Читать книгу Инвестициялау негіздері - Гүлназым Супугалиева - Страница 2

1 тарау
ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ
1.1. Инвестиция ұғымы

Оглавление

Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.

Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.

Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардың тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінеді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады. Себебі, нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асырылады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.

«Инвестиция» термині латынның investire – «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: «Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар, өндірістікматериалдық қорлар және т.б.) «таза инвестицияландыру» немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады».

У. Шарп инвестицияны былайша анықтайды: «Нақты инвестицияларға әдетте қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді, мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар қағазда жазылған келісімшарттарда, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар сияқтыны білдіреді». Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бір-бірін толықтырушы болып табылады.

В. Бочаров инвестицияны табыстың тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялық іскерліктің капиталдық құнның табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі алынатын нақты объектілеріне трансформацияланады.

Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады. Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.

Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себебі қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын және үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.

Инвестициялаудың әр түрлі тәсілдері бар, бірақ олар әрқашанда тек бір нәрсеге – пайда табуға бағытталған.

Егер бірінші қажетті заттарды сатып алғаннан кейін, барлық шоттарды, қарыздарды төлегеннен кейін халықта қандай да бос ақша қаражаттары қалатын болса, онда оларды қалай жинақтау және көбейту керек деген мәселе туындайды. Көп жағдайда артық қалған ақша қаражаттарды кейінге қалдырады.

«Инвестиция» сөзі латынша «іпуесііге» қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау дегенді білдіреді. «Инвестиция» сөзі отандық экономикамыз үшін біршама жаңа термин. Олай болып келу себебі, кешегі бір орталықтан жоспарлау жүйесінде, 1991 жылға дейін оның орнына «капитал жұмсалымы» деген сөзі жиі қолданылды. Енді осы екі сөздің арасында қандай айырмашылық болуы мүмкін, соған мән берейік.

Инвестиция ұғымы капитал жұмсауға қарағанда кең мағыналы.

Жоспарлы экономика тұсында «капитал жұмсалымы» деп негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне жұмсалынатын, соның ішінде оларды жөндеу шығындарын қамтитын барлық шығындарды түсінген. Ал инвестиция ұғымына келсек, қазіргі экономикалық әдебиеттерде, соның ішінде сөздіктерде оған әртүрлі ұғымдар берілген. Осы ұғымдарға тоқталайық.

Б.А. Райзберг, Л.Ш. Лозовский және Е.Б. Стародубцеваның жазған экономикалық сөздігінде: «Инвестиция – пайда табу мақсатында өз елінде немесе шет елде әр түрлі саланың кәсіпорындарына, кәсіпкерлік жобаларға, экономикалық-әлеуметтік бағдарламаларға, инновациялық жобаларға, ұзақ мерзімге жұмсалынатын мемлекеттік немесе жеке капиталды білдіреді» – делінген.

М.Г. Лапусты және П.С. Никольскийдің жалпы редакциясын басқаруымен дайындалған сөздікте: «Инвестиция – табыс алу және әлеуметтік теңдікке қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік объектісіне және басқа да құндылықтар түрлеріне жұмсалынған ақшалай қаражаттар, мақсатты банк салымдар, пайлар, акциялар және өзге де бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, несиелер, басқа да мүліктер немесе мүліктік құқықтар және интеллектуалдық құндылықтар» – деп түсіндіріледі.

Шет елдік инвестицияға байланысты заңда инвестицияға мынадай түсінік берілген: «Инвестициялау – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, соның ішінде:

– жылжитын және жылжымайтын мүліктер мен мүліктік құқық, ұстау құқығы, өңдеусіз ұстауға арналған тауарлардан басқалары;

– акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзге де нысандары;

– облигациялар және басқа да борыштық міндеттемелер;

– инвестицияларға байланысты келісімшарттар бойынша орындалуға тиісті қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап етулер;

– интеллектуалдық қызметтің нәтижелеріне деген құқықтар, оған жататындар: авторлық құқық, патент, тауар белгісі, өнеркәсіп үлгісі, технологиялық процестер, нау-хау3, нормативтік-техникалық, сәулеттік, конструкторлық және технологиялық жобалық құжаттар;

– лицензия немесе мемлекеттік органдардан берілетін басқа да нысандардағы кәсіпкерлік қызмет түрін жүзеге асыруға арналған кез келген құқықтар».

Б.А. Колтынюктің еңбегінде: «Инвестициялау – бұл көптеген экономикалық игіліктерді өндіру үшін капитал (ресурс) қорын жасау немесе толықтыру. Қаржы және экономика тұрғысынан қарағанда инвестициялау – бастапқы жұмсалынатын капиталдан асатын мөлшерде алдағы уақыттарда таза пайда алу мақсатында экономикалық ресурстарды ұзақ мерзімде жұмсау» – деп сипаттама береді.

И.В. Сергеев, И.И. Веретникованың еңбегінде инвестиция деп – пайда немесе басқа да тиімділікке қол жеткізу мақсатында жаңа кәсіпорындар құру, жұмыс істеп отырған кәсіпорындарды кеңейту, кәсіпорындарды қайта құру және техникалық жағынан қайта қаржыландыру, жылжымайтын мүлік, акциялар, облигациялар және басқа да бағалы қағаздар мен активтерді сатып алуға бағытталған мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттары, мүліктік және интеллектуалдық құндылықтарды түсіндіреді.

Инвестицияның мазмұнын сызба түрінде беруге болады:


1-сызба. Инвестицияның мазмұны бойынша жіктелуі


Инвестициялау негіздері

Подняться наверх