Читать книгу Инвестициялау негіздері - Гүлназым Супугалиева - Страница 9
2. тарау
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ
2.4. Жобалық несиелеу ерекшеліктері
ОглавлениеЖоба сөзі латын сөзінен аударғанда алға тасталған, яғни түпкі ой деген мағынаны білдіреді. Өндірісте және т.б. сипатта болсын кез келген жобаның инвестициясын қаржыландыруға және несиелеуге салу тәуекелдікке алып келеді. Сондықтан инвестицияны белгілі бір сала алдында жобалауды жүргізуіміз қажет.
Инвестицияны жүзеге асырудың тиімділігі жұмыстың сапалы орындалуына байланысты болғандықтан қайта жобалау үлкен роль атқарады.
Инвестициялық жоба дегеніміз – бұл жаңа өндірісті құруға ісәрекеттегі өндірісті кеңейтуге және жаңартуға салынатын шаралар кешені болып табылады және сонымен қатар одан белгілі бір экономикалық тиімділікті алуды білдіреді.
1. Инвестициялық жоба – белгілі бір мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қандай да бір іс-шара, қызмет болып табылады.
Барлық жобалар 4 типке бөлінеді:
1) тәуелсіз;
2) өзара бір-бірін жоққа шығару;
3) өзара орнын толтыру;
4) өзара әсер ету.
1) егер біреуінің қабылданған шешімдері екіншісінің іс-әрекетіне әсер етпейтін болса, онда инвестициялық жобалар тәуелсіз болып табылады;
2) егер бірінші жобаның тиімділігі басқа жобаны қабылдаған кезде тиімділігі 0-ден ↓=> 2 жоба өзара бір-бірін жоққа шығаратын жобалар болып табылады;
3) егер бір жобаны қабылдаған кезде екіншінің тиімділігі төмендесе, бірақ ол жоқ болып кетпейтін болса, онда ондай жобалар өзара орнын толықтыратын жобалар болып табылады;
4) егер жобаны жүзеге асыруда олардың қосымша тиімділігі бірігетін болса, онда өзара әсер ететін жобалар деп аталады.
2. Инвестициялық жобалардың талдауы олардың жіктелуіне негізделуі қажет. Инвестициялық жобалар келесідей түрлері бойынша жіктеледі:
1. Қажетті инвестицияның көлемі бойынша
– кіші жоба
– мега жобалар
2. Жобаны жүзеге асыру мерзімі бойынша
– қысқа
– орта
– ұзақ
3. Тәуекелге қатысты
– тәуекелді
– тәуекелсіз
4. Жобаның қатысушысы бойынша
– мемлекеттік кәсіпорындар
– біріккен кәсіпорындар
– шетел инвесторлары
5. Ақша ағымының типі бойынша
– жай
– жай емес
6. Жобалар арасындағы қарым-қатынасы бойынша
– тәуелсіз
– өзара бір-бірін жоққа шығаратын
– орнын толтыратын
– өзара әсер ететін.
3. Барлық инвестициялық жобалар пайда алу мақсатында жүзеге асырылатын шығындармен байланысты. Сондықтан да инвестицияны салған уақыттан бастап, соңғы тиімділікті алғанға дейінгі кезең инвестициялық жобаның өмір циклі деп аталады. Жобаның өмір циклінің өту жолдарын оның кезеңдері немесе этаптары деп атайды.
Яғни кез келген инвестициялық жоба жетілдірілуінен бастап жүзеге асырылуына дейін бірнеше кезеңнен өтеді:
1) инвестиция алдындағы кезең;
2) инвестициялық кезең;
3) эксплуатациялық кезең.
Инвестиция алдындағы кезең келесі шараларды қарастырады:
1) инвестициялық мақсатты қалыптастыру;
2) инвестициялық мүмкіндікті реттеу;
3) инвестицияны ұйымдастыруды қалыптастыру;
4) жоба алдындағы зерттеулерді жүргізу;
5) жобаның соңғы нәтижесін жасау және сол бойынша шешім қабылдау.
Инвестициялық кезең қарастыратын шаралар:
1) жабдықтаушылармен, инвесторлармен келісімшарттың жасалынуы;
2) тартылатын инвестицияның көлемін анықтау;
3) құрал-жабдықтарды жөндеу;
4) жер учаскелерін сатып алу;
5) жобалық жұмыстарды жүргізу;
6) қызметкерлерді жұмысқа алу немесе оларды үйрету.
Эксплуатациялау кезеңі келесі шараларды қарастырады:
1) өндірісті мониторингтеу, яғни жоспардағы берілген мәліметтер мен нақты мәліметтерді салыстыру;
2) олардың ауытқу себептерін анықтау;
3) бұл кезең тиімділігі нақты бірінші және екінші кезеңдердегі жұмыстардың орындалу сапасымен байланысты.
Инвестициялық жобаны қаржыландыруға қажетті шешім қабылдау үшін техника-экономикалық зерттеу жүргізіледі. Сондықтан да жобаны техника-экономикалық негіздеме (ТЭН) өзінен қаржыландыру мәселесін шешкенде ескертіп, артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтауды көрсетеді.
Яғни жобаны ТЭН болашақта бизнес жоспарды жетілдіру негізгі жоба алдындағы құжатты білдіреді. ТЭН-ді құрастырудың әр түрлі әдістері бар.
Даму бағдарламалары бойынша БҰҰ-ның әдісімен қалыптасқан ТЭН келесідей бөлімдерден құралады:
1) жобаның жалпы жағдайы, яғни кәсіпорынның алдына қойған мақсаттары, жобаның авторлары, соңғы 3 жылдағы кәсіпорынның қаржылық жағдайы;
2) кәсіпорынның қуаты және рынок, яғни бұл жерде өнімдерді өндіретін кәсіпорынның нақты көлемі жөніндегі мәліметтер, техника-экономикалық көрсеткіштерінің бәсекеге қабілеттілігі және т. б. жағдайлар қарастырылады;
3) өндірістің материалды факторлары, яғни шикізаттар мен материалдармен, сумен, электр энергиясымен қамтамасыз ету қарастырылады;
4) объектілердің орналасқан жері, яғни бұл кезде объектінің орналасатын жерін таңдаудағы артықшылықтарды қарастырады;
5) жобалық конструкторлық құжат. Яғни бұл кезде өндірістің жоспарларының схемасы жасалынады. Негізгі және қосалқы құралжабдықтарды жеткізуіне келісімшарттар жасалынады және т.б.
6) кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру, яғни бұл кезде өнімді өндіру және өткізу мәселелері қарастырылады;
7) еңбек рыноктарына қажеттілік;
8) жобаның жүзеге асырылу кезеңдері;
9) жобаның экономикалық және қаржылық бағалануы;
10) жобалық салыстыру формасы. Мұнда тәуекел қарастырылады.
Жобалық талдаудың мазмұны мен бағыты
1. Экономикасы дамыған елдерде инвестициялық жобаларды жасау, инвестицияның көлемінің концептуалды бағдарлау негізінде жүзеге асырылады. Яғни, нақты инвестициялық жобаны бастардың алдында жобаның күтілетін табыстары мен шығындарын салыстыру қажет. Сондықтан да жобаны жүзеге асыруда оң және теріс нәтижелерді анықтау үшін, жобалық талдау жасалынатын. Жобалық талдау инвестициялық жобаны алдын-ала дайындау кезеңінде жүзеге асырылатын жобаларды талдаудың іске асырылатын тиімділігіне баға беру болып табылады.
Жобалық талдау дегеніміз – жобаға жұмсалатын шығындарды осы жоба бойынша түскен табыстардың талдау процесі болып табылады.
Жобалық талдаудың басты мақсаты – инвестициялық ресурстарды пайдаланудың балама тәсілдері арасындағы талдау туралы дұрыс шешім қабылдау.
Жобалық талдаудың міндеттері:
1) іске асырылатын жобаның іс жүзінде кедергі болатын шектеулерді және олардың өзгеруін есепке ала отырып, қол жеткізетін нәтижеге баға беру;
2) жоба бойынша жұмыстың қажетті ресурстар көлемін және олардың әр түрлі нұсқаларын салыстыру;
3) жоба бойынша түскен табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасындағы бөлу.
Жобаның және оған жұмсалатын шығындардың экономикалық тиімділігін анықтау инвестициялық жобаның барлық кезеңдері мен бағыттарын талдау нәтижелерінен көрінеді, яғни жобаны талдаудың келесідей бағыттары мен кезеңдері бар:
1) мақсаттардың қалыптасуы және жобаны өңдеу яғни бұл кезде ТЭН (техника-экономикалық негіздеме) қарастырады;
2) жобаны өңдеу, бұл кезде бизнес-жоспар құрылады; жобаны сараптау, зерттеулер жүргізеді;
3) жобаны қабылдау;
4) жобаны жүзеге асыру;
5) кәсіпорынның іс-әрекетіне маниторинг жүргізу.
2. Жобалық талдаудың келесідей түрлері бар:
1) техникалық талдау – бұл инвестициялық талдауға қолданылатын ең тиімді техника мен технологияны анықтау және объектілерінің орнын таңдау мәселесін шешуді жүргізеді;
2) коммерциялық талдау өнімді өткізумен байланысты болып табылады. Бұл талдаудың мақсаты жоба бойынша өнімдермен қызметтерді тұтынушы жағынан қарастырады. Коммерциялық талдау маркетингтік зерттеу жұмыстарымен байланысты болады;
3) институционалды талдау – бұл жобаның мақсаты жобаны жүзеге асыру, іске қосу аумағындағы ұйымдық-құқықтық, саяси және әкімшілік жағдайларға баға беру болып табылады. Осы талдаудың негізгі міндеттері әрекет ететін заңнамаға сәйкес жобаның қатысушыларының міндетін анықтау;
4) әлеуметтік талдау – мақсатты жоба жоспарының нұсқаларын оны пайдаланушылар үшін жарамдыларын анықтау болып табылады. Әлеуметтік талдау жүргізу нәтижесінде жоба мен оны пайдаланушылар арасындағы өзара әрекет ету мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады;
5) экологиялық талдау – бұл қоршаған ортаның шеккен зияндарын бағалайды. Егер экологиялық зиян орын алатын болса, оны тоқтату үшін қандай шаралар қолдану қажеттігін қарастырады;
6) экономиканың талдау міндеті – жобаның іске асуына байланысты шығындар мен нәтижелерді тікелей салыстыруға мүмкіндік беретін мерзімдерді жасау арқылы инвестициялық жобаның тиімділігі туралы нақты шешім қабылдау болып табылады. Экономикалық талдау іске асырылатын жобалардың кәсіпорынның даму мақсатына жұмсайтын және ең аз шығындарды жұмсай отырып, экономикалық тиімділікке қол жеткізуді қарастырады;
7) қаржылық талдау. Бұл экономикалық талдаудың жалғасы болып табылады. Қаржылық ақыларды жинау және пайдалану тәсілдерінің жиынтығын білдіреді.
3. Жобалық талдаудың принциптері:
1) инвестициялық жобаның ақша ағымдарын модельдеу;
2) жобаның өмірлік цикл бойында қарастыру;
3) уақыт факторын ескеру;
4) инфляция әсерін ескеру;
5) тәуекелдікті ескеру;
6) кәсіпорынның қаржы жағындағы жобамен және жобасыз шарттармен салыстыру.
Ақша ағымдарын модельдеу деп жоба бойынша әртүрлі уақыттағы табыс пен шығындарды өзара салыстыру болып табылады. Ақша ағымы бұл инвестициялық жобаны жүзеге асыру мерзімінде кәсіпорынның инвестициялық, өндірістік және қаржылық қызмет бойынша ақша түсуімен кетуін сипаттайды.
Жобаны талдаудың уақыт, инфляция, тәуекел факторларының қағидаларын уақыттағы ақшаның құны деген ұғымға негізделеді. Яғни бүгінгі 1000 тг ертеңгі 1000 тг-ге қарағанда қымбат. Сондықтан да инвестициялық жоба бағалау кезеңінде жоба бойынша пайыздық ставканың деңгейін таңдау маңызды болып табылады. Жобалық талдаудың негізгі мақсаты – инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау болып келеді. Сондықтанда кәсіпорынның инвестициялық жобаны қабылдау және қабылдауы маңызды мәселенің бірі болып келеді.
Инвестициялық жобаларды қаржылық талдау
1. Қаржылық талдау – бұл шаруашылық іс-әрекетінің қаржылық талдауының бір бөлігі болып табылады. Инвестициялық жобадағы қаржылық талдаудың негізгі мақсаттары келесілер болып табылады:
1) кәсіпорынның қаржылық жағдайы және мүмкіндіктерін анықтау;
2) инвестицияға деген қажеттіліктерін анықтау;
3) жобаны жүзеге асырудағы мақсаттылығын анықтау.
Қаржылық талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі, яғни шығындар мен табыстар жөніндегі есеп берумен кәсіпорынның қаржылық жағдайының негізгі анықталатын табыстары мен шығындары жөніндегі балансында жүргізіледі.
2. Қаржылық талдаудың келесідей негізгі әдістері бар:
– горизонтальды талдау әдісі – бұл базалық мәліметтерді есеп беру мәлімдемесімен салыстыруда негізделеді.
– Вертикальды талдау әдісі – бұл бірнеше коммерциялық көрсеткіштердің 1 көрсеткішке қатынасын есептеу болып табылады. Бұл талдау әдісі арқылы үлес салмақ есептеледі.
– Факторлы талдау әдісі – егер 1 көрсеткіш жеке көрсетілсе, онда оны сол 1 көрсеткішке көбейте және бөле отырып, факторлы модельдің мультипликаторын алуға болады.
– Салыстырмалы талдау әдісі – бұл кәсіпорынның салада алатын орнын анықтау үшін қолданылады.
– Индекстік талдау әдісі – бұл уақыт пен кеңістікті қарастыратын көрсеткіштердің мәндерін сипаттайды. Индекстік талдау арқылы жалпы көрсеткіштің өзіне жеке факторының әсер ету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
– Инвестициялық жобаның жасалынуын қаржылық бағалау – ақша ағымының әрбір кезеңдегі жүзеге асырылуын болашақта пайда алуды және инвестициялық жобаны болашақта жүзеге асыруды түсінуге болады.
– Кәсіпорынньщ қаржылық жағдайы келесідей түрлер бойынша болады:
1) мүліктік жағдайын бағалау – бұл кәсіпорынның активтерінің жағдайы мен активтерінің құрылысын сипаттайды;
2) өтімділікті бағалау – өтімділік терминінің екі ұғымы бар:
– бұл ақшаға айырбасталатын қабылдаулармен сипатталады. 2 ерекшелігімен ерекшеленеді:
1) тез ақшаға ауысуы;
2) ақшаға ауысуы процесінде өзінің номиналдық құнын сақтайды.
– Баланс өтімділігі – бұл кәсіпорынның айналыс активтерін пайдалану арқылы қысқа мерзімді міндеттер бойынша есеп айырысу қаділетімен сипатталады.
– Қаржылық тұрақтылығын бағалау – бұл кәсіпорынның өз меншігіндегі қаражаттар есебінен қызмет ету мүмкіндігі және оның сыртқы факторлардан тәуелсіздік деңгейін анықтаумен сипатталады.
– Іскерлік белсенділікті бағалау – бұл кәсіпорынның нәтижелілігімен сипатталады.
– Рентабельділігін бағалау – бұл пайданың шығынға, өнім өндіру көлеміне, активтер құрамына қатысатынын анықтайды.
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
1. Кәсіпорын деңгейіндегі экономикалық тиімділіктің өндірістік нәтижелерінің ағымдық шығындары мен инвестициясын есептейді және кәсіпорын жұмыскерлеріне және олардың жанұяларының мүшелеріне қатысты әлеуметтік нәтижелерді есептеуге де мүмкіндік береді. Коммерциялық тиімділік бұл талап етілген табыстың нормасын қамтамасыз ететін қаржылық шығындар мен нәтижелердің қатынасын анықтайтын тиімділік болып табылады.
Бюджеттік тиімділік – жобаны жүзеге асыру нәтижелерінің бюджеттің табыстары мен шығындарына әсерін көрсетеді. Тиімділікті тағы да 2 түрге бөледі:
1) жобаның жалпы тиімділігі;
2) жобаға қатысудың тиімділігі.
2. Инвестицияның тиімділігі инвестормен байланысты шығындар мен нәтижелердің қатынасын көрсететін және инвестицияның экономикалық артықшылықтарын көрсету болып табылады.
Инвестицияның тиімді көрсеткіші келесідей түрлер бойынша жіктеледі:
1) инвестицияның экономикалық тиімділігінің келесі белгілері бойынша жіктеуге болады:
• абсолютті
• қатысты
• уақытша
2) әрбір уақытта болатын ақша шығындары мен нәтижелерін салыстыру әдісі бойынша:
• статистикалық
• динамикалық
Статистикалық әдіс, бұл есептік бағаларға негізінен әдістерді атайды. Түрлері:
• инвестицияның өтелу мерзімі әдісі
• инвестицияның тиімділік коэффициенті әдісі
3) инвестициялық жобаларды бағыттаудың динамикалық әдістеріне келесілер жатады:
1) таза дисконтталған табыс (келтірілген табыс);
2) инвестицияның рентабель индекс әдісі;
3) ішкі рентабельділік нормасы әдісі;
4) инвестициялық дисконтталған өтелу мерзімі әдісі.
Бақылау сұрақтары:
1. Инвестициялық қызметтің объектілері мен субъектілеріне нелер жатады?
2. Инвестициялық саясат дегеніміз не?
3. Инвестициялық саясаттың қандай типтері бар?
4. Жобалық несиелеу дегеніміз не?
5. Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістеріне нелер жатады?
6. Жобалық талдаудың қандай түрлері бар?
7. Коммерциялық талдау қалай сипатталады?