Читать книгу Халықаралық транспорт операциялары - М. Байгісиев - Страница 6
ІІ-тарау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ОглавлениеХалықаралық жүк және жолаушы тасымалында тасымалдау құралдары, транспорттық байланыстар және транспорттық кешендер объектілерінде капитал сыйымдылығы бойынша үлкен айырмашылықтар бар. Осыған байланысты транспорттық бизнес жеке капитал үшін тәуекелді қажет етеді.
Халықаралық қатынастарға қатысушы мемлекеттің ұлттық транспорттық өнеркәсіп қызметтерін кеңейту бағытындағы мүдделері, әрдайым бірыңғай жүктерді және жолаушыларды тасымалдау, сонымен қатар тасымалдауға байланысты құқықтық норма мәмілелері және тағы басқа мәселелерді шешу мақсатында халықаралық ынтымақтастыққа бірігуге мүдделі болады.
Осындай ортақ мүдделілік нәтижесінде транспорттың жеке түрлеріне байланысты көптеген халықаралық келісімдер бекітілді. Оны бүгінгі таңда «Транспорттық конвенция» деп атайды.
Халықаралық транспорттық конвенцияларда халықаралық қатынастарға сәйкес келетін жүк және жолаушы тасымалы келісімдері көптеп кездеседі.
Келісімдерге сәйкес транспорттық ұйымдардың бір жағы белгіленген пунктке жүкті немесе жолаушыны жеткізіп салу міндетін алса, екінші жақ жүк иесі тасымалдаушыға белгіленген пунктке жеткізіп бергені үшін ақы төлеуді міндетіне алады. Басқа тасымал келісімдері көрсетілген міндеттерді айқындап, түсіндіріп, толықтырады. Транспорттық конвенциялар халықаралық тасымалда қабылданатын негізгі реквизиттерді, транспорттық құжат формаларын анықтайды. Транспорттық құжаттың кең таралған екі типі бар. Олар: жүк құжат (накладная), (теміржол, әуе және автомобиль қатынастарына арналған) және коносамент (теңіз және өзен қатынастарына арналған) құжаттар.
Халықаралық тасымалдарды жүзеге асырудың құқықтық негіздері келесідей:
• Халықаралық тасымал туралы конвенция мен келісімдер;
• Халықаралық тасымалдың заңнамалық негіздері;
Ұлттық транспорттық кәсіпорындарда халықаралық тасымалдауда қолдануды кеңейте түсу үшін мемлекеттер халықаралық ынтымақтастықтың ортақ шарттарын жасауға ұмтылады.