Читать книгу Инвестициялау негіздері - Гүлназым Супугалиева - Страница 5

1 тарау
ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ
1.4. Инвестицияның жіктелімі

Оглавление

Барлық инвестицияларды мынадай белгілеріне қарай жіктеуге болады:

1) инвестицияны жұмсау объектісіне қарай:

• нақты (капитал жасаушы) инвестициялар;

• портфельдік инвестициялар;

• қаржылық емес инвестициялар.

2) инвестициялау мерзіміне қарай:

• қысқа мерзімді (1 жылға дейін) инвестициялар;

• орта мерзімді (1-ден 3-5 жылға дейін) инвестициялар;

• ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).

3) инвестицияға қатысу нысанына қарай:

• тікелей инвестициялар;

• жанама инвестициялар.

4) меншік нысанына қарай:

• аралас (бірлескен) инвестициялар;

• шет елдік инвестициялар;

• мемлекеттік инвестициялар;

• жеке меншік инвестициялар.

5) аумақтық белгісіне қарай:

• шет елде инвестициялау;

• елдің ішінде инвестициялау;

6) пайдалану бағытына қарай:

• өндірістік бағыттағы инвестициялар;

• өндірістік емес бағыттағы инвестициялар.

Сонымен қатар инвестицияларды ішінара жіктеуге болады. Нақты инвестицияларды екі топқа бөледі:

1-топ. Өндірісті дамытуға жұмсалынған инвестициялар, соның ішінде:

– өндірісті қайта құру және техникалық жағынан қайта қаруландыруға;

– өндірісті кеңейтуге;

– жаңа өнім шығаруға;

– өнімді жаңғыртуға және жаңа ресурстарды игеруге.

2-топ. Өндірістік емес саланы дамытуға жұмсалынған инвестициялар, соның ішінде:

– тұрғын үй құрылысына;

– спорт және сауықтыру объектілерінің құрылғыларына;

– еңбек жағдайын жақсартуға;

– техникалық қауіпсіздік деңгейін арттыруға.

Портфельдік инвестициялар да екі топқа бөлінеді.

1-топ. Бағалы қағаздар сатып алуға бағытталған инвестициялар, соның ішінде:

– кәсіпорындардың акцияларын сатып алуға;

– облигациялар сатып алуға;

– басқа да бағалы қағаздар сатып алуға.

2-топ. Басқа кәсіпорындардың активтеріне жұмсалған инвестициялар, соның ішінде:

– өндіруші-кәсіпорын активтеріне қаражат салу;

– қаржы-несие мекемелерінің активтеріне салу;

– басқа да коммерциялық ұйымдардың активтеріне салу.

Бақылау сұрақтары:

1. Инвестиция дегеніміз не?

2. Инвестиция қандай белгілеріне байланысты және қалай жіктеледі?

3. Инвестицияның атқаратын қызметтері қандай?

4. Инвестиция макродеңгейде қандай қызметтер атқарады?

5. Инвестиция микродеңгейде қандай қызметтер атқарады?

6. Инвестицияның капитал жұмсалымынан айырмашылығы неде?

Инвестициялау негіздері

Подняться наверх