Читать книгу Деген екен - Баянғали Әлімжанов - Страница 12
Мәдениетті қойлар
ОглавлениеБаянғали Алматыда қызмет iстеп жүргенде Москвада оқитын Монғол елiнiң жазушылары Жағдалын Лхагва, Гунсен екеуiн халық шаруашылығы жетiстiктерiнiң көрмесiне қыдыртып апарады. Сонда сарық қойлардың беттерi берi қарап түскен суретiн көрiп, екi қонақтың бiрi:
– Почему так снимали? Где курдюк? – деп сұрайды. Оның қазақтың құйрықты қойларын iздеп тұрғанын түсiнген Баянғали:
– Наши овцы цивилизованные, гостям не показывают свой зад! – деген екен.