Читать книгу Экономикалық ілімдер тарихы - Коллектив авторов - Страница 20

КЛАССИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІҢ ПАИДА БОЛУЫ
Тест тапсырмалары:

Оглавление

1. Классикалық либерализм өкілдері мемлекетке қандай рөл берді?

A. мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету;

B. сыртқы және ішкі қауіпсіздік;

C. көлікті ұйымдастыру және білім мен денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету;

D. мемлекеттік заңдарды қамтамасыз ету;

Е. барлығы дұрыс.

2. Классикалық саяси экономияга сәйкес ақша – бұл:

A. адамдардың жаңалығы;

B. экономикалық өсудің маңызды факторы;

C. қоғамдық байлықтың негізгі элементі;

D. айырбасты жеңілдететін айналым құралы;

Е. билеушілер енгізген тауар.

3. У. Петти және П. Буагильбер негізін салган құн теориясында құн немен анықталады?

A. еңбек шығындарымен (еңбек теориясы);

B. өндіріс шығындарымен (шығындар теориясы) ;

C. шекті пайдалылықпен;

D. пайдалылықпен;

Е. дұрыс жауабы жоқ.

4. Д.Юм теориясына сәйкес, баға деңгейі немен анықталады?

A. еңбек шығындарымен;

B. өндіріс шығындарымен;

C. елдегі ақша көлемімен;

D. сұраныс шамасымен;

Е. халық санымен.

5. Физиократтар ел байлыгын көбейтудің негізгі көзі деп нені есептеген?

A. ауыл шаруашылығы;

B. сыртқы сауда;

C. ішкі сауда;

D. ірі өнеркәсіп;

Е. мануфактуралық өндіріс.

6. Ф.Кенэ неліктен жер өңдеушілер еңбегін өнімді деп атады?

A. жер өңдеуде материалдық құндылықтар жасалады;

B. жер өңдеуде тұтынудың негізгі заттары жасалады;

C. жер өңдеуде таза өнім жасалады;

D. жер өңдеумен тұрғындардың негізгі бөлігі айналысады;

Е. жер өңдеуде негізгі өндіріс факторы – жер.

7. Ф. Кенэ қогамды қандай таптарга бөлген?

A. жер иелері және шаруалар;

B. өнеркәсіпшілер, жер өңдеушілер және дін өкілдері;

С. меншік иелері, өндірушілер және бедеу (өндірмейтін) таптар;

D. кәсіпкерлер, фермерлер, жалдамалы жұмысшылар;

Е. жер иелері, капиталистер, жалдамалы жұмысшылар.

8. Ф. Кенэнің экономикалық кестесі нені көрсетеді?

A. мемлекеттік бюджет құрылымын;

B. қоғамдық өнімнің қайта өндірілуі және айналымын;

C. капиталдың негізгі және айналмалы болып бөлінуін;

D. экономикалық өсуді;

Е. дұрыс жауабы жоқ.

9. Экономикалық либерализм цагидаларъта қай ереже сәйкес?

A. мемлекет азаматтардың экономикалық қызметіне араласпайды;

B. капиталды пайдалануға және орнын ауыстыруға шектеу жоқ;

C. мемлекет жалақыны реттемейді;

D. мемлекет азаматтардың өмірін, мүлкін және бостандығын қорғай отырып, олардан салық алады;

Е. барлығы дұрыс.

Экономикалық ілімдер тарихы

Подняться наверх