Читать книгу Деген екен - Баянғали Әлімжанов - Страница 14
Жұлдыз бен арт
ОглавлениеЖазушылар Одағы үйiнiң астыңғы қабатындағы «Қаламгер» дәмханасында әдебиет сыншысы, марқұм Төлеген Тоқбергенов Баянғалимен кездесiп қалады. Ол кезде Баянғалидың «Жұлдыз» журналына жұмысқа жаңа тұрған уақыты екен. Сонда Төлеген қарлығып шығатын дауысымен Баянғалиға: «Әй, «Жұлдызға» келдiң… «Жұлдызға» келдiң… Ендi артыңды қысып жүр!» – дептi, иығынан жұдырығымен қойғылап тұрып.
Баянғали ағасына қарап: «Ойбай, Төке-ау, жерде қыспаған артты жұлдызға шыққасын қысқан ұят емес пе?» – деген екен.