Читать книгу СОҒАДЫ ТУЛАП ЖҮРЕГІ. ӨЛЕҢДЕР - Мұрат Әбдірахманов - Страница 14
САҒЫНЫШ САЗЫ
ӘР ТАҚЫРЫПҚА АРНАҒАН ӨЛЕҢДЕР
ТЕМIРЖОЛШЫ КҮНІМЕН!
ОглавлениеҚазақстан байтақ елімде,
Сарыарқа жазық жерімде.
Шуақты жайлы күндерде,
Тұманды нелер түндерде.
Арайлы таңмен жарысып,
Самалды кешпен қауышып,
Құрыш жолмен Отарба,
Жүйткиді талмай табаны.
Алып қой оның қадамы,
Тұлпардайын дүбірі,
Құлаққа жайлы бұл үні,
Желдей есіп даламда,
Желмаядай шабады.
Бір айлық жолды қусырып,
Бір – ақ күнде алады.
Айқыш-ұйкыш іздері
Көз ұшында калады.
Алыс-жақын елдерге,
Көкорай шалғын белдерге,
Айдыны шалқар көлдерге,
Аңсаған туған жерлерге,
Апарып бізді салады.
Мың да бір сізге рахмет,
Теміржолшы бауырлар,
Денсаулығың зор болсын,
Қыдыр қонып қасыңа,
Дәулетіңіз мол болсын.
Локомотив тұлпардың,
Адымы болсын алымды,
Сапарларың оң болсын,
Әрқашанда жол болсын!
Тамыз 2005 жыл.