Читать книгу Экономикалық ілімдер тарихы - Коллектив авторов - Страница 16

КЛАССИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІҢ ПАИДА БОЛУЫ
Франциядағы классикалық саяси экономияның пайда болуы

Оглавление

Франциядағы классикалық саяси экономияның негізін салушы Пьер Буагильбер (1646-1714) болып табылады, оның «Франциядағы бөлшек сауда» және «Байлықтың, ақшаның және салықтың табиғаты туралы пікірлер» еңбектері меркантилистік идеялардың түпкілікті орнығуына теориялық-әдістемелік база болды. Буагильбер Францияда, Англиядағы Петти секілді еңбек құн теориясының негізін қалаушы болып табылды. Құнды оның ақшалай көрінісі ретінде көрсеткен Петтимен салыстырғанда Буагильбер ақша нысанын мүлдем қарастырмаған, ол тауардың тауарға қатынасын, яғни тауардың тікелей айырбасын қарастырған. Ол ақшаны барлық жаманшылықтың кесірі, «шынайы құнға» сәйкес тауар айырбасын бұзатын негізгі себеп деп есептеп, оған барынша қарсы болған. Буагильбер тауар өндірісін сақтап, ақшаны жою қажет деген талап қояды.

П. Буагильбер меркантилизмге, соның ішінде Кольбер саясатына сыни көзқараспен қараған. Оның пайымдауынша, жоғары салық төлеп жүрген шаруалардың кедейленуінің себебі осы кольбертизм болып табылады. Одан басқа сол кездері Францияның провинцияларының арасында кедендік шекаралар болған, ал бұл ішкі сауданың дамуын елеулі түрде тежеген. Буагильбер орын алған жағдайларды жою үшін бірнеше реформаларды ұсынды: біріншіден, салықтық реформа: дін басылар және ақсүйектерден жеңілдіктерді алып тастап, шаруалардан алынатын салықты төмендету; екіншіден, ішкі саудаға қойылған шектеулерді жойып, еркін бидай нарығын енгізу арқылы ауыл шаруашылығын дамыту.

Экономикалық ілімдер тарихы

Подняться наверх