Читать книгу Деген екен - Баянғали Әлімжанов - Страница 18
Көңіл күйі
ОглавлениеМеталлурггтер күнiнде (Темiртау, шiлде, 1992 ж.) бiр киiз үйде Баянғали Айман Мұсақожаевамен жүздеседi. Дастархан басында: «Ақын неге үндемейдi?» – дептi әйгiлi скрипкашы. Сонда Баянғали:
Кiм десем мына сұлу – Айман екен,
Әлемге қазақ атын жайған екен,
Дүниенi көркейтiп күйiменен
Күлiмдеген қыз жайлы ойға кетем,
Әнi мен сәнi ғажап үйлескен жан
Күннен бе екен, жоқ әлде айдан ба екен?!
Айманымды әйбәттап барады деп
Жанындағы жолдасы қызғанып қап,
Сорымыз Темiртауда қайнар ма екен?!
– деп әзiлдеп, отырған меймандарға бiраз өлең шығарыпты. Қоштасарда Айман Баянғалиға алғыс айтып, ризашылық сезiмiн бiлдiрген екен.