Читать книгу Практикалық археология - Ғани Омаров - Страница 1

АЛҒЫ СӨЗ

Оглавление

Берілген оқу құралы шаруашылық, қалалық және басқа да құрылыс жұмыстары кезіндегі мәдени қабаттары бар археологиялық нысандарды зерттеу барысында бүлінуге қауіп төнген жатдайда атқарылатын іс-шаралардың барысын, олардың түрлерін қарастырады.

Осындай оқу құралы соңғы жылдарда еліміздің барлық аймақтарындағы құрылыс жұмыстарының күрт өсіп, құлаш жаюы, жаңадан мыңдаған шақырым мұнай және газ құбырларының тартылуы, теміржол мен автомагистральдардың салынуы мәдени құндылықтарымызды сақтап қалу қажеттілігінен туындап отыр. Сонымен қатар оқу құралының басты міндеті – зерттеушінің мәдени қабаттардың орналасуы туралы сараптама нәтижесі барысында алынған ең аз деген мәліметінің де ғылыми маңызы болуы мүмкін екендігін түсіндіру. Аса құнды мәліметтер ғылыми есепте нақты және толықтай көрсетіледі. Себебі, бұл құжат құрылыстың аяқталуы және мәдени қабаттардың жойылуынан кейінгі жалғыз тарихи бірден-бір дерек болып табылатындығында.

Құрылыс нысандарында жұмыс жасайтын археологтар алдында құрылыс жүретін аймақтарға түскен археологиялық ескерткіштерді тез әрі берілген уақытында жан-жақты зерттеу міндеті тұр. Казақстанның көптеген қалаларында еліміздің әр аймақтарынан табылған жәдігерлер оқу орындарындағы музейлер, өлкетану мүйістерінің экспонаттары ретінде орын алған.

Қазіргі таңда далалық зерттеу жұмыстарына баса назар аударылу керек. Маман археологтардың квалификациясын өсіріп, археологиялық экспедициялардағы қазба жұмыстарына қатаң бақылау орнату қажет.

Сондықтан әртүрлі категориядағы археологиялық ескерткіштерді көп жылғы тәжірибеге және құрылыс аймақтарына түскен нысандарға сүйене отырып, оқу құралының авторы жас археологтар мен мамандардың назарына ескерткіштерді оқып, білудің қажеттілігін айтады.

Бүгінгі күн талабына сай заң шығарушы актінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып археологиялық нысандарға қатысты, оның ережелері мен қолданулары, жобамен жұмыс жасау және құжаттарды безендіру де сөз болады.

Практикалық археология

Подняться наверх