Читать книгу Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов - Страница 11
Қолтаңба
АНТИКАЛЫҚ ӨРКЕНИЕТ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА БОЛҒАН
ОглавлениеУ.Х. ШӘЛЕКЕНОВ,
тарих ғылымдарының докторы, профессор
Бұл проблема алғаш рет күн тәртібіне қойылып отыр. ХІХ және ХХ ғасырларда әлем халықтарының тарихы тамаша жаңа деректерді жинады. Соның негізінде кейбір тарихи көнерген көзқарастарды, концепцияларды қайта қарайтын уақыт жетті. Сондай проблемалардың бірі антикалық өркениеттің пайда болған аймақтарын қайта қарау өзекті мәселелердің бірі деген пікірдеміз.
Алғашқы қоғам адам баласының тарихында ең ұзақ уақыт алғаны баршаға мәлім. Ол екі кезеңге бөлінеді: Алғашқы қоғам және Антикалық (құлшылық құрылыс). «В эпоху возрождения термин «античный»; в отличии от «варварского», с одной стороны, и «средневекового» – с другой [1].
Ежелгі қоғамның Антикалық дәуірінде б.з.б. 3 мыңыншы жылдарда Мысырды, Алдыңғы, Оңтүстік және Шығыс Азияларда алғашқы өркениет болып жер шарының басқа бөліктерінде жасаған халықтар жабайылықта (варварлар) өмір сүрген деп әлем тарихынан оқып келеміз. Дәлірек айтқанда, өздерінің дамуы бойынша алға кеткен халықтарды өркениетті, артта қалғандарды өркениетке жете алмағандар деген тұжырым жасаған. Сол артта қалған жабайылардың қатарына Орталық Азияның автохтондық түркі тілдес халықтардың бабаларын жатқызған. Тарихқа мұндай көзқарас қазіргі заман талабына жауап береді. Соңғы ғасырлардағы ғаламат жиналған деректерге негізделіп, әлем тарихының көнерген жақтарын қайта жаңғыртатын уақыт жетті.
Ежелгі дүние (Древний мир) б.з.б. 800-100 мың жылдарда алғашқы адамдар пайда болды деген түсінікті ескеріп, Африканың шығысындағы Кения, Эфиопия жерлерінен б.з.б. 4 млн жылдарда жасаған алғашқы адамдардың қонысы ашылды [2]. Қазірше, жер бетінде адамдардың пайда болған жылдары төрт есе көбейді.
Орталық Азияның көптеген аймақтарынан, соның ішінде Қазақстаннан палеолит ескерткіштері ашылды. Бұл регионның бәріне тоқталмай-ақ, тек Қазақстаннан соңғы кездердегі тас дәуірін зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, осы дәуірге жататын ескерткіштер егеменді еліміздің барлық аймақтарынан табылып, олар тас дәуірінің мәдениетінен мәлімет береді. Қорытып айтқанда, біздің жерімізден палеолит дәуірінің 65 ескерткіші, мезолит дәуірінің 27 ескерткіші және неолит дәуірінің 54 ескерткіші ашылып [3], олардың ұзын саны 146-ға жетті.
Келтірілген деректерге қарағанда, тас дәуірін зерттеуші ғалымдарымыз елеулі еңбек етіп, бұрын-соңды зерттелмей келген ескерткіштерді кең көлемде ашып, Орталық Азия, оның ажырамас бөлігі Қазақстан да алғашқы адамдардың өрбіген аймақтарының бірі екенін дәлелдеді. Соған қарағанда, Азия құрлығы, оның орталық регионы моңғолоидтық нәсілді адамдар өрбіген аймақтардың бірі болып тұр. Бұл археологтарымыздың әлем халықтарының тарихына қосқан сүбелі үлестері екенін еш тар- тынбай айтуымыз қажет.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің де өз үлесін қосып жатқанын айту парыз. 1971 жылы ұйымдасқан «Археология және этнология кафедрасы» егеменді елімізге қажырлы жұмыс істейтін археологтар мен этнологтардың ұясына айналды. Оларды Республиканың барлық аймақтарынан кездестіргенде қуанышқа бөленеміз. Жас мамандар археологиялық зерттеулерге қатысып, аталары Әлкей Хақанұлы Марғұланның бастаған тарихи мұраларды зерттеу жұмысын жалғастыруда. Әсіресе, 2003 жылы Казақстан Республикасының тұңыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен ұйымдасқан «Мәдени мұра» жоспары бойынша еліміздегі өте бай археологиялық және сәулеттік ескерткіштерді зерттеу, оларды қайта жаңғырту жұмыстары кешенді іске асырылуда. Ескерткіштерге мұндай қамқорлық алғаш рет болып отырғанын барша халық біледі. Қазіргі кезде осы «Мәдени мұра» бағдарламасы кең көлемде етек жаюда.