Читать книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева - Страница 13

2001 жыл

Оглавление

5 қаңтар. Алматыда Орталық Азия мемлекет басшыларының Экономикалық коғамдастығының бірінші саммиті өтті. Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық кеңістікті қалыптастыруға байланысты жобасы қолдау тапты.

26 қаңтар. ҚР премьер-министрі Қ. Тоқаев Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумның 31-отырысына қатысты. Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры М. Мурмен кездесу барысында Қ. Тоқаев ДСҰ-ға мүше болу Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыт екендігін жеткізді.

20 ақпан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Куала-Лумпурде Малайзия премьер-министрі М. Мохамадпен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық және халықаралық мәселелер аясында сөз қозғады.

28 ақпан. Еуропа Парламентінің шақыруымен ҚР Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов бастаған қазақстандық делегация Брюссельге аттанды. Сапардың мақсаты – Семей өңіріндегі ядролық сынақтардың салдарын жою мәселелеріне Еуропа Парламентін және Еуропа қауымдастығының назарын аудару.

15-16 наурыз. Қазақстанға жұмыс сапарымен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы А. Гавахи келді. Қонақты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев және премьер-министр Қ. Тоқаев қабылдады.

2 сәуір. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Норвегия корольдігіне ресми сапар шекті. Сапар барысында Норвегия Королі V Харольмен және үкімет басшысы И. Столгенбергпен кездесті.

3 сәуір. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Литва Республикасына ресми сапар шекті. Сапар барысында Литва Президенті В. Адамкуспен, премьер-министрі Р. Паксаспен келіссөздер жүргізді.

23-25 мамыр. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Арменияға ресми сапармен аттанды. Сапар барысында Армения Президенті Р. Кочарянмен келіссөздер жүргізді.

7 маусым. ҚР премьер-министрі Қ. Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Түркияның мемлекеттік министрі А. Чайды қабылдады.

11 маусым. ҚР премьер-министрі Қ. Тоқаев Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Бас хатшысының орынбасары С. Кондо бастаған делегацияны қабылдады.

13 маусым. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің Президенті Ж. Лемьерді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстандағы экономикалық реформалар, Қазақстан мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

14-15 маусым. Шанхайда Шанхай бестігі елдерінің алтыншы саммиті өтті. Саммит барысында, Өзбекстанның мүше болуына байланысты ұйымды «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» ретінде қайта құру туралы шешім қабылданды.

5 шілде. Қазақстанға ресми сапармен Түрікменстан Президенті С. Ниязов келді. Қонақты ел басшысы Н.Ә. Назарбаев қабылдады. Тараптар бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды, соның ішінде Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау үрдісі туралы келісімшартқа қол қойылды.

16 шілде. ҚР Президенті ресми сапармен Грек Республикасына барды. Сапар барысында Грекия Президенті К. Стефанопулоспен кездесті.

18 шілде. ҚР Президенті ресми сапармен Хорватия Республикасына барды. Сапар барысында Н.Ә. Назарбаев Хорватия Президенті С. Месичпен кездесті.

24 шілде. ҚР Президенті ресми сапармен Қырғыз Республикасына барды. Сапар барысында екі мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

2 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Сочиде өткен ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

5 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға жеке сапармен келген Испания Королі І Хуан Карлосты қабылдады.

11 қыркүйек. АҚШ-та лаңкестік актілер орын алды. Қазақстан ғаламдық қауіпсіздікке атсалысу үшін Ирактағы халықаралық коалиция күштеріне қосылды. Америкалық тараптың сұрауы бойынша Иракқа инженерлік-саперлік бөлімше жіберілді.

14 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Чжу Жунцзимен кездесті.

13-14 қыркүйек. Алматыда Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер үкіметтері басшыларының отырысы өтті.

14 қыркүйек. Н.Ә. Назарбаев Ресейдің үкімет төрағасы М. Касьяновпен кездесті. Кездесу барысында Каспий мұнайқұбыры консорциумы жобасын бастау және Каспий теңізінің шекарасын делимитациялау жөніндегі келіссөз үрдісі туралы сөз қозғалды.

22-25 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың шақыруымен Рим Папасы ІІ Иоанн Павел мемлекеттік сапармен келді.

26 қыркүйек. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Украина Президенті Л. Кучмамен кездесті.

26 қыркүйек. Н.Ә. Назарбаев АҚШ Президенті Дж. Бушпен телефон арқылы сұхбаттасты.

1 қазан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен Германия Федеративтік Республикасына келді.

4 қазан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев қысқа мерзімді жұмыс сапарымен Түркияға барды.

14 қараша. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Словакия Республикасының Президенті Р. Шустермен кездесті.

16 қараша. Өзбекстан Президенті И. Кәрімовтің Қазақстанға ресми сапары кезінде Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы туралы келісімшартқа қол қойды.

29 қараша. Қазақстан мен Әзірбайжан арасында Каспий теңізінің бөлу туралы келісімшартқа қол қойылды.

17 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев жұмыс сапарымен Испанияға аттанды.

18-21 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды. Екі мемлекет басшысы ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті нығайту туралы мәлімдемеге қол қойды.

22 желтоқсан. Н.Ә. Назарбаев Лондонға сапар шекті. Сапар барысында ол көптеген мемлекеттік және қоғам қайраткерлерімен, соның ішінде Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі М. Тэтчермен кездесті.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014)

Подняться наверх