Читать книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева - Страница 14

2002 жыл

Оглавление

22 қаңтар. Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Бас хатшысы Г. Рапотамен кездесуі барысында ЕурАзЭҚ қызметіне байланысты бірқатар стратегиялық мәселелер талқыланды.

11-14 ақпан. ҚР Президентінің Үндістанға ресми сапары. Елбасы Үндістан Республикасының Президенті Кочерил Раман Нараянмен, премьер-министр А.Б. Ваджпаимен кездесті. Сапар шеңберінде ҚР Президенті Дели қаласында Абай атындағы көшенің ашылу салтанатына қатысты.

28 ақпан. Алматыда Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларымен «Орталық-Азиялық ынтымақтастық» ұйымының құрылуы туралы шартқа қол қойылды.

7 наурыз. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

7 сәуір. Алматыда Н.Ә. Назарбаевтың Дүниежүзілік Банк Президенті Дж. Вулльфенсонмен кездесуі болды.

8 сәуір. Н.Ә. Назарбаев Украина премьер-министрі А. Кинахпен кездесті.

9 сәуір. Алматыда Н.Ә. Назарбаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымының директоры А. Гавахимен кездесті.

19 сәуір. Астанада Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанға ресми сапармен келген Хорватия Президенті С. Месичпен кездесуі болды.

28 сәуір. Н.Ә. Назарбаев АҚШ Қорғаныс министрі Д. Рамсфельдті қабылдады. Екі жақ халықаралық лаңкестікке қарсы күресудегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

13 мамыр. Мәскеуде Н.Ә. Назарбаев пен В.В. Путиннің кездесуі болды. Қазақстан мен Ресей арасында Каспий теңізінің солтүстік бөлігін бөлу турлы келісімге қол қойылды.

22-23 мамыр. ҚР Президенті ресми сапармен Словенияда болып, осы елдің Президенті М. Кучанмен кездесті.

24-25 мамыр. ҚР Президенті ресми сапармен Польшаға барды. Н.Ә. Назарбаев Польша Президенті А. Квасневскиймен кездесті. Сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

4 маусым. Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бірінші саммитінің ашылуы болды.

3 қыркүйек. ҚР Президенті Оңтүстік Африка Республикасында өткен тұрақты даму бойынша БҰҰ саммитінің жұмысына қатысты.

9 қыркүйек. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Өзбекстан Президенті И. Кәрімовті қабылдады.

23 қыркүйек. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Словенияның Президенті М. Кучанды қабылдады.

5-6 қазан. Орталық-Азиялық ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшыларының төртінші кездесуіне және Аралды құтқару халықаралық қорының отырысына қатысты.

17 қазан. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға сапармен келген БҰҰ Бас хатшысы К. Аннанмен кездесті. Аталған оқиға елдің саяси өмірінің көрнекті оқиғасы және Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығы дамуының маңызды кезеңі болды.

27 қараша. ҚР Президентінің нидерланд корольдігіне ресми сапары болды. Н.Ә. Назарбаев Королева Беатрикс және премьер-министр Я. Петермен кездесті.

29 қараша. Брюссельде ҚР Президентінің Еурокомиссия Президенті Р. Продимен және ортақ сыртқы саясат пен қорғаныс саясатының мәселелері бойынша ЕО-ның Жоғарғы төрағасы Х. Соланамен кездесулері болды.

23 желтоқсан. Қазақстан Республикасы Президентінің Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары болды. Келіссөздер нәтижесінде Н.Ә. Назарбаев пен Цзян Цзэминь бірқатар екіжақты құжаттарға, оның ішінде Қытай мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.

27 желтоқсан. Астанада «Орталық Азия Ынтымақтастық» ұйымының қатысушы мемлекеттері басшыларының төртінші кездесуі болды.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014)

Подняться наверх