Читать книгу Практикалық археология - Ғани Омаров - Страница 3

1-бөлім. ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ ЗАҢНАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОРЫНДАУ МЕХАНИЗМІ
1.1. Тарихи-мәдени құндылықтар құқықтық категория ретінде

Оглавление

Қазақстан Республикасының мәдени мұраны сақтауға деген қызығушылығы Қазақстан Республикасы Конституциясыньщ нормативтік актілерінде, қылмыстық кодекс пен құқық бұзушылық заңдарында, «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2010.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен), Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдедегі № 1488-ХІІ Казақстан Республикасының Заңы (2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен), «Қазақстан Республикасының заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу» туралы тарихимәдени мұраларды қорғау заңдарында белгіленді.

«Мәдени құндылықтар» түсінігі философиялық, мәдени, заңдық және т.б. көзқарастар тұрғысында қарастырылады: ЮНЕСКО-ның «Карулы қақтығыс кезіндегі мәдени құндылықтарды сақтау» конвенциясындағы жылжымалы және жылжымайтын құндылықтар негізіне: архитектуралық ескерткіштер, өнер, тарих, діни, археологиялық орындар, архитектуралық ансамбльдер, өнер туындылары, қолжазбалар, кітаптар, бейнелеу өнерінің, тарихи немесе археологиялық маңызды заттар, ғылыми немесе маңызды кітаптар жинағы, мұрағаттар материалдары, сонымен қатар жылжымалы мәдени құндылықтарды сақтайтын және мәдени құндылықтар көптеп кездесетін ғимараттар мен орталықтар жатады.

Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңының 32-бабына сәйкес мәдени құндылықтарға:

1) археологиялық олжалар (кәдуілгі және құпияларын қоса алғанда) және археологиялық жаңалықтар;

2) өсімдіктер мен жан-жануарлардың, минералогияның, анатомияньщ сирек коллекциялары мен үлгілері және палеонтология үшін қызығушылық тудыратын заттар;

3) ғылым мен техника тарихын, соғыстар және қоғам тарихын қоса алғанда, тарихқа қатысты, сондай-ақ ұлттық ғылым, мәдениет пен өнер қайраткерлерінің, ойшылдардың, ғалымдардың және артистердің өмірімен және ірі ұлттық оқиғалармен байланысты құндылықтар;

4) жекелей немесе коллекциялардағы, айрықша қызығушылық тудыратын сирек қолжазбалар, көне кітаптар (тарихи, көркем, ғылыми, әдеби), құжаттар және басылымдар;

5) жекелей немесе коллекциялардағы пошта маркалары, салықтық және осы тәрізді маркалар;

6) қорытпасына немесе дайындалған металына қарамастан, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тиындарын, сондай-ақ өзге де мемлекеттердің дайындалғанына жүз жыл болмаған тиындарын қоспағанда, тиындар, медальдар, мөрлер және басқа да коллекциялық материалдар;

7) көне және бірегей музыкалық аспаптар;

8) дыбыс, фото, бейне, кино мұрағаттарын қоса алғанда, мұрағаттар, мұрағат қорлары мен коллекциялар, сондай-ақ ғылыми-техникалық құжаттама;

9) тарихи-мәдени маңызы бар өнер туындылары;

10) этнографиялық, антропологиялық, этнологиялық және палеонтологиялық материалдар;

11) айрықша тарихи және мәдени құндылығы бар, жасалғанына жүз жылдан асқан көне заттар;

12) Қазақстан Республикасы халқының өміріндегі тарихи оқиғалармен, қоғам және мемлекет дамуымен, ғылым мен техника тарихымен, сондай-ақ көрнекті ғылым, мемлекет, мәдениет қайраткерлерінің өмірімен байланысты объектілер, соның ішінде мұражай заттары және мұражай коллекциялары;

13) кез келген негіздегі және кез келген материалдан жасалған қол жұмысының полотнолары, картиналар және суреттер түріндегі көркем құндылықтары (сызбаларды және өнеркәсіп бұйымдарын, қолдан жасалған әшекей заттарды қоспағанда);

14) мүсін өнерінің кез келген материалдан жасалған соны туындылары;

15) бірегей гравюралар, эстамптар және литографиялар;

16) бөлшектенген көркем және тарихи ескерткіштердің және археологиялық орындардың құрамдас бөліктері жатады.

«Мәдени құндылықтар» термині өзінің дамуын, өркендеуін ЮНЕСКО-ның (Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы) концепцияларынан алды.

Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жылдың қарашасында қабылданып 1946 жылдың 4 қарашасында қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енді.

2009 жылдың қазан айына сәйкес ЮНЕСКО ұйымына 193 мемлекет мүше және 7 мемлекет серіктес мүше дәрежелеріне ие.

ЮНЕСКО негізгі мақсаты – бейбітшілік пен қауіпсіздікті елдердің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын БҰҰ Қаулысында айтылғандай жалпыға бірдей құрметпен қарап, әділеттілік пен заңдардың орындалуын, адам құқығы әрі негізгі бостандықтар негізінде барлық елге, түрі-түсіне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан қамтамасыз ету арқылы нығайту.

Мақсатына жету үшін ЮНЕСКО бес негізгі функцияларды жүзеге асырады:

• болашағы бар, келешекте адамзатқа керек білім, ғылым, мәдениет пен байланыс формаларын зерттеу;

• білімді ғылыми зерттеудің нәтижесіне сүйене отырып, таныту, алмасу, таратумен айналысу;

• заңнамалық іскерлікпен: ұсыныстарды іске асыруға міндет болатын халықаралық актілерді дайындау және қабылдау;

• мүше-мемлекеттерге «техникалық ынтымақтастық» түрінде жобалар жасау мен дамыту салаларындағы саясатын анықтауда эксперттерінің қызметтерін ұсынады;

• арнайы ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.

Көне ғасырлар қойнауынан бастау алатын төл тарихымызды сан қырынан жарқырата көрсетіп, асылдарымызды тарих тереңінен аршып алумыздың, асыл мұраларымызды жинақтаудың басы болған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы. Бұл бағдарлама еліміздің мәдени мұраларын сақтауға, пайдалануға және зерттеуге, тарихи-мәдени салт-дәстүрлерді қайта қалпына келтіру, тарихи және мәдени ескеркіштерді қайта өңдеу қалпына келтіру, мұражайға айналдыруға байланысты негізгі аспектілерді анықтайды. Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштерінің тізімдері қайта қаралып, нақтыланды.

Біздің ел 1994 жылы бүкіл әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясына қосылған, соның нәтижесінде Қазақстан ЮНЕСКО жөніндегі ұлттық комиссия арқылы бүкіл әлемдік мұра орталығына ұлттық мұраға жататын он ескерткіштің номинациялық құжатын енгізді. Олардың қатарына:

– Иасауи сәулет кешені;

– Яссы Түркістан қалашығы;

– Тамғалы петроглиф кешені;

– Мерке зиярат орны;

– Беғазы-Дәндібай, Тасмола қорғандары;

– Ешкіөлмес петроглифтері;

– Арпаөзен петроглифтері;

– Кдратау геоморфологиялық кешені;

– Отырар ескерткіштері;

– Ұлытау тарихи-мәдени ландшафты кіргізілді.

Қазіргі уақытта Казақстанда тарихи, археология, сәулет және мүсін өнерінің жылжымайтын ескеркіштері 25000 астам, 11000 кітапхана, 215 мұрағат, 161 мұражай, 8 тарихи-мәдени қорық мұражай ел игілігіне қызмет етуде.

«Мәдени мұра» бірінші стратегиялық жоба аясында 40 археологиялық және 26 ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізілді. Қытай, Түркия, Монқолия, Ресей, Жапония, АҚШ және Еуропа елдеріне жасалған ғылыми іздестіру экспедицияларының нәтижесінде елімізге 5 мыннан астам тарих, этнография, өнерге қатысты аса құнды мұрағаттық құжаттардың қайтарылуы ұлт тарихындағы «ақтандақтардың» орнын толтыру ісіне зор серпін берді.

«Жылжымалы мәдени құндылықтар» термині кең мағынасында ЮНЕСКО-ның тыйым салынған және ескертілген заңсыз мәдени құндылықтарды шығару мен оларды қайтару жөніндегі құжаттарда қолданылады.

Археологиялық құндылықтар мәдени және табиғи құндылықтардың құрамдас бөлігі ретінде жеке категорияға бөлінеді. Археологиялық құндылықтарға жылжымалы және жылжымайтын материалдық мәдениеттер жатады. Зерттеу үшін археологиялық ғылымда қолданылатын арнайы әдістерді қолданады.

Практикалық археология

Подняться наверх