Читать книгу Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір - Коллектив авторов - Страница 14
ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАРАБОЗЫ
ШЕЖІРЕ МӘЛІМЕТТЕРІ
ОглавлениеXV ғасыр мұрасы «Шипагерлік баян» атты кітаптың «Тектелгі» (шежіре) тарауын арнайы тексерген жөн. Мұнда қазақтың шығу тегі, үш жүзі, тарихи оқиғалар елесі, жер-әлемді су басқаны туралы, «тасқа ойылған жазу қалдырылғаны» туралы мәлімет бар. Осылардан маңызды үзінділерін келтіруді жөн көрдік.
1. «Жауһар сақалы ақ игі шижаламағылықтаулығында далдағы Қазғақ болымы аяндық. Қазғақ беттелгі Созғақ күнби. Ол шақ ел жиіркенгі Созғақ күнбі» (Тілеуқабылұлы Ө. Шипагерлік баян. Алматы, 1996. – 404-б.).
(Жауһар ақсақал жарықтықтың жазбаша айтуынша, Қазғақ дәурендеп өткен бір заманның болғаны айқын. Қазғақ Созғақ күнбиге әшкере қарсы шыққан. Сол кезде Созғақ күнбиге ел наразы болған).
2. «Ел мақұлдаулық ілескі. Қазғақ қол бастағы жол жетеклегі. Қан аққылауық су. Шабысқы, алысқы, алым, шалым. Әлек. Соңғылық Қазғақ Созғақ күнбиді қайта қайырылғысыздық күн тұрмастаулықтағандық Қазғақты күнби дегізулік. Ел қуанғы. Қазғақ иелік төр шығар аға отырғылықтаулықтады. Тақ орнау тапқы. Ел ойнақы шаттан, оразды қуанғы жиырландырғы. Ұшан-ұшсыз ел аталғы Қазғақ жиналғысы делінгілік. Қазақ нәсіп игі басталғы көзгі» (Сонда. 405-б.).
(Ел мақұлдап, Қазғаққа ілесті, қол басылық әміріне бойсұнды. Қан судай ақты, шабысты, арпалысты, жеңді, жеңілді, бейнет тартты. Ақырында, Қазғақ Созғақ күнбиді қайта тап беруге шамасын келтірмей, күн шыға өлтіргені Қазғаққа күнбилік қондырды. Ел жырғады. Қазғақ төр иесі аға атанып, орнаулы тағына отырды. Халық бақытқа кенеліп, шаттық мерейінде қуана биге басты. Ұшы-қиырсыз ел аты Қазғақ халқы деп аталды. Қазақ атану содан басталғаны айқын).
3. «Ел арыс ұлысы қос қол есе көз құлақ жиналғысы Алаш деулік, Ұлыс ұлы күн деулік» (Сонда. 405-бет).
(Қырық [10x4=40] арыс ұлыс халқы «Алаш» делінді, той күнін Ұлыстың ұлы күні деп атады).
4. «Қос қол есе кез құлақ арыс ұлыс алаш тарамдалғысы дараланғылықтаулық арыс делінгі» (Сонда. 406-бет).
(Қырық арыс ұлыс алаш жеке-жеке «арыс» делінді. Арыс – ұлыстың тармақталып таратылған тармағы).
5. «Оң қолғанат оң иық етек басқы, тік қаздиғы. Сол қолғанат сол етек басқы. Тізілгі қу тақылет. Қазғақ күнби төр төбелік ағатақ орнаулық етек басқы, ел көзгі» (Сонда. 408-бет).