Читать книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева - Страница 7
1995 жыл
Оглавление1-3 қаңтар. ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың Бразилия Республикасына жаңа Президент Ф. Кардосоның инагурациясына қатысу үшін ресми сапары болды. Сапар барысында министр Бразилия Президентімен кездесіп, оған ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке жолдамасын табыстады.
1 қаңтар. Қ. Тоқаев Аргентина Республикасының Президенті К. Меномен Бразилия астанасында кездесті. Кездесу кезінде оған Н.Ә. Назарбаевтың жеке жолдауы табысталды.
1 қаңтар. Қ. Тоқаев Аргентина Республикасының Сыртқы істер министрі Г. Марио де Телламен кездесті.
2 қаңтар. Қ. Тоқаев Чили Республикасының Сыртқы істер министрі Х. Инсульзамен кездесті.
4-6 қаңтар. ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың Кубаға ресми сапары. Министр Мемлекеттік кеңестің төрағасы Ф. Кастромен, Сыртқы істер министрімен, Министрлер кабинетінің төраға орынбасарымен, Куба Ұлттық ассамблеясының төрағасымен кездесті.
12 қаңтар. Парижде экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық қазақстандық-француздық жұмысшы тобының үшінші отырысы.
20 қаңтар. Мәскеуде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен РФ Президенті Б.Н. Ельциннің арасында келіссөздер өтті. Келіссөздерден кейін Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы декларацияға, Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан Ресей Федерациясы азаматтарының және Ресей Федерациясында тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы ҚР мен РФ арасындағы келісімге, сонымен қатар Ресейге тұрақты тұру үшін көшіп барған Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп барған Ресей Федерациясы азаматтарының азаматтық алу тәртібін жеңілдету туралы ҚР және РФ арасындағы келісімге қол қойылды. Барлығы 16 құжатқа қол қойылды.
23-24 қаңтар. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Брюссельге сапар шекті. Сапар барысында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында Серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Брюссельде Президент Н.Ә. Назарбаев НАТО-ның Бас хатшысы В. Класспен кездесті.
24 қаңтар. Қазақстан Республикасының Бенилюкс елдеріндегі елшілігінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
25-26 қаңтар. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың АҚШ-қа бірінші ресми сапары болды. Ол Вашингтонда АҚШ вице перзиденті А. Гормен, Президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Э. Лейкпен, Мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары Тарнофф, Қорғаныс министрі У. Перримен, Энергетика министрі О. Лиримен, АҚШ-тың ЖТМ жөніндегі саясатының аға үйлестірушісі Дж. Коллинзбен, ЮСИА директоры Дж. Даффимен, ЮСАИД басшысының орынбасары К. Ланкастермен кездесті. Сонымен қатар конгрестегі республикалық көпшілік өкілдерімен – сенаторлар М. Мак Конел және Р. Лугармен, ОПИК Президенті Р. Харкинмен кездесті.
27-31 қаңтар. Президент Н.Ә. Назарбаев Давостағы (Швейцария) Дүниежүзілік экономикалық форумның жұмысына қатысты. Мемлекет басшысы жиналғандардың назарына республикадағы мұнай кен орындарын бірлесіп игеру жобаларын табыс етті. Президент республиканың табиғи ресурстарға және жоғары білікті мамандарға ие бола отырып, энергоресурстарды Батыс пен Шығысқа жөнелту мәселелерін қарастырып жатқанын атап өтті.
30 қаңтар. Алматыда Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық принциптері туралы келісімге қол қойылды
1-5 ақпан. Үндістанға ҚР Қорғаныс министрі С. Нұрмаханбетовтің ресми сапары. Министр Үндістан премьер-министрі Нарасимха Раомен, үкімет мүшелері, СІМ және Үндістан Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесті. Екі ел әскери мекемелері арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың негізгі бағыттары айтылды.
8 ақпан. Қытай, ядролық клубтың мүшесі бола отырып, Қазақстанға қауіпсіздік кепілін берді.
10 ақпан. ТМД мемлекет басшыларының Алматыдағы кездесуі. ТМД-да Бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау меморандумы құжатына қол қойылды. Бұл құжатқа Армениядан басқа барлық елдер қол қойды. ТМД мүше-елдерінің ТМД халықтары мен әлемдік қауымдастыққа фашизмге қарсы Жеңістің 50 жылдығына орай жолдауы.
3 наурыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Арал теңізін сақтау мәселелері бойынша Орталық Азия мемлекеттер басшыларының кеңесіне қатысу үшін Түрікменстанға сапар шекті.
9 наурыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға сапармен келген Венгрия Республикасының премьер-министрі Д. Хорнді қабылдады.
9 наурыз. Исламабадта Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, ҚХР және Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы транзитті тасымалдар туралы төртжақты келісімге қол қойылды.
10-11 наурыз. Чех Республикасының Сыртқы істер министрі И. Желенцтің Алматыға сапары. ҚР мен ЧР арасындағы 1993 жылғы 13 қыркүйектегі Сыртқы экономикалық ынтымақтастық туралы хаттаманың қосымшаларына қол қойылды.
12 наурыз. ҚР мен Пәкістан үкіметтері арасында халықаралық автомобильдік жол қатынасы туралы келісімге қол қойылды.
20-21 наурыз. АӨСШК дайындығы бойынша арнайы жұмыс тобының алғашқы отырысы.
25 наурыз. Оттавада ҚР мен Канада үкіметтері арасындағы сауда саласы бойынша келісімге қол қойылды.
3-5 сәуір. ҚР үкіметі өкілдерінің ЕО-ның ТАСИС бағдарламасы өкілдерімен қаржыландыруды қажет ететін жобаларды анықтау үшін Алматыдағы Экономика министрлігінде кездесуі өтті.
4-5 сәуір. Алматыда АҚШ Қорғаныс министрі У. Перридің ресми сапары барысында Н.Ә. Назарбаевпен кездесті. Қазақстанға жалпы соммасы 37 млн доллар көлеміндегі төрт грант берілгендігі туралы келісімге қол қойылды.
6-8 сәуір. Алматыға Индонезия Республикасының Президенті Сухарто жұбайымен ресми сапармен келді. Сапар барысында ҚР мен Индонезия Республикасы арасындағы бірлескен мәлімдемеге (Президенттер) қол қойды; Экономикалық және техникалық ынтымақтастық туралы келісімге (Сыртқы істер министрлері) қол қойды
9-11 сәуір. Қазақстанға ресми сапармен ГФР Президенті Р. Херцог келді. Екі ел үкіметі арасында әскери молаларға қамқорлық жасау туралы келісімге, Біріккен қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
10 сәуір. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ГФР Федеральді Президенті Р. Херцогпен кездесті. Екіжақты қатынастардың дамуы туралы мәселелер талқыланды.
14 сәуір. Орталықазиялық одақ мүше-елдері басшыларының, Н.Ә. Назарбаевтың, А. Ақаевтың және И. Кәрімовтің Шымкенттегі кездесуі. Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімнің жүзеге асу үрдісінің негізгі астарлары қарастырылды, Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан арасындағы 2000 жылға дейінгі экономикалық интеграция бағдарламасы бекітілді.
17 сәуір. Корея Республикасында ҚР дипломатиялық өкілділігінің ашылуы.
29 сәуір. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өкілеттілік мерзімін ұзарту бойынша республикалық референдум өтті.
15-18 мамыр. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Корея Республикасына сапары болды. Сапар барысында Корея Республикасының Президенті Ким Ен Саммен және елдің іскерлік өкілдерімен кездесті. Сапар барысында ҚР мен Корея Республикасы арасындағы өзара қатынастары мен ынтымақтастығының негізгі принциптері туралы декларацияға, Мәдени ынтымақтастық туралы келісімге, Ғылыми-технологиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
22 мамыр-1 маусым. Алматыда БҰҰ қарамағында ұлттық татуласу бойынша тәжікаралық келіссөздердің ІV раунды. Келіссөздер барысында әскери тұтқындарды босату туралы және саяси тұтқындарға қатысты өлім жазаларын қысқарту туралы келісімге қол жеткізілді.
24-28 мамыр. Каирде экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық бойынша қазақстандық-мысырлық үкіметаралық комиссияның алғашқы отырысы өтті. Қазақстандық тарапты Жастар ісі, туризм және спорт министрі Б. Айтимова, ал египеттік тарапты Араб Республикасының Халықаралық ынтымақтастық бойынша мемлекеттік министрі Ю.Б. Гали басқарды. Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, ҚР Жастар ісі, туризм және спорт министрлігі мен Мысыр Араб Республикасының Жастар ісі мен спорт бойынша Жоғарғы кеңесі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ұзартылып, осы саладағы әрі қарайғы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
26 мамыр. ТМД мемлекет басшыларының Минскіде саммиті болды. Күн тәртібінде 24 мәселе қойылды: Мемлекетаралық валюталық одақ құру туралы, құқық және адам құқығы бойынша ТМД конвенциялары туралы, Парламентаралық Ассамблея конвенциясы туралы, Тәжікстандағы бейбітшілік операциялары және оларды реттеу туралы, Абхазиядағы бейбітшілік операциясының мандатын ұзарту туралы және т.б.
26 мамыр. ҚР үкіметі мен Молдова Республикасы үкіметі арасындағы еркін сауда туралы келісімге қол қойылды.
30 мамыр-1 маусым. Мәскеуде аккредитацияланған 13 латынамерикалық елшінің Алматыға сапары.
6 маусым. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Парижге сапар шекті. Онда ол Франция Президенті Ж. Ширакпен кездесті. Мемлекет басшылары кейбір салалардағы екіжақты ынтымақтастықты бұдан әрі дамыту жайттарын талқылады.
8 маусым. Н.Ә. Назарбаев Женевада БҰҰ қарусыздану бойынша конференцияның кезекті сессиясында сөз сөйледі.
12 маусым. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға келген Түрік Республикасының Президенті С. Демирелді қабылдады. ҚР мен ТР арасындағы ынтымақтастықтың әрі қарай дамуы мен тереңдеуі туралы декларацияға, Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісімге қол қойылды.
15-16 маусым. Қазақстанға Н.Ә. Назарбаев шақыртуымен мәскеулік әулие ІІ Патриарх Алексей келді.
20-22 маусым. ЮНЕСКО миссиясы Алматыда. Азиялық қайта құру және даму банкімен қаржыланатын білім беру реформасы бойынша жобаның негізгі бағыттары келісілді.
22-26 маусым. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Индонезияға ресми сапар шекті. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Индонезия Президенті Сухартомен келіссөз өткізді.
7-12 тамыз. Алматы мен Семейде Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойын тойлауға байланысты мерекелік іс-шаралар өткізілді. 25 ел мен халықаралық ұйымдардан ел басшылары, премьер-министрлер, көрнекті мемлекет қайраткерлері келді.
8 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Татарстан Президенті М. Шаймиевті қабылдады.
8 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Иран Ислам Республикасының СІМ Али Акбар Велаятиді қабылдады.
9 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ф. Майорды қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастық туралы әңгіме қозғалды. Кездесу соңында Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
15 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға сапармен келген Түрік Республикасының премьер-министрі Т. Чиллерді қабылдады. Бірқатар үкіметаралық келісімдерге қол қойылды.
18 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы елшілігін ашу туралы жарлыққа қол қойды.
23-25 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Пәкістан Ислам Республикасының премьер-министрі Б. Бхуттомен кездесті. Екіжақты қатынастардың болашағы туралы бірлескен мәлімдеме қабылданды. Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша өзара көмек туралы келісімге, Инвестицияларды қолдау, жастар саясаты, еңбек және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы конвенцияларға қол қойылды.
28 тамыз. Бішкекте түркі тілдес елдердің: Әзірбайжан, Түркия, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстанның үшінші кездесуі. Негізгі мәселелер экономикалық, саяси және мәдени ынтымақтастық және қауіпсіздік мәселелеріне қатысты болды.
30 тамыз-1 қыркүйек. Израиль Сыртқы істер министрі Ш. Перестің Алматыға ресми сапары. Ш. Перес ҚР СІМ келіссөздер жүргізді, бірқатар үкіметаралық келісімдерге қол қойылды. Сондай-ақ оны Н.Ә. Назарбаев қабылдады.
11-13 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қытайға ресми сапар шекті. Сапар барысында ҚХР төрағасы Цзян Цзэминьмен және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Пэнмен кездесті.
Сапар барысында ҚР мен ҚХР арасындағы достық қарым-қатынастардың әрі қарай дамуы туралы бірлескен декларацияға, ҚР мен ҚХР Қорғаныс министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға, ҚР мен ҚХР үкіметтері арасындағы Қытайдың Ляньюньган кемежайларын қазақстандық жүктер үшін қолдану туралы келісімге қол қойылды.
19 қыркүйек. Н.Ә. Назарбаевтың Өзбекстанға сапары. Президент И. Кәрімовпен кездесуі кезінде екіжақты қатынастардың дамуы және аймақтық сипаттағы, соның ішінде Тәжікстандағы жағдай талқыланды.
21-22 қыркүйек. Қазақстанға Украина Президенті Л. Кучма келді. Сапар барысында екі ел президенті бірлескен коммюникеге, екі ел арасындағы ары қарайғы экономикалық даму туралы келісімге, Ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, Білім беру салысындағы келісімге қол қойды.
28 қыркүйек. ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 50-сессиясында сөз сөйледі. Ол БҰҰ қызметіне жақсы баға беріп, Қазақстанның әлемдік қауіпсіздік пен ядролық қарусыздану мәселесіне тигізген үлесін атап өтті.
8-9 қазан. ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың ГФР-ге жауапты сапары барысында қазақстандық-германдық екіжақты қатынастардың мәселелері талқыланды.
20 қазан. Н.Ә. Назарбаевтың Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігінде елшіліктің ашылуы туралы бұйрығы.
22 қазан. Н.Ә. Назарбаев Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 50-сессиясында сөз сөйледі.
28 қазан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Палестинаға ресми сапары болды. Н.Ә. Назарбаевтың Палестина басшысы Я. Арафатпен кездесуі барысында екіжақты қатынас мәселелері мен аймақтық және халықаралық өзекті мәселелер талқыланды.
30 қазан. Қазақстанда британдық кеңес өкілдігі ашылды.
30 қазан-4 қараша. Қазақстандық делегация ЮНЕСКО Бас конференциясының ХХVІІІ сессиясы жұмыстарына қатысты. Делегацияны ЮНЕСКО Бас директоры Ф. Майор қабылдады. Сессия жұмыстарының құрметті қонағы Н.Ә. Назарбаев Ф. Майорге президенттік бейбітшілік және діни келісім сыйлығын табыстады.
1 қараша. ҚР, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан СІМ кеңесінің Ташкентте отырысы өтті. Көпжақты ынтымақтастық, орталықазиялық интеграция мәселелері талқыланды.
14 қараша. Мәскеуде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев РФ Президенті Б. Ельцинмен кездесті. Кездесу барысында мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынас және ТМД-дағы интеграциялық үдерістер мәселелерін талқылады.
15 қараша. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Францияға сапар шекті. Сапар барысында мемлекет басшысы Франция Президенті Ж. Ширакпен және ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ф. Майормен кездесті. Өзара түсіністік және екіжақты ынтымақтастықтың әрі қарай дамуы мен тереңдеуі туралы келісімді дайындау үдерісін жылдамдатуды келісті.
15 қараша. Н.Ә. Назарбаев ЮНЕСКО Бас Ассамблеясының ХХVІІІ сессиясында Парижде сөз сөйледі.
20-23 қараша. ҚР премьер-министрі А. Қажыгелдиннің Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігіне ресми сапары.
22 қараша. Тәжікстан Президенті Э. Рахмонов Қазақстанға ресми сапармен келді. Э. Рахмонов өз елінің жақын арада Кедендік одаққа қосылу ниетін білдірді. Сапар барысында сауда, экономикалық ынтымақтастыққа қатысты үкіметаралық бірқатар құжаттарға қол қойылды.
4 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы елшілігін ашу туралы» және «Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі мен халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының өкілдігін ашу туралы» Жарлықтары шықты.
5 желтоқсан. Қазақстан Республикасы мен Еуропа Одағы арасында сауда туралы келісімге қол қойылды.
12 желтоқсан. Конакриде (Гвинея) өткен ИКҰ мүше елдер сыртқы істер министрлерінің конференциясында Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына кірді.
15 желтоқсан. Жамбылда Президенттер Н.Ә. Назарбаевтың, А.А. Ақаевтың, И.А. Кәрімовтің қатысуымен Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының мемлекетаралық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс соңында Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан арасында БҰҰ қамқоршылығымен үш елдің бітімгершілік батальонын құру және қалыптастыру туралы келісімге қол қойылды.
26-27 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Израиль мемлекетіне бірінші ресми сапары болды. Ол Израиль Президенті Э. Вейцманмен, Кнессет төрағасы Ш. Вайспен, премьер-министрі Ш. Переспен, Сыртқы істер министрі Э. Баракпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
27 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Палестинаға сапар шекті. Сапар барысында Палестина басшысы Я. Арафатпен кездесті.