Читать книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева - Страница 4

1992 жыл

Оглавление

1 қаңтар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі таныды.

2 қаңтар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін Норвегия корольдігі таныды.

3 қаңтар. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылды. Екі мемлекет арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум қабылданды.

7 қаңтар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін Француз Республикасы таныды.

16 қаңтар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін Швеция корольдігі таныды.

16 қаңтар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін Куба Республикасы таныды.

18 қаңтар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін Австрия Республикасы таныды.

19 қаңтар. Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияның біріккен корольдігі арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

22 қаңтар. Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

25 қаңтар. Қазақстан Республикасының Президенті мен Француз Республикасының Сыртқы істер министрі Ролан Дюма кездесті. Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

25 қаңтар. Қазақстан Республикасы Президентінің «Экономиканы тұрақтандыру және қайта құрулар жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру туралы» Жарлығы.

25 қаңтар. Мемлекет басшысының атына БҰҰ Бас хатшысы Бутрос Галидің жеделхаты келіп түсті. Онда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1992 жылғы 23 қаңтардағы мәжілісінде Қазақстанды БҰҰ мүшелігіне қабылдау туралы БҰҰ Бас Ассамблеясына кеңес беретін қарар дауысқа қоймастан мақұлданғаны хабарланды.

26 қаңтар. Қазақстан Республикасы мен Жапония арасында дипломатиялық қатынастар Жапония Сыртқы істер министрі М. Ватанабэнің дипломатиялық қатынастар орнату туралы хатының негізінде орнады.

28 қаңтар. Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

29 қаңтар. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

30 қаңтар. Қазақстан Республикасы мен Корей Халық Демократиялық Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылды.

30 қаңтар. Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңеске толық құқылы мүше болды.

1-3 ақпан. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Давостағы (Швейцария) Дүниежүзілік экономикалық форумның жұмысына қатысып, мемлекет және үкімет басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.

3 ақпан. Қазақстан Республикасында АҚШ елшілігі ашылды.

4 ақпан. Қазақстан Республикасы мен Бангладеш Халық Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

8 ақпан. ТМД-ға қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің басшылары Мәскеуде Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге, Гидрометеорология саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге, Транзит тәртібі туралы келісімге қол қойды.

11 ақпан. Қазақстан Республикасы мен Испания корольдігі арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылды.

12 ақпан. Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам мемлекеті арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

18 ақпан. Қазақстан Республикасының мен Жаңа Зеландия дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

18-20 ақпан. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Австрияға жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Н.Ә. Назарбаев Федералды Президент Курт Вальдхайдпен және Федералды канцлері Франц Враницкимен кездесті.

21 ақпан. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Үндістанға ресми сапары басталды. Сапар барысында Н.Ә. Назарбаев Үндістан Президенті Нарасвами Венкатараманмен, премьер-министрі Нарасимха Раомен кездесті. Екіжақты ынтымақтастық саласындағы бірқатар құжаттарға қол қойылды.

23 ақпан. Қазақстан мен Үндістан арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

23 ақпан. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Пәкістанға ресми сапары басталды. Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Гулам Исхак Ханмен және Пәкістан премьер-министрі Н. Шарифпен кездесті.

24 ақпан. Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы қол қойылған Ынтымақтастық қағидалары туралы келісімнің негізінде екіжақты дипломатиялық қатынастар орнатылды.

24 ақпан. Қазақстан Республикасының премьер-министрі С. Терещенконың Қытайға ресми сапары.

2 наурыз. Біріккен ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға толық құқылы мүше болып қабылданды.

2 наурыз. Президент Н.Ә. Назарбаев Қаржы министрі А. Ар-Родан бастаған Кувейт делегациясымен кездесті.

2 наурыз. Президент Н.Ә. Назарбаев Түрік Республикасының Сыртқы істер министрі М.Х. Четин бастаған Түркияның үкіметтік делегациясын қабылдады. Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасында елшілік деңгейінде дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

5 наурыз. Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Африка Республикасы дипломатиялық қатынастар орнату туралы нотамен алмасты.

6 наурыз. Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы нотамен алмасты.

9 наурыз. Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін Аргентина Республикасы таныды.

10 наурыз. Ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша консультациялар өткізу үшін НАТО құрған және НАТО, Шығыс Еуропа, бұрынғы КСРО елдерін біріктірген Солтүстік Атлантика кеңесінің екінші мәжілісінде Қазақстан Солтүстік атлантикалық ынтымақтастық кеңесінің мүшелігіне өтті.

13 наурыз. Қазақстан Республикасы мен Ұлы Социалистік Халықтық Либия Араб Жамахириясы арасында дипломатиялық қатынастарды орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

18 наурыз. ҚР мемлекеттік тәуелсіздігін Чили Республикасы таныды.

20 наурыз. Мәскеу қаласында Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Ресей Президенті Б.Н. Ельцинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында экономикалық, сыртқы саяси, ТМД-ның болашағы жөніндегі екіжақты қатынас мәселелері талқыланды.

20 наурыз. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев және Украина Президенті Л. Кравчук өзара ынтымақтастық туралы мемлекетаралық шарттарға қол қойды.

23 наурыз. Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасы дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

24 наурыз. Қазақстан Республикасы мен Куба Республикасы дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

24 наурыз. Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар Ынтымақтастық қағидалары туралы келісімнің негізінде орнатылды.

25 наурыз. Қазақстан Республикасы мен Филиппин Республикасы дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

25 наурыз. Алматы-Ыстанбұл халықаралық авиажелісі ашылды.

27 наурыз. Қазақстан Республикасы мен Сирия Араб Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

30 наурыз. Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

2 сәуір. Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

6 сәуір. Қазақстан Республикасы мен Палестина мемлекеті дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

6 сәуір. Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

7 сәуір. Қазақстан Республикасы мен Швеция корольдігі арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы келісімге қол қойылды.

10 сәуір. Қазақстан Республикасы мен Канада дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

10 сәуір. Қазақстан Республикасы мен Ирландия Республикасы дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

10 сәуір. Қазақстан Республикасы мен Израиль мемлекеті дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

10 сәуір. Қазақстан Республикасы мен Зимбабве Республикасы дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

10 сәуір. Қазақстан Республикасы мен Мадагаскар Республикасы дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

13 сәуір. Қазақстан Республикасы мен Мексика құрама штаттары дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

15 сәуір. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен А.Х. Арыстанбекова Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды.

27 сәуір. Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтанаты арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылды.

29 сәуір. Түрік Республикасы премьер-министрі Сүлеймен Демирел Алматыға ресми сапармен келді.

6 мамыр. Қазақстан Республикасы мен Дания корольдігі арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

10 мамыр. Ташкентте ТМД мүше мемлекеттерінің СІМ кеңесі болды.

13 мамыр. Қазақстан Республикасы мен Финляндия Республикасы дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

15 мамыр. ТМД-ның алты мемлекеті (Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан) Ұжымдық қауіпсіздік келісімшартына қол қойды.

17 мамыр. «Түрік Республикасында Қазақстан Республикасының елшілігін ашу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.

17 мамыр. «Қ.Б. Саудабаевты Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі етіп тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.

18-20 мамыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев АҚШ Президенті Джордж Буштың шақыруымен Америка құрама штаттарына алғашқы ресми сапар шекті. Бұл сапар қазақ-америка қатынастарының негізін қалады, онда екі мемлекет басшысы «жаңа қатынастар» орнағанын жария етті.

22 мамыр. Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО-ға мүше болып қабылданды.

25 мамыр. Мәскеуде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев және Ресей Федерациясының Президенті Б. Ельцин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа, сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.

28 мамыр. Қазақстан Республикасы мен Марокко корольдігі дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

28 мамыр. Қазақстан Республикасы мен Бахрейн корольдігі дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

1 маусым. Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

1 маусым. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін Люксембург Ұлы Герцогтігі таныды.

1 маусым. Қазақстан Республикасы мен Македония Республикасы дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

5 маусым. «Қазақстан Республикасының Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы тұрақты өкілдігін ашу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.

5 маусым. Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

6 маусым. Қазақстан Республикасы мен Норвегия корольдігі арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

8 маусым. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігін құру туралы» Жарлығы.

12 маусым. Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

20 маусым. Қазақстан Республикасы Түрік мәдениеті мен өнері мәселелері жөніндегі бірлескен комитетіне (ТЮРКСОИ) енді.

26 маусым. Қазақстанның халықаралық валюта қорына, Дүниежүзілік даму және қайта құру банкіне, халықаралық қаржы корпорациясына, халықаралық даму ассоциациясына мүше болу туралы заңдары қабылданды.

29 маусым. Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы Герцогтігі дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

29 маусым. Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

29 маусым. Қазақстан Республикасы мен Шри-Ланка Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

29 маусым. Қазақстан Республикасы мен Гвинея Республикасы дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

30 маусым. Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымына кірді.

4 шілде. «Қытай Халық Республикасында Қазақстан Республикасының елшілігін ашу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.

6 шілде. Қазақстан Республикасы мен Тайланд корольдігі дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

15 шілде. Қазақстан Республикасы мен Румыния арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

15 шілде. Қазақстан Халықаралық валюта қорына кірді.

28 шілде. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық қоғамдастық комиссиясы дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

31 шілде. Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

19 тамыз. Қазақстан Республикасы мен Португалия Республикасы дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

19 тамыз. Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше болды.

21 тамыз. Қазақстан Республикасы Халықаралық азаматтық авиация (ІСАО) ұйымына енді.

27 тамыз. Қазақстан Дүниежүзілік пошта одағына кірді.

27 тамыз. Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

27 тамыз. Қазақстан Республикасы мен Армения республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы Сыртқы істер министрлері хат алмасты.

1 қыркүйек. Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірлігі дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

10 қыркүйек. Қазақстан Республикасы мен нидерланды корольдігі дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

30 қыркүйек. Алматыда әлемдегі қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік құрылтайы болды.

1 қазан. Қазақстан Республикасы мен Грек Республикасы дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

5 қазан. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

17 қазан. Қазақстан Республикасы мен Ватикан (Қасиетті тақ) дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

28 қазан. Қазақстан Республикасы Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында АӨСШК шақыру идеясын жариялады.

28 қазан. «Ә.Ш. Жаңбыршинді Қазақстан Республикасының Америка құрама штаттарындағы Төтенше және өкілетті елшісі етіп тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.

12 қараша. Қазақстан Республикасы мен Тунис Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

17 қараша. Қазақстан Республикасы халықаралық «Интерпол» ұйымына мүше болды.

28 қараша. Алматыда БҰҰ өкілдігі ашылды.

10 желтоқсан. «М.М. Әуезовті Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті уәкілі етіп тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.

19 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Ресей үкіметінің басшысы В. Черномырдинмен Алматыда кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

29 желтоқсан. Алматыда Пәкістан Ислам Республикасының елшілігі ашылды.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014)

Подняться наверх