Читать книгу Практикалық археология - Ғани Омаров - Страница 7

2-бөлім. АРХЕОЛОГИЯ ЕСКЕРТКІШТЕРДЕГІКЕЛІСІМ ШАРТТЫ БЕКІТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРЫНДАЛУ ШАРАЛАРЫ
2.2. Қорғау келісім жұмысын жүргізу қажеттілігі және олардың түрі

Оглавление

Археология ескерткіштері жататын тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі тек тарихи-мәдени мұралар заңнамасында ғана емес, Қазақстан Республикасының техникалық нормативтік мекемесінде жүргізіледі. Тарихи-мәдени мұраларды қорғау жайлы сұрақтар «Табиғатты қорғау» бөліміне кіретін байқау арқылы, құрлыс кезіндегі табиғатты қорғау заңдылығын орындауды уақыт белгілейтін құжаттармен археологтар танысуы керек. Тәжірибелік қызметте археолог бүкіл жобалар келісетін бөліммен байланыста болуы керек. Олар тарихи-мәдени мұраны қорғауға жауапты болып келеді.

Тапсырыс берушілер қатарына қорғау шараларын өткізетін кезде тек құрылыс қана емес, жобалы реставрациялық ұйым, республиканың аудандары мен облыстарының мәдениет бөлімі мен басқаруы атқара алады.

Осындай тапсырыстар архитектуралық ескерткіштерді қалпына келтіру, мерейтойлық іс-шаралар музейлік коллекцияны жаңартуды қажет ететін археологиялық ескерткіштерде жасалуы негізделеді.

Сонымен қатар мәдениет бөлімі ауданның мұражайы мен археологиялық коллекцияны жүйелеу қажеттілігіне байланысты орталықпен келісімшартқа отырады. Кейде қаржының тапшылығы мәдениет орталығына арнайы бөліммен келісімшартқа отыруға мүмкіндік бермейді. Мұндай жағдайда археологиялық мәліметтерді жинақтаудың бастапқы кезінде мәдениет бөлімі арнайы маман археологпен аумақтағы территорияларды зерттеу үшін келісімге отырады. Археологтың міндетіне қазба жұмыстарын жүргізу, мәліметтерді өңдеу және ғылыми мәлімдеме беру жатады. Коллекция қосылған мәлімдеме мұражайға келіп түседі.

Жобалы реставрациялық ұйымдар өз штатында археолог болмаған жағдайда келісім бойынша реставрация объектісіне арнайы мамандарды қабылдайды. Археолог дайындаған мәлімдемелер, жобалы реставрациялық құжатқа кіреді және «Ашық қорғауға» байланысты жобалар мәлімдемесін археолог арнайы археологиялық зерттеу мекемелеріне береді.

Археологиялық зерттеулердің келісімшартында дайындалған жер мен арнайы орындағы құрылыс жұмыстары жайлы ақпарат болады. Осындай ақпараттар негізінен облыс, аудан, қаланың бас архитектурасында болады.

Арнайы территорияда істейтін археологтың билік органдарымен, архитектура басшылығымен, жобалық ұйымдармен қатынасы болу керек. Соңғы кездері жеке кішігірім тапсырыстар орындаушы фирмалар көбейіп кетті. Тапсырыс берушінің заттарын үнемдеу үшін олар құрылыс және реставрациялық жұмыс кезінде оларды қоспай, археологиялық ескерткіштерді қорғау заңдылығын қарастырмайды, сонымен қатар мұндай фирмалар архитектуралық обьектілерге оң көзбен қарамайтын кез де болады. Соған қарамастан олар реставрация жұмысымен айналысады. Тағы бір қиындық бар. Көбінесе жобалық ұйымдар бұл жобаны өмірге әкелуде археологиялық ескерткішке зиян келтіретінін біле бермейді. Мәдени қабаттағы қарапайым жобалық жұмыстар саябақ территориясын тұрақтандыру, жүргінші жолды ауыстыру, жарықтандыру, субұрқақтарды құру, демалыс орындықтарын, баспалдақ орнату жұмыстарын қажет етеді. Бұл жұмыстарды атқару кезінде жер қатпарларын қазу, ескі ағаштарды үскіріктеу, су құбыры жүйесінде орларды қазу шаралары да өткізіледі. Нәтижесінде қаланың мәдени бөлігіне жататын бұл территориялардың жай-күйі бұзылады. Мәдени қабат бұзылып, араласып ауысады, кейін жоба құрушылар мен құрылысшыларды 0,5-1метр тереңдіктегі мәдени қабатты қазудың өзі ғылыми негізін құртатынына сендіру қиын болады. Сол себепті тек қабаттың сақталуына азғана зиянын тигізетін жұмысты жасау керек.

Екінші тапсырыс берушіге, жобалаушыға, құрылысшыларға ыңғайсыз болатын жұмыс газ және су құбырын қайта қазу болып табылады. Су каналдарын, газ құбырларын жөндеу мен қосымша аумақтар қосу, траншеялар қазу археологиялық бақылауды қажет ететінін су және газ шаруашылығы мамандарына түсіндіру қиын. Олар бұған дейін де бұл жерлерде жөндеу жұмыстарын жүргізгенін алдыға тартып келісімшарт жасаудан қашқақтайды. Мұндай жұмыстарға тез бітіп кетуін көздеп келісім жасауға жергілікті билік орындары да тосқауыл қоюға барынша тырысады. Әрине, қалада интенсивті шаруашылық-коммуналдық жұмыстарын жүргізу қажет. Алайда үнемі жүргізілетін жер жұмыстары зерттеушіге жаңа мәдени қабаттардың ашылуы, ғылыми ақпараттардың қордаланына мүмкіндік береді. Сондықтан да археолог мұндай мәселеде ұстаған бағытынан танбай, бірбеттілік көрсетіп, келісімшарт жасау арқылы өз ұстанымы үрдісінен шығуы керек.

Археологиялық жұмыстарды жоба жасаумен байланыстыру. Тапсырыс берушіден жерді өңдеу және құрылыс жұмыстары туралы қажетті құжаттарды алғаннан кейін, берілген объектідегі археологиялық зерттеуді қорғау туралы келісім жасалады.

Ереже бойынша, бірінші кезектегі келісімшарт қатынасы құралдарға басшылық жасайтын және лимиттеумен айналысатын, жобалы-сметаның құжаттауын орындайтын жобалаушы ұйым, яғни тапсырыс беруші ұйыммен жүргізіледі. Тапсырыс берушінің өзінің өндірістік күші болмағандықтан, объектіні салатын құрылыс ұйымымен де келісімшарт жасасады. Күзету қызметін атқарушы ғылыми немесе басқа да ұйымдар дәл осылай тапсырыс берушімен келісім шарт жасайды.

Келісімшарт дайындау барысында, археолог құжаттар қатарын білуі қажет. Істе жүрген құжаттар нормативіне сәйкес, жобалау жұмыстары әрқайсысында өзіне сай анықталған тапсырмалары бар кезеңдер қатарынан тұрады. Жобалау жұмысының құрылымы объектінің спецификасына байланысты әртүрлі болып келеді. Көбірек таралғаны келесі нұсқалары:

– техникалы-экономикалық негіз (ТЭН) және бір стадиалы (істегі жоба) жобалау көбінесе қатардағы жобалау ретінде болады;

– ТЭН және екі сатылы (жоба және істегі құжаттар) жобалау ірі объектілері болады;

– бір реттік жобалау – үлкен емес объектіге жобалы-сметалы құжат дайындау негізінде жүзеге асады.

Қандай жағдайда да осы кезеңдердің жобалануына жұмыстың басы негізінде техникалық (немесе архитекторлы-жоспарлау) тапсырма беріледі. Осындай тапсырма құрамында мыналар болу қажет: объектінің атауы, келісімнің нөмері, жобалаудың стадиясы, орналасуы және шекарасының көлемі туралы мәлімет, жер телімі, тас жолдар немесе олардың бәсекеге қабілетті нұсқалары, құрамына ену шарттары, уақыты мен есеп беру материалдарын тапсырыс берушіге көрсету ережесі және т.б. объектіге қажетті мәліметтерді айтуға болады.

Техникалық тапсырма мәтініне «техникалық құжаттау» ұсынылды, дұрыс және тура құрамын анықтау және іздестіру жұмыстарының көлеміне қажет: топографиялық жоспарлар және карталар, бас жоспар, шекара көлемін көрсеткен схема, жер телімі, іздеу жолы, инженерлі коммуникация, құрылыс және тұрған және жобаланған ғимараттардың орналасқан контуры.

Барлық осы құжаттар негізінде археологиялық іздестірузерттеу бағдарламасы құрылады. Іздестіру мақсатында, құрамы, көлемі, әдісі, технологиясы және жұмыстың дұрыс орындалуы, есептік материалдардың дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз ету, сонымен бірге, жұмыстың тиімді құрылуына қойылған уақытта іздеудің бітуін қадағалау. Аталған бағдарлама тапсырыс берушімен техникалық құжатқа сәйкес келуімен келісіледі, есептік материалдарды ұсыну уақыты да анықталады.

Техникалы-экономикалы саты негіздеуі – жобалау кезеңінің біріншісі болып табылады (жобалау алдындағы саты). Бұл сатыда болашақ құрылыстың ең ықтимал жалпы түрі, оның міндеттері мен тәсілдерінің жүзеге асуы анықталады, сонымен қатар, бір немесе екі сатыға арналған жобалау-сметасының құжаттауының орындалу ережесі орнатылады. Археологтың техникалы-экономикалы сатысындағы міндеттері мынадай:

– территорияның жалпы перспективалылығы мен зерттелу дәрежесін анықтау;

– Жобалаудың міндеттерін келесі сатылардың әр қайсысына бөліп анықтау.

– Келесі археологиялық жұмыстардың сметалы құндылығын анықтау (күзету шаралары).

Жобалы жұмыстардың қорытынды мәліметтеу (сводную) сметасын қосу үшін, алынған нәтижелер негізінде археологиялық жобалы-сметалы құжаттауы жасалады. Оның кеңінен ұсынылған түрі:

– алдыдағы жұмыстың құқықтық негіздемесі;

– аймаққа жалпы археологиялық көзқарас, зерттелу деңгейі, жаңа ескерткіштердің табылу перспективасы;

– алдыдағы археологиялық зерттеу негіздемесін құрылыс объектісінің жалпы кезеңі жобалануындағы міндеттер мен бағдарламаларға сәйкес дайындау қажет;

– күзету жұмыстарының сметасы.

Объектінің жобалау-сметалы құжаттауына археологияның қосылуы техникалы-экономикалы сатысында нәтижелі болып табылады. Мұнда объектіні жоспарлы түрде және егжей-тегжейлі зерттелуіне кепілдік береді, сонымен бірге, іздеп-зерттеу және өңдеу жұмыстары кезінде түскен құралдарды толығымен түсуімен ерекшеленеді.

Бір сатылы жобалауда құрылыстың жобалы-сметасына барлық қажетті құжаттар 1-1,5 жыл ішінде дайындалады. Осы уақыт ішінде археологтар жергілікті жерге толық барлау жұмысын жүргізіп, (шурф) кесік жүргізеді, архивтік деректерді талдаудан өткізіп және картографиялық материалдар жинайды. Жұмыс жобасының археологиялық бөлімі былай баяндалған: археологиялық ескерткіштердің орналасуын көрсеткен объектінің жалпы схемасы; табылған ескерткіштер тізімі және қорғау бойынша шаралардың қажеттілерінің негіздемесі; әр ескерткіштегі жұмыстың бағасының (қүныньщ) есептелуі. Жұмыс жоспары құрамындағы графикалық құжаттау өте анық, нақты болуы, максимальді ақпаратты, ұсынылған сызба мен топографиялық жоспарға сәйкес және орнатылған талаптарға сәйкес дәрежеде орындалуы қажет.

Екі сатылы жобалауда жобалы-сметалы құжаттау мынадай үлгіде болады: 1) жоба; 2) жұмыс құжаттамасы;

Жұмыс құжаттамасы жасалып, жоба мақұлданып, бекітілгеннен кейін тапсырыс берушінің жобалы ұйымына келісім шартқа сәйкес белгілі бір уақыт аралығында жобалы іздестіру-зерттеу жұмыстарын орындау негізінде беріледі. Екі сатылы жобалау ережеге сәйкес бірнеше жыл және археологиялық іздестіру-зерттеу жұмыстарын толық жүргізу арқылы іске асырылады.

Жобаның бірнеше сатысындағы археологиялық міндеттер беретін нәтижені, бір сатылы жобалаудағы жұмыс жобасының археологиялық бөлімі де қайталайды. Жұмыс құжаттамасының археологиялық бөлімінің екінші тарауын жасауда – зерттеудің егжей-тегжейлілігі, табылған ескерткіштердің әрқайсысына жеке сипаттама беруі, олардың топографиялық жоспарларын, болжаулы қорғау мерекелерін ұйымдастыруы, шығын сметасы қарастырылады.

Бір реттік жобалау кішігірім объектілерді құруда қолданылады. Іздестіру-зерттеу жұмыстарына қысқа уақыт беріліп, археологтан шапшаңдықты талап етеді. Жергілікті жердің кіші ауданын көзбен шолу арқылы қарап, жер бетіндегі материалдарды жинап және шағын шурф салу арқылы зерттеу. Жобаның археологиялық бөлімі мынадайдан бөлімдерден тұрады: археологиялық ескерткіштерді қорғау шараларымен бірге сипаттау, құрылыс аймағындағы олардың орналасуының сызбасы, шығын сметасы.

Құрылыс объектісінің шағын аудандарында әрдайым археологиялық ескерткішті табу мүмкіндігі бола бермейді. Мұндай жағдайда тапсырыс берушіге жүргізілген іздестіру-зерттеу жұмысының мазмұндамасы негізінде қысқаша хат ұсынылады, сонымен бірге, олардың нәтижелері және құрылыс жұмыстарын қорғау шараларынсыз да орындай беруге мүмкіндік береді.

Практикалық археология

Подняться наверх