Читать книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева - Страница 16
2004 жыл
Оглавление9-10 қаңтар. Қазақстанға ресми сапармен Ресей Федерациясының Президенті В. Путин келді. Сапар барысында Қазақстандағы Ресей жылының салтанатты ашылуы болды.
8-22 қаңтар. Н.Ә. Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірлігіне ресми сапары болды.
28 қаңтар. Мемлекет басшысы астаналық резиденциясында Испания корольдігінің ғылым және жаңа технологиялар министрі Хуан Коста Климетті қабылдады.
30 қаңтар. Елбасы Қазақстан Республикасына ресми сапармен келген Чех Республикасының вице премьері – Сыртқы істер министрі Цыил Свободаны қабылдады.
5 ақпан. Президент Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің басшысы Джек Строны қабылдады.
10 ақпан. ҚР Президенті Ресей Федерациясының Қауіпсіздік кеңесінің хатшысын қабылдады.
13 ақпан. ҚР Президенті Франция сенаторы Эмери Монтескьюді қабылдады.
1-2 наурыз. Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға ресми сапармен келді.
2-5 наурыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Сауд Арабия корольдігіне ресми сапары болды.
6 сәуір. Президент Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) төрағасы – Болгария Республикасының Сыртқы істер министрі Соломон Пассимен кездесті.
15-16 сәуір. Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзай Қазақстанға ресми сапармен келді.
17-19 сәуір. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Германия Федеративтік Республикасына жұмыс сапары болды.
20 сәуір. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясына жұмыс сапары болды.
16-19 мамыр. ҚР Президентінің Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары болып, оның шеңберінде Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының құрылысы туралы келісімге қол қойылды.
21-23 мамыр. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Испанияға жұмыс сапары болды.
25-26 мамыр. Норвегия корольдігінің премьер-министрі Кьелла Магне Бондевиктің Қазақстан Республикасына ресми сапары болды.
28-29 мамыр. Астанада Орталық Азия ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы болды.
1-3 маусым. Эстония Республикасының Президенті Арнольд Рюйтель ресми сапармен Қазақстанға келді.
16-17 маусым. Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше Мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті.
28-29 маусым. ҚР Президенті Ыстанбұлда өткен НАТО/ СЕАП Солтүстікатлантикалық альянстың мүше мемлекеттері саммитінің жұмысына қатысты.
29 маусым – 3 шілде. ҚР Президентінің Ресей Федерациясына сапары болды.
2 тамыз. ҚР Президенті АҚШ Орталық басшылық қолбасшысы генерал Джон Абизаидті қабылдады.
13-19 тамыз. ҚР Президентінің Грек Республикасына жұмыс сапарымен Олимпиада-2004 салтанатты ашылуына қатысты.
26 тамыз. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Дүниежүзілік Сауда ұйымының Бас директоры Супачай Паничпакдиді қабылдады.
1-5 қыркүйек. Испания Королі I Хуан Карлос Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.
8-10 қыркүйек. Чех Республикасының Президенті Вацлав Клаус Қазақстанға ресми сапармен келді.
9-11 қыркүйек. ҚР Президентінің Австрия Республикасына ресми сапары болды.
15 қыркүйек. Біртұтас Экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы болды.
16 қыркүйек. Мемлекет басшысы ТМД елдері басшыларының саммитіне қатысты.
19-20 қыркүйек. Корея Республикасының Президенті Но Му Хен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
24-25 қыркүйек. ҚР Президенті ҚХР-дың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданына жұмыс сапарымен барды.
7-9 қазан. Латвия Республикасының Президенті Вайра Вике-Фрейберг Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
8 қазан. Президент Н.Ә. Назарбаев Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Фрадковпен кездесті.
17-18 қазан. Душанбеде ҚР Президентінің қатысуымен «Орталық Азия Ынтымақтастық» ұйымына мүше мемелекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті.
19 қазан. Елбасы НАТО Бас хатшысы Яаап де Хооп Схефферді қабылдады.
5-26 қазан. ҚР Президенті Швеция корольдігінде ресми сапармен болды.
1 қараша. Елбасы Азия Даму банкінің Президенті Тадао Чинноны қабылдады.