынша Қазақ АКСР-інің қала мен қала типіндегі халық саны төмендегіше болды:


Қалада жүргізілген санақ бойынша, Қазақстанның 44 қаласы мен қала типіндегі қоныстардың халқы 446 323, оның 217 032-сі ер адам, ал 329 291-і әйелдер болған113.

Қазақ АКСР-індегі қала халқы жынысы жағынан төмендегіше бөлінген:


Дерек: Харлампович К. Национальный состав КССР по переписи 1923 г. // Статистический вестник. 1924. № 5. – С. 65 – 66.


Кесте көрсетіп отырғанындай, Қазақ АКСР-інде әйелдер еркектерден 51,4 %-ға, ал орыстардың арасында тіпті 53 %-ға дейін басым болды. К.Харламповичтің пікірінше әйелдердің еркектерден басым түсуі орыс мемлекеті үшін үйреншікті жағдай, ал соңғы он жылдықта оның ұлғаюы дүниежүзілік соғыс пен азамат соғысына байланысты орын алған114.

Керісіше, ер адамдардың әйелдерден басымдылығы қала қазақтарына тән болған: ер адамдар – 57,2 %, ал әйелдер – 42,8 %. Сонымен қатар ер адамдардың басымдылығы мадьярлар (124 еркек, 13 әйел), латыштар (298 ер адам, 194 әйел), эстондар (93 ер адам, 67 әйел), литвалықтар (114 ер адам, 72 әйел), чехтар (87 еркек, 39 әйел) арасында кездеседі. Басқа ұлттардың арасында еркектердің басымдылығы қытайлар (111 еркек, 10 әйел), кәрістер (44 еркек, 8 әйел), шеркештер (28 еркек, 8 әйел), армяндар (43 еркек, 16 әйел), түріктер (48 еркек, 11 әйел), әсіресе, башқұрттар (245 еркек, 148 әйел) арасында болды115.

1923 жылғы санақ бойынша қаланың 446 323 адамы ұлттық құрамы жағынан төмендегіше жіктелді: орыстар – 308 272 адам (69,0 %), татарлар – 62 497 (14,0 %), қазақтар – 39 337 (8,8 %), украиндар – 18 979 (4,3 %), белорустар – 4 373 (1,0 %), еврейлер – 3 633 (0,8 %), немістер – 3 236 (0,5 %), поляктар – 1 811 (0,4 %), мордвалар – 785 (0,2 %), «батыс еуропалық ұлт өкілдері» – 1 401 (0,3 %), «орта азиялық ұлт өкілдері» – 1 483 (0,3 %), «басқалары» – 1 516 (0,4 %).

Қала халқы 12 ұлттық топқа бөлінді, ең ірісі орыстар, екінші орында татарлар, үшінші орында қазақтар тұрды. Одан кейінгі қала халқы ішіндегі сан жағынан басымдарға украиндар, белорустар, еврейлер, немістер, поляктар, мордвалар жатты116.

«Батыс еуропалық топқа» (поляктар мен немістерден басқа) Батыс Еуропаның көптеген өкілдері: латыштар (492 адам), литвалықтар (185 адам), эстондар (160 адам), мадьярлар (137 адам), чехтар мен словактар (117 адам) кірді. Орта Азия халықтары өкілдерінен сарттарды (876 адам), бұқарлықтарды (415 адам) атауға болады. Соңғы «басқа ұлт өкілдері тобына» 20 халық өкілі мен санақ кезінде ұлты белгісіз болған 200 адам жатты. «Басқа ұлт өкілдері» ішінен саны жағынан башқұрттар (393 адам), сығандар (264 адам), чуваштар (112 адам), қытайлар (121 адам), парсылар (82 адам), түріктер (59 адам), кәрістер (52 адам) болды. Қалған ұлт өкілдері бірлі-жарымды (оның ішінде египеттік феллагтар да кездесті)117 құрады.

Санақ материалдары бойынша Қазақ АКСР-інде қала халқы ішінде қазақтардың үлесі өте аз (8,8 %). Бірақ қазақтардың үлесі әр губернияларда әртүрлі болды. Қостанай мен Орынборда 1,7 %-дан 1,1 %-ға дейін төмен, Семейде – 15 %-ға, Бөкейде – 35,7 %-ға, Торғайда – 57,2 %, ал Адай уезінде, тіпті, одан да жоғары болса, ал Ақтөбе, Ақмола, Орал губернияларында қазақтардың үлесі орташаға жақындады.

Қазақ АКСР-інің қала халқының ішінде 1920 ж. мен 1923 ж. санақтары аралығында қазақтар 1,6 %-ға өскен (7,2 %-дан 8,8 %– ға дейін). Бұл көрсеткіш Орынбор, Ақмола, Орал, Қостанай (1,1 %-дан 2,6 %-ға дейін) губернияларында шамалы ғана болса, ал Бөкей губерниясында (18,6 %), Торғай уезінде (33,9 %) біршама жоғары көтерілген. Керісінше, Ақтөбе мен Семей губернияларында қалалық қазақтардың үлесі азайған (1,3 %-дан 0,7 %-ға дейін)118 азайған.

Енді қысқаша 1924 – 1925 жылдардың мәліметтеріне тоқталайық. Қазақстан халқы 1923 жылмен салыстырғанда, 1924 ж.

336 420 адамға, ал 1925 ж. – 1 863 282 адамға көбейген119.

1924 – 1925 жылдардағы халықтың санын, орналасуын, жыныстық құрамын губерниялар бойынша төмендегіше сипаттауға болады:


Деректер: 1. Обзор народного хозяйства Киргизской АССР. 1924 г. – С. 4 – 7. 2.Обзор народного хозяйства Казахской АССР. 1925 г. – С. 4 – 7.


95

Сонда, 97-б.

96

Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 80.

97

Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 99 – 101.

98

Стенографический отчет 2-Всекиргизской концеренции РКП(б). 19 – 27 февраля 1922 г. – Оренбург, 1922. – С. 73.

99

Обращение ЦК РКП(б) к продовольственникам. – Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 139-қ., 1-т., 37-іс, 10-п.; Сведения о голодающих губерниях КССР.– Сонда, 139-қ., 1-т., 336-іс, 19 – 20-п.; КССР. Центральная комиссия по оказанию помощи голодающими населению при КирЦИК. – Сонда, 16 – 18-п.; Краткий отчет о работе ЦК ПГ при КЦИК и положение голодающих губерний КССР за июль 1922 г. – Сонда, 29 – 41-п.

100

Закрытые письма секретарей губкомов РКП(б) (Кустанайского, Акмолинского, Актюбинского, Оренбургского, Уральского, Букеевского, Семипалатинского). – Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 139-қ., 1-т., 363-іс, 63 п.; Протоколы, докладные комиссии помощи голодающим при КирЦик-е. – Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 139-қ., 1-т., 336-іс.

101

Стенографический отчет 2-Всекиргизской концеренции РКП(б). 19 – 27 февраля 1922 г. – Оренбург, 1922. – С. 75.

102

План работ ЦК ПомГол при КЦИК на 1922 – 1923 гг. – Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 139-қ., 1-т., 336-іс, 45 – 46-п.

103

Стенографический отчет 2-Всекиргизской концеренции РКП(б). 19 – 27 февраля 1922 г. – Оренбург, 1922. – С. 75.

104

Сборник статистических сведений о движении населения, скота и урожаев в КазАССР с 1880 – 1922 гг. Таблицы. – Оренбург, 1925. – С. 18 – 19.

105

Статистический вестник. 1924. № 4. – С. 139 – 140.

106

Сонда, 88-б.

107

Статистико-экономический обзор. – С. 64.

108

Сборник статистических сведений о движении населения, скота и урожая. – С. 18-19.

109

Сонда.

110

Массовые источники по социально-экономической истории советского общества. – С. 26.

111

Сонда.

112

Труды ЦСУ. Т. XX. М.,Ч. 1 – 4. 1924 – 1925: Ч. 1.Общие предварительные сведения о городах и их населении: вып. 1. Европейская Россия и Юго-Восток; вып. 2. Азиатская Россия, Белорусия, Украина, Закавказье. Ч. ІІ. Насление городов СССР по занятиям: вып. 1. Европейская Россия; вып. 2. Украина; вып.3. Крым, азиатская часть РСФСР, Белорусия; вып. 4. Распределение городского населения по главным отраслым труда. Ч. ІІІ. Население городов СССР по возрасту, занятиям и семейному состоянию. Ч. ІV. Побочные занятия городского населения. Несамодеятельное население по занятиям самодеятельного. Национальный состав населения. Итоги переписи семей.

113

Харлампович К. Национальный состав КССР по переписи 1923 г. // Статистический вестник. 1924. № 5. – С. 55.

114

Сонда, 66-б.

115

Сонда, 67-б.

116

Сонда, 55-б.

117

Сонда, 55 – 56-б.

118

Сонда, 57-б.

119

Обзор народного хозяйства Киргизской АССР. 1924. – С. 4 – 7; Обзор народного хозяйства Казахской АССР. 1925. – С. 4 – 7.

1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы

Подняться наверх