Читать книгу Инвестициялау негіздері - Гүлназым Супугалиева - Страница 1

КІРІСПЕ

Оглавление

«Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу» пәні экономиканың қаржы-банк секторына болашақ маман дайындауда міндетті оқу пәндерінің бірі болып табылады. Бұл пәннің негізгі мақсаты – студенттерді инвестиция облысындағы ғылыми және тәжірибелермен қаруландыра отырып пәннің негізгі бөлімдерімен таныстыру. Инвестицияның экономикалық категория ретіндегі мәнін аша отырып оның макро және микро деңгейде рөлі мен мағынасын ашу ерекшеліктері және заңдылықтары туралы кәсіби біліммен қамтамасыз етуде мақсатты теориялық және тәжірибелік бағыттары бар. Қаржы нарығының жаһандануы және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы туралы мәліметтер айрықша өзекті мәселе болып тұр.

Оқу құралында инвестицияның экономикалық мазмұнын аша отырып, оның рөлі, түрлері және Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметтің дамуымен қатар инвестициялық саясат, оның мақсаты мен атқаратын қызметтері, инвестициялық тәуекелдердің жіктелімін қарастыра отырып оны төмендету шаралары туралы айтылған.

Сонымен қатар инвестициялық қызметті қаржыландыру көздеріне жалпы сипаттама бере отырып, ішкі және сыртқы көздеріне тоқталған. Атап айтсақ, инвестициялық жобаларды қаржыландыру көзі ретінде қысқа мерзімді несиелер, орта мерзімді қаржыландыру көзі ретінде лизинг, ал ұзақ мерзімді несиелер ретінде ипотекалық несиелер қарастырылған.

Инвестициялау негіздері

Подняться наверх