Читать книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева - Страница 1

КІРІСПЕ

Оглавление

Оқу-әдістемелік құралында 1991-2014 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретінде әлемдік қауымдастық тарапынан ресми түрде мойындалуынан бастап, мемлекетаралық дипломатиялық қатынастардың орнауы, мемлекет басшыларының ресми сапарларының, кездесулері мен халықаралық келіссөздердің негізінде халықаралық қарым-қатынастарының қалыптасуының мерзімдік шежіресі қарастырылған.

Бұл оқу-әдістемелік құралының басты мақсаты – студенттер мен магистранттардың Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен дипломатия саласындағы алған негізгі білімдерін жүйелі түрде нақтылы мәліметтермен толықтыру. Сол ретте «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014)» халықаралық қатынастар, аймақтану мамандығында оқылатын «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» пәні бойынша оқу үдерісі барысында белсенді түрде қолданылатын оқу-әдістемелік құралымен қоса нақтылы саяси оқиғалардың дерек көзі болып табылады.

Оқу-әдістемелік құралының негізгі мақсаттары:

⎼ болашақ халықаралық қатынастар саласындағы мамандарды мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретіндегі дипломатиялық қызмет туралы мәліметтермен таныстыру;

⎼ халықаралық қатынастар саласындағы Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен дипломатиялық қызметінің қалыптасуы мен даму эволюциясын қарастыру;

⎼ халықаралық қатынастар тарихындағы маңызды оқиғалардың мерзімдік шежіресін сараптай білуге үйрету.

«Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014)» оқу-әдістемелік құралының негізгі міндеттері:

⎼ Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен дипломатиясы бойынша студенттердің білімдерін кеңейту және жүйелеу;

⎼ Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттестігінің негізгі қағидалары мен бағыттарын айқындау;

⎼ сыртқы саясат пен дипломатиялық қызметтің негізгі түп-тамырын саралау әдістемесін меңгеру.

Оқу-әдістемелік құралын дайындау барысында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің «Дипломатиялық ;аршысы» ресми журналына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Сыртқы істер министрлігінің сайтына, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Президенттің сыртқы саяси қызметі бойынша берілген мерзімдік шежіреге, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының хронологиясын қарастырған тарихи зерттеулер мен дипломатиялық құжаттарға, дипломатия саласындағы ғылыми әдебиеттерге сүйендік.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014)

Подняться наверх