Читать книгу Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы - А. Турлыбекова - Страница 10
2-ТАРАУ
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ЭМИССИЯЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
2.4 Эмиссиялық бағалы қағаздар айналымы
ОглавлениеЭмиссиялық бағалы қағаздардың қайталама бағалы қағаздар нарығындағы айналымы бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында осы бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасуы арқылы жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган:
1. инвесторлардың эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуы процесінде олардың құқықтары мен мүдделерін;
2. эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жасасудың талаптары мен тәртібін белгілейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген талаптар бұзылған жағдайда, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімдері жүйесінде және (немесе) бағалы қағаздарды нақты ұстауды есепке алу жүйесінде барлық немесе жекелеген жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздардың бәрін немесе бір бөлігін оқшаулау арқылы эмиссиялық бағалы қағаздар айналымын тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Эмиссиялық бағалы қағаздар айналымын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган эмитентке және мәміле жасасуға қатысатын (қатысқан) тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқама жібереді. Аталған тұлғалар анықталған тәртіп бұзушылықтарды уәкілетті орган белгілеген мерзімде жоюға және нұсқаманың орындалғаны туралы не анықталған бұзушылықтарды жою мүмкін еместігі туралы уәкілетті органға жазбаша есеп беруге міндетті.
Уәкілетті орган эмиссиялық бағалы қағаздар айналымын тоқтата тұру туралы шешімді эмитентке, тіркеушіге және орталық депозитарийге жібереді.
Тіркеуші және орталық депозитарий уәкілетті органның эмиссиялық бағалы қағаздардың айналымын тоқтата тұру туралы хабарламасын алған кезден бастап бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімі жүйесіндегі және нақты ұстауды есепке алу жүйесіндегі айналымы тоқтатыла тұрған бағалы қағаздар мен мәмілелердің тіркелуін тоқтата тұруға міндетті.
Нақты ұстаушы орталық депозитарийдің хабарламасын алған кезден бастап жиырма төрт сағаттың ішінде өзінің клиентін клиенттің нақты ұстауды есепке алу жүйесіндегі шоты бойынша бағалы қағаздармен мәміле жасасуын тіркеуді тоқтата тұруы туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Кемшіліктер жойылғаннан кейін бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімдері жүйесіндегі және бағалы қағаздарды нақты ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді қайта жаңғырту уәкілетті органның эмитентке, тіркеушіге және орталық депозитарийге бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді қайта жаңғырту туралы шешім қабылданған кезден бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жіберілген жазбаша хабарламасы негізінде жүзеге асырылады.
Қайталама бағалы қағаздар нарығында айналымда жүрген акциялар шығарылымын жою туралы шешімді уәкілетті орган акционерлік қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда акционерлік қоғам акционерлері жалпы жиналысының акциялар шығарылымын жою туралы шешіміне немесе оның таратылуына байланысты, сот шешімі негізінде қабылдайды.
Эмитент акциялар шығарылымын жою үшін, уәкілетті органға:
1. жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану немесе эмитентті мәжбүрлеп тарату (қайта ұйымдастыру) туралы сот шешімінің көшірмесін немесе акционерлік қоғамның қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты жарияланған акциялар шығарылымын жою туралы акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесін;
2. жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, жарияланған акциялар шығару проспектісін, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді және уәкілетті органның акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту туралы хабарламасын табыс етеді.
Сот немесе атқарушы іс жүргізу органдары жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану немесе мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімін тапсырған жағдайда уәкілетті орган акциялар шығарылымын жою туралы шешім қабылдайды және бұл жөнінде эмитентті хабардар етеді.
Шығарылымына қатысты уәкілетті орган жою туралы шешім қабылдаған акциялармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасуға тыйым салынады.
Эмитент уәкілетті органның акциялар шығарылымын жою туралы хабарламасын алған кезден бастап күнтізбелік жеті күн ішінде бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат жариялауға міндетті.
Уәкілетті орган акциялар шығарылымын жою туралы шешімді эмитентке, тіркеушіге және орталық депозитарийге жібереді.
Жарияланған акциялар шығарылымының жойылуына байланысты эмитенттің бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерін тіркеуді тоқтату тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
Облигациялар шығарылымын жою туралы шешімді уәкілетті орган облигациялар шығарылымын жою туралы шешім қабылдаған эмитент органының шешімі негізінде осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаған жағдайда қабылдайды.
Қайталама бағалы қағаздар нарығындағы эмиссиялық бағалы қағаздар айналымы кезеңінде эмитент Қазақстан Республикасының заңдарында және эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісінде белгіленген бағалы қағаздар бойынша кіріс төлеу тәртібін сақтауға міндетті.
Облигациялар бойынша кіріс және облигациялардың нақты құны оларды өтеу кезінде осы төлемдер жүзеге асырылатын кезеңнің соңғы күнінің басындағы жағдай бойынша оларды алуға құқығы бар тұлғаларға төленеді.
Эмиссиялық бағалы қағаздар және облигациялардың нақты құны бойынша кіріс төлеуді оларды өтеу кезінде эмитент дербес немесе төлем агенті көрсететін қызметті пайдалана отырып жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу кезінде олардың нақты құнын төлеуді жүзеге асыру үшін төлем агентін сайлау туралы шешімді өз жарғысына сәйкес эмитент органы қабылдайды.
Төлем агенті көрсететін қызметтерді пайдалану туралы шешім қабылданған жағдайда эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісінде төлем агенті туралы мынадай мәліметтер:
1. төлем агентінің толық атауы;
2. төлем агентінің және оның бағалы қағаздар бойынша кіріс (облигациялардың нақты құнын) төлеуді жүзеге асыратын барлық филиалдарының орналасқан жері, реквизиттері болуға тиіс.
Төлем агенті өзгерген жағдайда эмитент эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісіне өзгерістер енгізуге және оларды тіркеу үшін осындай өзгеріс жасалған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кіріс және облигациялардың нақты құны оларды өтеу кезінде эмитенттің кінәсінен төленбеген, сондай-ақ толық төленбеген жағдайда эмитент бағалы қағаздарды ұстаушыларға негізгі міндеттеменің сомасын және мерзімі өткен әр күн үшін ақшалай міндеттемені немесе оның тиісті бөлігін орындау күніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негізге ала отырып есептелген өсімпұл төлеуге міндетті.