Читать книгу Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір - Коллектив авторов - Страница 4
АМАНЖОЛОВ АЛТАЙ СӘРСЕНҰЛЫ
ОглавлениеАманжолов Алтай Сәрсенұлы (02.06.1934, Алматы қаласы – 08.10. 2012) – түркітанушы, филология ғылымдарының докторы (1976), профессор (1978), Қазақстан Қоғамдық ғылым академиясының толық мүшесі (1995).
Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Шығыс тілдері институтының (1957) аспирантурасын (1963) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Тіл және әдебиет институтында кіші ғылым қызметкері (1957-1960, 1966). Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық институнда доцент, кафедра меңгерушісі (1966-1979, қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті), ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі (1979-1995, қазіргі ҚазҰУ), профессор (1995 жылдан), көне түркі жазба орталығының директоры қызметтерін атқарған. Ленинград университетінде (1980), Пекин университетінде (1986-1987) ғылыми білімін жетілдірді. Қаратеңіз техникалық университетінде (1993-1994, Түркия, Трабзон қаласы) қызмет етті.
1995 жылдан жалпы тіл білімі кафедрасында профессор болып қызмет атқарған. «Көне түркі жазуының тарихы туралы деректер мен зерттеулер» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. Аманжолов зерттеулерінің басты бағыты – көне түркі жазу ескерткіштерінің тілі, көне түркі жазуының тарихы, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, түркі руникалық графикасы мәселелері. Осы салада бірнеше монографиясы, оқулықтары, ғылыми мақалалары (жалпы саны 200-ден астам) жарық көрді. «Құрмет» ордені (1999), медальдармен және «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен (2004) марапатталған.
Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық.
– Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012. – Т.1. – 283 б.