Читать книгу Экономикалық ілімдер тарихы - Коллектив авторов - Страница 3
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМДЕР ТАРИХЫНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Экономикалық ілімдер тарихы пәнінің талдау әдістемесі
ОглавлениеЭкономикалық ілімдер тарихын зерделеуде «экономикалық өмірді дұрыс анықтайтын, экономикалық ілімдер тарихын әділ бағалайтын өлшемдер мен көрсеткіштер болуы шарт»3. Кез келген басқа да әлеуметтік пән сияқты экономикалық ілімдер тарихы қоғамдық-экономикалық талдау әдістемесінің басты қағидаларына негізделеді. Оларға келесілер жатады:
– біріншіден, ғылыми абстракция қағидасы: кез келген экономикалық категорияның қалыптасуы «таза» қызмет ету моделі (нысаны) ретінде, яғни ішкі себеп-салдарлық байланыстар механизмі шегінде қарастырылады; бұл көптеген экономикалық үрдістер мен құбылыстардың ішкі болмысын анықтауға және барлық экономикалық феномендердің тәжірибелік иерархиясы жағына алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді;
– екіншіден, материалистік диалектика қағидасы: экономиканың дамуы – бұл бастапқыда әртүрлі нысандарда көрінген нақты өндіріс үрдісі, сондықтан теориялық экономика осы материалистік үрдісті бейнелейтін категорияларды қолданады, ал біздің курста классикалық диалектика, яғни кездейсоқ қалыптасу, мәндік сипаттамаларының жинақталуы, ішкі қайшылықтардың әрекеті нәтижесінде модификациялануы және басқа сапалық жағдайға ауысуы тұрғысында қарастырады;
– үшіншіден, тарихи қағида, осы курстың пәнімен анықталады, өйткені, біз, экономикалық базис туралы көзқарастардың теориялық эволюциясымен қатар оның тарихи құрамдас бөлігін де талдаймыз; ретроспективтік көзқарас тек әртүрлі елдердегі концепциялардың экономикалық тарихының ерекшеліктерін ғана анықтап қоймай, сондай-ақ тарихи жағдайларға, этнографиялық және құқықтық ерекшеліктерге, дүниетанымның әр түрлілігіне қарамастан, шаруашылық жүйелердің жалпы қызмет ету алгоритмін анықтайды;
– төртіншіден, негізгі және жүйе құраушы элемент ретіндегі монизм қағидасы; экономика туралы әр түрлі дәуірлердегі пікірлердің, ұғымдардың көптүрлілігі бір өлшем – дамудың жалпылығы арқылы талданады, сондықтан экономикалық ілімдердің тарихы ұлттық сипаттан жоғары тұрады.
Әрине, экономикалық ілімдер тарихының мәнін екі құрамдас бөліктер – қоғамдық ұдайы өндірістің тарихы және гносеологиясы құрайды, және нақ осылар экономикалық ілім жүйелерін кезеңдеудің өлшемдерін анықтайды. Дәстүрлі негізгі өлшем ретінде қоғамның әлеуметтік құрылымы саналады, бұл өлшем таптық ұстанымда, сәйкесінше, таптық қоғамның әлеуметтік-экономикалық қайшылықтарын қарастырады. Оның үстіне адамзат тарихын қоғамдық-экономикалық формацияларға бөлу – уақыт бойынша тарихи бірізділікке сәйкес келеді, бұл талдауды жеңілдетеді. Кезеңге бөлудің таптық өлшемінің кемшілігі – айқын көрінетін әлеуметтік доминант болып табылады, ол әлеуметтік бейтараптық жағдайында қалып, экономикалық даму мен өркендеудің құрамдастарын әділ, бейтарап қарастыруға мүмкіндік бермейді.
Таптық өлшемге шамадан тыс бой алдыру көбінесе қандай да бір шаруашылық жүйенің мадақталуына немесе «экономикалық мифтік шығармашылыққа» әкеледі, бұл әрине, әрі экономикалық теорияны бұрмалайды, әрі оның даму ауқымын тарылтады.
3
Экономикалық ілімдер тарихы: оқу құралы. / Р.Елемесовтың редакциялауы- мен шығарылды. – Алматы: «Қазақ университеті», 1997 – 7 б.