Читать книгу Практикалық археология - Ғани Омаров - Страница 12

3-бөлім. ТАРИХИ ОРТАДАҒЫ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫНЫҢ ОРЫНЫ. ҒЫЛЫМИ ЕСЕПТІ ДАЙЫНДАУ
3.3. Материалдарды есепке дайындау

Оглавление

Ғылыми есеп – бұл археологиялық зерттеулер нәтижесінде дайындалатын аса маңызды құжат және зерттеліп отырған нысан жайлы ғылыми мәлімет беретін негізгі дерек. Сондықтан ғылыми есепті дайындауға байланысты барлық жұмыстар «Археологиялық бақылау және қазба жүргізуге арналған ереже» бойынша атқарылады.

Ғылыми есепке арналған материалдардың дайындығын ескерткіштің сипатына, онда жүргізілетін жұмыс түріне және нысан жайлы бар мәліметке байланысты жұмыс жасайтын әртүрлі мамандар жүргізеді.

Ескерткіш жайлы алғашқы мәліметтер құрамына:

тарихи мәлімет, мұрағат және жарық көрген деректер бойынша дайындалады. Бұл жұмысты қазбаның жетекшісінің бұйрығымен жалданған тарихшы немесе жетекшінің өзі атқарады.

археологиялық анықтама, нысанда алдынғы уақытта кім, қашан және қалай (қазба, траншеялар, қабаттарды тазалау және материалдарды жинау) жүргізгені жайлы мәлімет беретін. Мұндай ақпаратты археолог ғылыми есептерден, Ғылым Академиясы жанындағы археология институтының деректерінен және басқа ғалымдардын ғылыми көркемдік шығармаларынан ала алады.

геологиялық топографиялық көрсеткіштер, егер нысанда топокескін жасалған, инженерлік бұрғылау жұмыстары жүргізілген жағдайда. Топографиялық кескіннің жоспарын археолог алдыңғы есептерден алуына болады (онымен қатар бұл ақпараттың дұрыстығын тексеруі қажет).

өлкетану материалдары (өлкетанушыладың жергілікті халықтардан ескерткіш туралы жинаған мәліметтері). Егер археологта мұндай мағлұматтар болмаса, онда ол өзі өлкетанушылармен байланысып, жергілікті мұражайдан немесе елдімекеннің ақсақалдарынан ақпарат алуы тиіс.

Археологиялық зерттеулердің материалдарын жүйелендірудің құрамына:

зерттелетін археологиялық ескерткіштердің аты немесе барлау жұмыстарындағы маршруттық карта бойынша тізімі.

әрбір ескерткішке және жақын маңда орналасқан маңызды орындарга (шатқал, жота, өзен, елдімекенге дейінгі арақашықтық, жол) байланысты нақты сипаттама. Сипаттаманың құрамына жердің жағдайы, топографиялық ерекшелігі, нысанның формасы және өлшемдері, мәдени қабат пен жиналған мәлімет жайлы анықтамалар кіреді.

қайта ашылған немесе маңызды нысандардың, белгіленген және жақын орналасқан жерлердің жер қыртысының топографиялық жоспары. Кала мен басқа да күрделі жер қыртыс бар ескерткіштерге жоспардағы масштабта бөлінген жердің кескіні алынады. Осы археологиялық ескерткіштегі барлық жұмыстар жоспарға түсірілуі қажет.

мәдени қабатпен байланысы жоқ ашылған жерлердің, траншеялардың, шурфтардың стратиграфиялық бейнесі.

заттық материалдардың деңгей бойынша сипаттамасы. табылған заттардың мөлшеріне, хронологиясына және шифріне байланыста суреттері.

далалық жұмыстардың, заттардың фотосуреттері және олардың қай жақтан түсірілгені жайлы мәліметтер.

Қоныстағы қазбаның материалдарын жүйелендірудің құрамына:

ескерткіштің атауы, географиялық орналасуы, пішіні, өлшемі, топографиялық ерекшелігі, маңыздылығы және мәдени қабаттар құрамына байланысты толық сипаттама.

ескерткіште жүргізілген барлық жұмыстардың, шурфтардың, траншеялардың белгілі масштабтағы жоспары.

қазбаның, траншеяның, шурфтың бір масштабта жасалған жоспары мен кескіндік бейнесі, олардың толық сипаттамасы.

шұңқырлар мен құрылыстардың жоспары және кескіндік бейнесі, олардың толық сипаттамасы.

заттық материалдардың қабаттағы деңгейі бойынша жасалған сипаттамасы.

табылған заттардың хронологиясы және шифрлік көрсеткіші бар суреттер.

жасалған қазбаның, заттардың, аршылған құрылыстың фотосуреті және ол қай жақтан түсірілгені жайлы мәлімет.

Қорғандағы қазба материалдарын жүйелендірудің құрамына:

қор ғ анның жергілікті жерде орналасуы туралы сипаттама (сыртқы пішінінің ерекшелігі, орналасуы, жамылғының саны және олардың өлшемі, т.б. туралы анықтамалар).

қорған ның диаметрі, биіктігі және басқа да ерекшелігіне байланысты нақты көрсеткіші бар ескерткіштің жоспары.

әрбір қорған ның немесе обаның заттық материалдарының, тас қоршауларының, қабір шұңқырының орналасу көрсеткіші белгіленген жоспары мен кескіндік бейнесі.

қорған да ғ ы әрбір құрылыстың толық анықтамасы (қорғанның, қабір шұңқырының, тас құрылысының, құрылыс іздерінің және т.б. өлшемі).

қабірдің сипаттамасы (мәйіттің орналасуы, бағыты, жанында орналасқан заттар жайлы анықтама).

заттық материалдардың құрамы мен хронологиясына байланысты анықтама.

қабірде табылган заттардың хронологиялық және шифрлік көрсеткіші бар суреттер.

қазбаның, ашылған қабірдің және т.б. жұмыстардың фотосуреттері.

Есепке арналған материалдардың зертханалық өңделу құрамына:

жинақтың алгашқы камералдық өңделуі (табылған заттарды артық заттардан арылту үшін жуу, оларды табылған жері және орналасуы жайлы мәліметі бойынша шифрлеу).

материалдардың жинақтық сипаттамасын құру (табылған заттың нөмері, табылған орны, жылы, ескерткіштің атауы, қысқаша сипаттамасы, интерпретациясы, кезеңделуі көрсетіледі).

далалық сызбалардың нұсқалары (далалық сызбаны тушпен қағазға түсіру, қажетті нөмерлер мен жазуларды түсіру, оны компьютерге көшіру).

жекелей және көпмөлшерде табылган заттардың (толық пішінде керекті белгілері мен өлшемдері көрсетілген суреті).

күрделі лабораториялық сараптама жасау (арнайы ғылыми және ғылыми-атқарушы лабораторияларда іске асырылады). Көптеген сараптамалар күрделі көпсатылы процесс болып табылады (спектральдық, металлографиялық, дендрохронологиялық, палеобатаникалық, радиокөміртектік).

Есептің безендірілуі, құрылымы және мазмұны. Ғылыми есеп археологиялық барлау мен қазбаны орындаудағы лицензия құрылымын ұсыну талабымен сәйкестендіріліп безендіріледі. Егер есеп шаруашылық келісім тақырыбымен жасалса, онда бұл есептің ішінде шаруашылық келісімге қатысты бөліктері болуы қажет.

Ғылыми есеп далалық зерттеулерге «лицензия» алған археологтың жеке ғылыми жұмысы болып саналады. Ол барлық талқылау және бекіту кезеңдерінен кейін Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология Институтының мұрағатында сақталады. Есептің авторы оның жариялануында Казақстан Республикасының Заңына сүйене отырып, авторлық құқығын қолдана алады.

Осы есептегі мәліметтерді пайдалану үшін зерттеушілер автормен жазбаша келісім шартқа отыруы қажет немесе Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «авторлық құқық» негізінде келісім шартқа отыруы қажет. Ғылыми есеп жұмыс болып саналғандықтан, ол жұмыс уақытында орындалып оның сапалы және уақытылы жасалуы жауапкершілігін Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология Институты мойнына алып, археологиялық бақылау жүргізген еді.

Есептің безендірілуі құрамында:

Мұқаба парағы, автордың аты жөні, әкесінің аты, ұйымының толық атауы, және орындалған орны, мұнда протокол номері және бөлім мәжілісінің есепті бекіткен күні жазылады.

Лицензия есептік жылдағы жұмыстың мұқабасынан соң қойылады. Егер лицензия пайдаланылмаса және жұмыс жүргізілмесе немесе жұмыстың бір бөлігі жүргізілсе онда оның себебі көрсетілген түсініктеме жызылады

Мазмұны лицензиядан соң есептің барлық құрылымдық бөлігін атап шығады.

Есеп барлық құрылымдық бөлік, негізгі мәтіннің соңына автордың қолы қойылады.

Қосымша коллекциялық тізімдер, мамандардың зерттеу мәліметтерін анықтау қорытындысы, сызбалар, суреттер, фотоальбомдардан тұрады.

Есеп өңдеуге қайта беріледі. Барлық номерленген беттер, парақтар көріп шығу қолайлы болуы үшін А4 форматты қағазға кіреді. Мұқаба парақтың көшірмесі, есеп пен папкаға жапсырылып, есептің алдына реттеліп қойылады.

Есептің құрылымы мен мазмұны.

Практикалық археология

Подняться наверх