Читать книгу Практикалық археология - Ғани Омаров - Страница 6
2-бөлім. АРХЕОЛОГИЯ ЕСКЕРТКІШТЕРДЕГІКЕЛІСІМ ШАРТТЫ БЕКІТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРЫНДАЛУ ШАРАЛАРЫ
2.1. Ескерткіштерді қорғауға байланысты шаралар
ОглавлениеШаруашылық қызметгегі өзгерістер қоршаған ортаның көптеген археологиялық ескерткіштерін құртуға алып келеді. Ал, мұндай жәдігерлердің кейбірі есепке тіркелмесе, біразы мүлдем табылмаған. Ескерткіштерді сақтау үшін археологиялық жұмыстардың ғылыми ұйымдастырылуы және фиксацияның, ғылымизерттеулердің дұрыс жолға қойылуын қатаң қадағалау қажет. Жыл сайын аудан, облыстарда археологиялық ескерткіштерді тексеру әрі жаңасын анықтау үшін арнайы жұмыстар жүреді. Алынған ақпараттар ғылыми есепке кіреді, кейін тарихи мәдени тұрақты қозғаушы ұйымға жеткізіліп, кейінгі бұл ескерткіштердің жағдайының амандығы қарастырылады. Бұзу, орын ауыстыру, ескерткіштің қалпын өзгерту жұмыстарын жүргізу үшін оларды нақты әрі толық зерттеу жұмысы мен фиксациясы жүруі қажет. Сол себепті құрылыстың, жолдың, т.б ескерткіштерді құртатын жұмыстар тарихи-мәдени тұрақты қорғаушы ұйым мен арнайы мамандандырылған археологиялық мекемелер мен орталықтардың келісуімен жүзеге асуы керек.
Ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз ету әртүрлі арнайы ісшаралар өткізу жайымен түсіндіріледі. Сол арқылы ескерткіштің жай күйі, олардың бұзылуына әсер ететін жағдайлар анықталады. Бұл жұмыс құрылыс орны мен ғылыми өңдеу орнының бірігіп істеген жұмысы болып табылады.
Құрылыс және археологиялық ескерткіштерді сақтау, ісшараларды жүргізуді бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің еншісінде.
Археологиялық ескерткіштерді қорғау іс-шарасының біріккен мәселелері төмендегі тұрғыда негізделеді:
• сақталуы құрылыс жұмысы кезіне немесе арнайы жағдайларға байланысты бүлінетін барлық археологиялық ескерткіштерді анықтау және тексеру;
• құрылыс және оның жағдайлары нәтижесінде болған шығынның мөлшерін анықтау;
• анықталған археологиялық ескерткіштерді сақтау, олардың техникалық маңыздылығын анықтау, экономикалық мақсатын, тағайындайтын тәсілдерін таңдау;
• археологиялық ескерткіштерді сақтау, жұмысының бағасы мен көлемінің жұмысын анықтау;
• археологиялық ескерткіштерді сақтау іс-шараларының нақты уақытын анықтау;
• археологиялық ескерткіштерді сақтау жұмысымен айналысатын арнайы мамандандырылған ұйымды анықтау.
Кейін бұлардың бәрі тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы және маманданған археологиялық ұйымның арасында келісіледі, жобаға қосылады.
Лицензия. Археологиялық зерттеу келісімі. Қазақстан Республикасындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу жұмысын ғылыми реставрациялық ұйымдар, мұражай мен мемлекеттік мекемелер, яғни қазба жұмыстарын жүргізу құқығына ие «Лицензиясы» бар арнайы археолог мамандар жүргізеді.
«Лицензияда» қызмет, жұмыс орны, аты жөні, тұрғын орнының аты, зерттеу орнының аты, жұмыс түрі көрсетіледі. «Лицензияға» тапсырыс берген ұйым, археологиялық зерттеудің сапасына жауапты болады және орындаушының мәлімдемесін тапсырады. Егерде бұл ереже сақталмаса, немесе қойылған талаптар орындалмаса, бұл ұйымды «Лицензияны» алу құқығынан айырады.
«Лицензияны» алған ұйымның археологиялық зерттеуді жасау жұмысы бұл құжатты көрсеткен соң ғана жүргізіледі. Сонымен қатар жер және құрылыс жұмыстарын жүргізбестен бұрын тапсырыс беруші рұқсат алуы қажет. Ол үшін тапсырыс берушіге Археология институты мен тарихи мәдени ескерткіштерді қорғауды ұйымдастыру ұйымымен келісім орнатудан басқа, мыналар болу керек:
– Құрылыс жүргізу үшін рұқсат берілген мемлекеттік басқарманың жергілікті орындау ұйымының шешімі;
– жер ауданын жекешелендіру құқығының мемлекеттік актісінің көшірмесі немесе жер ауданын уақытша пайдалану құқығы;
– жобалық сметалық құжаттың, мемлекеттік сараптамалық негіздемесі;
– құрылыс монтаждық немесе арнайы жұмысты жүргізу ұйымы құқығының лицензиялық көшірмесі.
Бұл құжаттар болмаса, кез келген құрылыс жұмысы заңсыз болып есептелінеді және тоқтатылады. Археолог-маман бұл жұмысқа тек осы құжаттарды заңдастырған кезде ғана кірісе алады.