Читать книгу СОҒАДЫ ТУЛАП ЖҮРЕГІ. ӨЛЕҢДЕР - Мұрат Әбдірахманов - Страница 13
САҒЫНЫШ САЗЫ
ӘР ТАҚЫРЫПҚА АРНАҒАН ӨЛЕҢДЕР
УСПЕН АУДАНЫ ОРТАЛЫҒЫНДА АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІ АШЫЛУ ТОЙЫНА АРНАЛҒАН
ОглавлениеАуданы Керекудің Успен деген,
Шығысын облыстың мекендеген.
Шектескен шекарасы өн бойына
Өлкесі Ресейдің Алтайменен.
Жері бай, суы шипа бұл өлкенің,
Азаматы көп ойлар ел ертеңін.
Көлдерді қолдан жасап, құс қондырып,
Болып отыр ордасы берекенің.
Өкілі әрбір ұлттың қоныстанған,
Ертеден қазақ, орыс бірге қонған.
Немістер бұл өңірге кейін келіп,
Аянбай еңбек етіп, бағы жанған.
Сағынып ата жұртын баба көрген,
Алтайдың аржағынан туыс келген.
Орнықты осы өңірге олар дағы
Қош айтып шет еліне өсіп-өнген.
Бірге өткізген әрдайым мерекені,
Жарасқан ынтымағы ел еселі.
Қазақ тілі мектебін алғаш ашып,
Ұрпаққа тарту етті берекені.
Ғимарат тұрды әсем бой көтеріп,
Масаттанды халайық бұны көріп.
Әкімі облыстың Қайрат мырза
Сөз алды сезіміне ерік беріп.
Тоғысқан тағдырлары осы аймақта
Әкімі облыстың бұған келген
Жыл бұрын құрылысқа қаржы бөлген.
Кереку-Успен ауданы 2006 ж