Читать книгу Халықаралық транспорт операциялары - М. Байгісиев - Страница 2
І-тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРҒА ТРАНСПОРТТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ОглавлениеҚазіргі жедел өзгерісті әлемде бірқалыпты транспорт қызметінің рөлі арта түсуде. Көліктің жол бағдарлары .бүгінде әлемдік қоғамдастықтың күнделікті өмірін қамтамасьыз ететін өмірлік маңызды артерия болып табылады.
Халықаралық экономикалық байланыстарды жүзеге асыруда транспорт тауардың (жүктің) және адамның (жолаушылардың) екі немесе одан да көп мемлекет арасында тасымалдануын қамтамасыз етеді, яғни халықаралық қатынастарға қатысады. Тасымалдауда қолданылатын транспорттың нақты түрлеріне теңіздік, өзендік, әуе, теміржол, автомобиль, құбыр тасымалдаушылары жатады. Жүктің немесе жолаушылардың халықаралық тасымалында дәйекті түрде екі немесе одан да көп транспорт түрі пайдаланылатын жағдайларда аралас (құрамдас) қатынастар орын алады. Егер бұл қатынастар қатысушы транспорттың барлық түрлеріне тиесілі бір ғана транспорттық құжатпен рәсімделсе, мұндай қатынас тікелей аралас қатынас деп аталады.
Отандық әдебиетте соңғы уақыттарда тікелей аралас тасымалдауды анықтауда жаңа мультимодальды және интермодальды тасымалдар терминологиясы қалыптасты. Біріншісінде транспорттың әрбір түрінің ұзақ қашықтыққа тасымалдары туралы айтылса, екінші термин бірнеше мемлекеттік шекараларды кесіп өтумен байланысты (яғни, халықаралық) тасымалдауды білдіреді. Сондықтан, біз бұл оқу құралында тікелей аралас тасымалдаудың синонимі ретіндегі екінші терминді ұстанатын боламыз.