Читать книгу СОҒАДЫ ТУЛАП ЖҮРЕГІ. ӨЛЕҢДЕР - Мұрат Әбдірахманов - Страница 10

САҒЫНЫШ САЗЫ
ӘР ТАҚЫРЫПҚА АРНАҒАН ӨЛЕҢДЕР
СӘДУАҚАС ҒЫЛМАНИГЕ АРНАУ ӨЛЕҢ

Оглавление

(Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының басшысы (1943—1992), Қазақстанның қазиы (1951—1972), қоғам және дін қайраткері, ақын, аудармашы)


Алла сөзін үмметіне нұр еткен,

Мұхаммедтей бұл фәниден кім өткен.

Әділ діннің дәнін сеуіп жадына,

Жамағаттың жүрегіне мол еккен.


Заманалар жаңылғанда күйістен.

Ардақтардың тағдырлары түйіскен.

«Гүлді өмірді ауыр тұман басқанда».

Қаскөйлермен дінді қорғап күрескен.


Мал мен жанын пида етіп бұл жолға,

Пайғамбардың көк байрағын ту еткен.

Асылзада, ел еркесі, нар тұлға —

Бұл өмірден Сәкең сынды ұл да өткен.


Ана тілдің мәртебесін жыр етіп,

Ұлт тіліне болған екен тым жетік.

110 мың сөз арабшадан аударған,

«Мәуліт» жырын қазағыма үндетіп.



Бүгінде біз – ұрпақтары Сәкеңнің,

Аруағына басымызды иеміз.

Ардақтардың Алаш туын көтерген

Қатарынан өр тұлғасын көреміз.


Астана қ., 2013 жыл, 3 наурыз.

Садуақас Ғылмани және Мұраттың әкесі Мұсайбек Әбдірахманұлы (оң жақта) жақын жолдас болған. Мұраттан кейінгі туған іні-қарындастары- туғанда Садуақас Ғылмани өзі азан шақырып Капия, Қамат, Алмазия есімдерін қойған.

СОҒАДЫ ТУЛАП ЖҮРЕГІ. ӨЛЕҢДЕР

Подняться наверх