Читать книгу Инвестициялау негіздері - Гүлназым Супугалиева - Страница 4
1 тарау
ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ
1.3. Инвестицияның қызметтері
ОглавлениеИнвестиция экономикалық категория ретінде экономикада бірқатар қызмет атқарады. Инвестицияның қызметінсіз кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы мүмкін емес. Инвестицияның атқаратын қызметтерін екі деңгейде бөліп қарауға болады:
1. Макродеңгейде атқаратын қызметтері, оған мыналар жатады:
• ұлғаймалы ұдайы өндіріс саясатын жүзеге асыру;
• ғылыми-техникалық прогресті жеделдету;
• отандық өнімдердің сапасын жақсартып, олардың бәсекелестік қабілетін арттыру;
• экономиканың барлық салаларының бірдей дамуын қамтамасыз ету;
• әлеуметтік аяны, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, білім саласын дамыту;
• жұмыссыздық мәселесін шешу;
• инфляция қарқынын тежеу;
• қоршаған ортаны қорғау;
• әскери-өнеркәсіп кешенін конверсиялау;
• мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету.
2. Макродеңгейдегі атқаратын қызметтері мыналар:
• өндірісті кеңейту және дамыту;
• негізгі қорлардың шамадан тыс моральдық және заттай тозуын болдырмау;
• өндіріс деңгейін техникалық жағынан қайта жарақтау;
• нақты кәсіпорындардың өнімдерінің сапаларын арттыру және бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
• табиғатты қоршау шараларын жүзеге асыру;
• бағалы қағаздар сатып алу және басқа кәсіпорындардың активтеріне қаражат жұмсау.