Читать книгу Деген екен - Баянғали Әлімжанов - Страница 6
Үш президент пен ақын
Оглавление1996 жылдың шiлде айында Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев, Өзбекстан президентi Ислам Каримов, Қырғызстан президентi Асқар Ақаев Көкшетауда бас қосты. Үш президенттiң алдында жыр толғаған ақын Нұрекеңдi туған күнiмен құттықтапты.
Нұреке, құтты болсын ер жасы – елу алты,
Өркендеп туған елмен бiрге шалқы!
Сiздерге ақ тiлегiн қосып отыр
Бiр туған қазақ, қырғыз, өзбек халқы!
Ислам аға, қош келдiң
Алдыңнан шықтым әкалап,
Ордалы он сан өзбектi
Ту астына жидырдың,
Бiр арнаға сидырдың,
Ұры менен қарыны
Бiр жарлықпен тидырдың!
Өзбек, қазақ, қырғызға
Туыстықты күй қылдың!
Құрметтi ағаң Асекең,
Ел қырғыздың басы екен,
Қош келдiң Көкше жерiне,
Сұлу сексен көлiне,
Өз елiңдей жарасып,
Шыға бер, аға, әрдайым,
Дархан қазақ төрiне!!!
Қазақ, қырғыз, өзбегiм – туған бауыр,
Бөтен бе сiздiң қышлақ, бiздiң ауыл?!
Тұтасып, бiр-бiрiңе пана болып,
Тұрыңдар, аннан-мыннан соқса дауыл,
Ұрпағым, бөлiнбе деп жатқан шығар
Ташкенде Төле би мен Шайхантауыр!
Бар әлемнiң алдында
Жарқырай берсiн жүздерiң,
Ұзағынан болсын алдыңда
Бұдан да жақсы кездерiң,
Қол ұстасып жасай бер
Қазақ, қырғыз, өзбегiм!!!
Президенттер ақынға алғыс айтыпты. Ислам Каримов ұшып тұрып, Баянғалиды құшақтап: «Тошкенге келиң!» – деп, қонаққа шақырыпты.