Читать книгу Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35 - Коллектив авторов - Страница 9

ӨМІР ӨТКЕЛДЕРІ
АРЫСБАЙ АТАМНЫҢ БАТАСЫ

Оглавление

Менің мектеп бітіріп, Алматыға оқуға кетейін деп жатқанымды естіп, біздің Ұзынбұлақ ауылымыздың сыйлы, ел ағасы болып қалған Елубай деген інімнің әкесі Арысбай атам үйге келді. Ол кісі бұрын болыс, Орта Азия Орталық партия Комитетінің нұсқаушысы болған, өте абыройлы адам еді.

– Әй, Темірбек, мына Садуахас оқуға кетейін деп жатыр екен. Айтпайсың ба? Немене, сорлымысың? Бір қойыңды сойып, құдайы бермейсің бе? – деді ренжи сөйлеп.

Тұрмысымыз онша мақтарлықтай емес еді. Атай әрең деп оны-мұнының басын құрап, тірлік етіп жүрген.

– Мынау Садуахас балама батамды берейін деп ниет етіп, әдейі келдім. Осыдан басқа біздің ортамызда оқуы жақсы баланы көріп тұрғам жоқ, – деп маған қарап. – Айналайын, Садуахас, батамды саған бермегенде кімге берем? – деді.

Атай бір тоқтыны сойды. Ол кезде қыркүйекке дейін астық жинаушы еді. Атай қырмандағы колхоз басқарма төрағасы Досалыны шақыртып алды. Тамақ желініп болған соң, үй толы кісілер есік алдына шықты. Арысбай атам мені атқа мінгізіп қойып, өзі жерде тұрып бата берді.

Сол кісінің аруағы үшін баласы Елубайды қайда барсам да, ылғи қасымнан қалдырмай жетелеп жүрем. Екі институтқа түсірдім. Ағасының балаларын, жиендерін, бәрін оқытып бердім. Арыс қаласына нотариалдық кеңсе бастығы етіп жіберуге жәрдемдестім. Ол ары қарай өз көшін өзі сүйреп алып кетті. Ебі бар жігіт. Сөзді де тауып айтады.

Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35

Подняться наверх