Читать книгу СОҒАДЫ ТУЛАП ЖҮРЕГІ. ӨЛЕҢДЕР - Мұрат Әбдірахманов - Страница 15
САҒЫНЫШ САЗЫ
ӘР ТАҚЫРЫПҚА АРНАҒАН ӨЛЕҢДЕР
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Оглавление«Кәрі құда» ызғарлы қыс ығысып,
Келді Наурыз киелі даламызға.
Жаңарып, әсемденіп, бойын түзеп,
Қалыпты көріктеніп қаламыз да.
Нұрланып арулардың әсем жүзі,
Еседі наурыздың самал желі.
Аңсаған арманына жетемін деп,
Алабұртып, асыққан көңілдері.
Отаны жүз сан ұлыс – Тұран елі,
«Абылай өтпес» арқаның асқар белі.
Ынтымағы шайқалмай халқымыздың,
Жайнай берсін гүлденіп туған жері.
Ұлыстың Ұлы күні, әріптестер,
Қуанышқа, шаттыққа толы болсын.
Қыдыр қонып, Наурызда отбасына,
Дастархандар молынан асқа толсын!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда жүрсек жол болсын!
Кереку. 2005 ж.