Читать книгу Практикалық археология - Ғани Омаров - Страница 5

1-бөлім. ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ ЗАҢНАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОРЫНДАУ МЕХАНИЗМІ
1.3. Жергілікті және құрылыс жұмыстары кезіндегі археологиялық нысандарды қорғау ережесі

Оглавление

Алдағы мемлекеттік заттарды тіркеу, қорғау, археологиялық мұраларды пайдалану мақсатымен құрылыс жұмыстары кезіндегі археологиялық нысандарды қорғау туралы құжат бар. Ол мемлекеттік органдардың құрамын, жергілікті және құрылыс жұмыстары кезіндегі археологиялық нысандарды қорғау туралы шараларды бекітеді. Бұл шаралар археологиялық ескерткіштердің шаруашылық және құрылыс нысандарына түскен жағдайда тіркеуге алынып зерттелуі керек. Ережеде археологиялық нысандардың шекарасы туралы түсініктеме беріледі:

Археологиялық нысандар – адамдардың тіршілік әрекетінен бастап жаңа тарихтың басталғанына дейін және арнайы археологиялық әдістердің негізінде пайда болған материалдық нысандар мен оның кешендері. Бұған ежелгі бекінісі бар (қалашық, қамал) және бекінісі жоқ (тұрақтар, ауылдар) қорғандар, транспорттық жолдар, мәдени орындар (қасиетті жерлер, жазуы, суреті бар тастар) және т.б. жатады. Археологиялық нысандардың шекарасын жер бөлігі құрайды.

Археологиялық нысандардың қорғалған аймағы – археологиялық нысанға Мемлекеттік тізімнің тарихи-мәдени құндылықтар қатарына кіргізілген археологиялық обьектіге «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ Заңы және «Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану заңдылықтарын бұзудағы қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейту туралы» 1993 жылғы 23 қарашадағы № 2493-ХІІ Қазақстан Республикасының Заңы қолданылады.

Құқықтық және физикалық тұрғыда адамдардың жер және құрылыс жұмыстарын жүргізу Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің арнайы шешімімен пайдалануға болады. Соның нәтижесінде бұл объектіні пайдалану мен қорғау жұмысы қарастырылады.

Арнайы ереже археологиялық объектердің өңдеу және қорғау жағдайларын жасау сұрақтарын зерттейді. Бұл археологиялық объектілер қалаларды дамытудың бас жобасына және т.б. жағдайларда, қала салу жобасына және т.б. жобалар кезінде қолданылады. Сонымен қатар іс-шаралар жиынтығы қарастырылған. Оларға:

– жобаланған құрылыс кезіндегі аумақтағы барлық жұмыс түріне шектеу қою;

– құрылыстың аумағын өзгерту;

– археологиялық объектінің инженерлік күзетін құру;

– археологиялық объектілерді ғылыми зерттеу;

– жер және құрылыс жұмысы кезіндегі күзет жұмысына археологтың бақылауы;

– Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын қорғау және басқа да құрылыс жиынтығындағы археологиялық объектерді консервациялауды қарастыру;

– жер және құрылыс жұмысы жүргізілетін объект;

– құрылыс аумағына кіретін тарихи-мәдени мұраның аты;

– бұл жұмысты атқарушы ұйым мен ғылыми зерттеудің мінездемесі;

– тарихи-мәдени құндылықтағы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізген және бұл жұмыс кезіндегі оны сақтауға жауапты адам жатады.

Барлық тарихи-мәдени құндылықтардың қатарында күзету аймағының бірнеше түрі бар:

– қорғау аймағы – бұл бұрын болған немесе жағдай жасалғаннан басқа, барлық жаңа құрылыстарға тиым салынатын аумақ;

– жүйелеуші қүрылыстьщ аймағы – оның режимі жаңа құрылыстың габаритын, шаруашылыққа негізделген объектілерді шектейді (ұзақтығы 100-300 м).

– қоршаған ортаны қорғау аймағы – оның аумағында жеңіл шаруашылық, ауылшаруашылық қызметтерінен басқа барлық жаңа құрылыстарға тыйым салынған;

– мәдени қабатты қорғау аймағы – ол көне тарихтың ақпаратын сақтайтын арнайы қуатты мәдени жинақталған қалаларда жасалынады. Қорған зираттарын қорғау зират шетінен бастап, қорғанға дейін 50 м созылған. Ал жеке қорғандарда – 15-20 м.

Қазақстан қалаларының тарихи құрылысының регенирациясымен қатар тарихи-мәдени объектілердің қорғауын өңдеу жұмысы нәтижесінде қалалардың тарихи орталықтарының аудандарына арналған мәдени қабаттың таралу аумағы мен шектеу мінезін негіздеу қолданылды.

Көне аймақтар мәдени тұрақтанудың арнайы қалың қабаты болған. Мысалы, органика жақсы сақталған қабаттың қалыңдығы 6-8 мге дейін болады. Ал алшақ орналасқан көне қалалардың мәдени қабатының қалыңдығы аздау болып келеді. Алайда, бұл жағдай үнемі сақталмайды. Мәдени қабаттың тарихи құндылығын көрсету кезінде, жинақтаудың қуаты көне объектілердің орналасуына тәуелді.

Қаланың мәдени қабатының қорғау зонасының жобасын құру кезінде археолог қол жетімді деректерді зерттеу керек, тарихи орталықтың дәл тексерісін өткізу керек, архитектураның бар ескерткіштеріне археологиялық ақпараттарды толықтай біріктіру қажет. Кейін қаланың заманауи жобасын оның тарихи орталығымен біріктіріп, ондағы бар мәліметтер арқылы мәдени қабаттың қорғау зонасындағы жеке жер аумағының режимін анықтауға болады. Сол себепті де, мәдени қабаттың қорғау аймақтары қаланың тарихи орталығының көлемінде бақылауда болуы қажет.

Қала салу қызметі мемлекеттік орталықтармен және қоғамдық орталықтармен жүйеленеді. Олардың бірі қаланың дамуы үшін және тарихи ортылығы үшін жауап берсе, басқасы субьектілердің қызметін бақылайды. Сол себепті мәдени қабаттың қорғалу қызметі бақыланып отырылады. Екі жақтың байланыса бірігіп қызмет етуі арнайы заңмен негізделеді. Әсіресе, Казақстан Республикасының «тарихи-мәдени тұрғындарды қорғау», «Архитектура жайлы», «Қала салу қызметі» жайлы заңдарында көрсетіледі. Өзара келісімге келу үшін, баға беру үшін қала салу қызметінде екі жақты да тең қарастырған заңды күші бар жоспарлар қолданылған. Оған күзет аймағы, бас жоспарлар кіреді.

Тарихи-мәдени тұрақты қорғау заңы ауданды жоспарлардың жобаларын өңдеуін шектеу, қалалар мен басқа тұрақтарды дамыту және қайта құру жұмысын қарастырады. Қорғау аймағын құруда түрлік қателіктері де бар:

– қорғау зонасының шекарасын дәл анықтамау (жергілікті орындарда жүйелі жобалауға шекаралар бекітілуі тиіс. Оның графикалық фиксациясын мәтіндік түрде суреттеу керек);

– қорғау зонасын қорғалатын нысанның жүйесін біріктіру;

– қорғау аймағының ұсынымдық және түсініктемелік режимінің түсініктемесі.

Қазақстан қалаларының тарихи орталығының жағдайын қарар кезде халықаралық құжаттардың методикалық түріне сай бақылау қажет. Оған ЮНЕСКО-ның ұсынысы жатады. Ол археологиялық қазбалардың халықаралық регламентін (1956), орындардың құндылығы мен ескерткіштерді қайта өңдеу мен концервациялаудың жұмысы (1987), археологиялық тұрақтарды қорғау мен қолдану туралы хартия (1996) сияқты бірқатар құжаттар кіреді.

Бақылау сұрақтары:

1. «Мәдени құндылықтар», «мәдени мұра», «археологиялық мұрағаттар» түсінігі халықаралық және республикалық құжаттарда қандай мағына береді?

2. Тарихи-мәдени мұраға қарсы қылмыс түрлері және олармен күресудің қандай жолдарын білесіңдер?

3. «Құрылыс және жергілікті қазба жұмыстарын жүргізу кезіндегі археологияжіқ нысандарды қорғау» жағдайына сипаттама бер.

4. «Қаланың тарихи орталығы» дегеніміз не? Қаланы құру қалай жүргізіледі?

5. Қорғалатын аймақтардың қандай түрлерін білесің? Мәдени қабаттарды қорғау аймағы нені білдіреді?

6. Мәдениет ескерткіштерін бұзғаны үшін қандай жауапкершілік көзделген?

Практикалық археология

Подняться наверх