Читать книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева - Страница 6

1994 жыл

Оглавление

10-12 қаңтар. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Өзбекстанға ресми сапармен барды. Екі ел басшысы шекаралардың беріктігін, аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша шараларды қолдайтынын атап өтті. Мемлекет басшылары тауарлар мен қызметтердің, капиталдардың, жұмысшы күшінің еркін қозғалуы мен несие-есептік, бюджеттік, салықтық, құнды, кедендік және валюталық саясатын қамтамасыз ететін Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қойды.

13-14 қаңтар. Пәкістан Сыртқы істер министрі Сардар Асиф Алидің Алматыға ресми сапары болды. Сыртқы істер министрлері арасында, халықаралық және аймақтық және екіжақты қатынастар мәселелері деңгейіндегі тұрақты келіссөздерді қарастыратын екі ел СІМ арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.

16 қаңтар. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімге Қырғыз Республикасы қосылды.

19 қаңтар. Н.Ә. Назарбаевтың «Бельгия корольдігіндегі ҚР елшілігіне ЕО жанында Қазақстан Республикасының өкілділігі қызметін жүктеу туралы» Жарғысы.

20 қаңтар. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Украинаға ресми сапар шекті. Сапар барысында Қазақстан мен Украина арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Мемлекет басшылары «Қазіргі заманғы әлем: қарсылықтар және қауіптер» атты декларация қабылдады.

25 қаңтар. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға қысқа мерзімді сапармен келген Тәжікстан Жоғарғы кеңесінің төрағасы Э. Рахмоновпен кездесті.

28 қаңтар-1 ақпан. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Давос қаласында өткен (Швейцария) Бүкіләлемдік экономикалық форумға қатысты.

28 қаңтар-2 ақпан. Жапония Эскимбанкі делегациясының Қазақстанға сапары. Қазақстандық басым жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды.

30 қаңтар-1 ақпан. Алматы қаласына Вьетнам Социалистік Республикасы Сыртқы істер министрі Нгуен Мань Каманың сапары. Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге, екі ел сыртқы саяси мекемелері арасындағы консультациялар туралы хаттамға қол қойылды.

14 ақпан. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттікке (МАГАТЭ) кірді.

14 ақпан. Қазақстан ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды.

13-18 ақпан. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары болды. Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан және АҚШ Президенті Демократиялық серіктестік хартиясына; Қорғаныс және әскери қатынастар саласындағы өзара түсініктік туралы меморандумға; ҚР үкіметі мен АҚШ үкіметі арасында ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге; Техникалық ақпарат алмасуы және ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге; Қазақстан, Ресей және АҚШ арасындағы жасанды Жер серігі «Инмарсат-3» жіберуге байланысты технологиялық кепілдіктер туралы келісімге қол қойылды.

16 ақпан. Нью-Йоркте Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ Бас Хатшысы Бутрос Б. Галимен кездесуі өтті. Осы кездесу барысында елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясына постконфронтациялық кезең бойынша арнайы сессиясын шақыруға ұсыныс жасады.

18 ақпан. Париж қаласындағы Елисей сарайында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Франция Президенті Франсуа Миттеранның жұмыс бабындағы кездесуі өтті. Алдында қабылданған келісімдердің жүзеге асырылу мәселелері және түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды.

19-21 наурыз. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматы қаласына іссапармен келген АҚШ Қорғаныс министрі Ульям Перриді қабылдады. Кездесу барысында қорғаныс және қорғаныс өнеркәсібі конверсиясы мәселелері талқыланды. Екі елдің қорғаныс министрлері деңгейінде Қазақстандық қорғаныс өнеркәсібінің конверсиясы туралы келісімге қол қойылды.

20-23 наурыз. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары болды. Сапар барысында екіжақты ынтымақтастық негізін қалайтын құжаттарға қол қойылды. Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігі арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы біріккен декларация, ҚР үкіметі мен Біріккен корольдік үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы бірлескен декларация, Білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, Екі ел Сыртқы істер министрлері арасындағы ынтымақтастық туралы декларация.

23-24 наурыз. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Испания корольдігіне ресми сапары болды.

28-30 наурыз. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясына бірінші арнайы сапары орын алды. Президент Н.Ә. Назарбаев Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзінде Еуразиялық одақ идеясын ұсынды.Ресми сапар барысында екіжақты ынтымақтастықтың түрлі жақтарын реттейтін 23 құжатқа қол қойылды: Қазақстан мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастық пен интеграциясының әрі қарай тереңдеуі туралы келісім, «Байқоңыр» космодромын қолданудың негізгі принциптері мен шарттары туралы келісім, Екінші тараптың аумағында тұрақты тұратын Қазақстан мен Ресей азаматтарының азаматтық және құқықтық статустарымен байланысты мәселелерді реттеудің негізгі принциптері туралы меморандум және т.б.

6-9 сәуір. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары өтті. Сапар барысында Жапония Императоры, премьер-министрі, саяси қайраткерлер және елдің іскер топ өкілдерімен кездесті. Сапар нәтижесінде бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

12 сәуір. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Австралия генерал-губернаторы Уильям Джордж Хэйденмен кездесті.

21 сәуір. Президент Н.Ә. Назарбаев Алматы қаласында адам өлшемі мәселелеріне қатысты семинарына келген ұлттық азшылықтар ісі бойынша Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің жоғарғы комиссары Макс ван дер Стулды қабылдады.

23-27 сәуір. Алматыда мәдени ынтымақтастық бойынша қазақстандық-германдық аралас комиссияның отырысы. Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы үкіметтері арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы келісім парафирленді.

25-28 сәуір. Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңес премьері Ли Пэннің Қазақстанға ресми сапары. Келіссөздер барысында Н.Ә. Назарбаев пен Ли Пэн Қазақстан-Қытай шекарасы жөнінде, Қытайдың Қазақстанға мемлекеттік несие беру және гуманитарлық көмек беру, халықаралық жүк және жолаушылар тасымалын дамыту және тағы да басқа келісімдерге қол қойды.

30 сәуір. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасында Біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі шартқа қол қойылды.

30 сәуір. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қ. Саудабаевтың Сауд Арабиясына ресми сапары. ҚР мен Сауд Арабия корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылуы туралы хаттамаға қол қойылды. Қазақстандық министрді Король Фахд қабылдады.

14-16 мамыр. Қазақстан Республикасы премьер-министрі С. Терещенконың Иран Ислам Республикасына ресми сапары. Екі ел арасындағы көп саладағы ынтымақтастықты қамтитын үкіметаралық құжаттарға қол қойылды. Әрі қарай ынтымақтастықтың дамуы туралы меморандумға, Азаматтардың өзара сапарлары барысындағы визаларды рәсімдеу тәртібі туралы меморандумға, Қазақстан Ұлттық банкі және Иран Орталық банкі арасындағы меморандумға, Сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

27 мамыр. Қазақстан НАТО-ның «Бейбітшілік үшін серіктестік» (БҮС) бағдарламасына қосылды: БҮС рамалық құжатына қол қойылды. Қазақстан бұл бағдарламаның 19-мүше мемлекетіне айналды.

5-7 маусым. Үндістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Салман Хуршиданың Қазақстанға ресми сапары. Оны Н.Ә. На-зарбаев қабылдады, сондай-ақ Ғылым және жаңа технологиялар министрі, Сыртқы істер министрі, Қорғаныс министрі, Көлік және байланыс министрлерімен келіссөздер жүргізді. Әскери ынтымақтастық, әскери кадрларды дайындау, атом өндірісі саласындағы біріккен зерттеулер, телекоммуникациялар саласында үнділік тәжірибені қолдану мәселелері талқыланды.

10 маусым. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев қысқа мерзімді жұмыс сапарымен келген Эстония Республикасының Президенті Леннарт Мериді қабылдады.

13 маусым. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға үкіметтік делегация басшысы ретінде келген Вьетнам Социалистік Республикасының премьер-министрі Во Ван Киетіні қабылдады.

23-24 маусым. Алматыға Франция экс премьер-министрі Эдит Крессон, Еуропалық комиссиядағы ғылым, білім беру және жастар мәселелері жөніндегі комиссарының жұмыс сапары болды. Кездесу барысында екіжақты қатынастар мәселелері, әсіресе энергетика саласы талқыланды.

8 шілде. Алматыда Орталықазиялық одақ мүше-елдері – Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы басшыларының кездесуі, мемлекетаралық кеңес, оның тұрақты негізде жұмыс істейтін жұмыс органы – Атқарушы комитетін құру, үш елдің премьер-министрлері, Сыртқы істер министрлері және Қорғаныс министрлері кеңесін бекіту туралы шешім қабылданды. Орталықазиялық ынтымақтастық және даму банкі құрылды. Банктің орналасқан жері – Алматы қаласы.

12 шілде. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің «ҚР СІМ дипломатиялық қызметкерлерінің қызметтік аттестациясын жүргізу тәртібі туралы ережені» бұйрықпен бекітуі.

13-14 шілде. АҚШ Мемлекеттік хатшысының демократия, адам құқығы және еңбек бойынша көмекшісі Дж. Шэттактың Қазақстанға жұмыс сапары. Дж. Шэттактың Сыртқы істер министрлігіндегі кездесуі барысында Қазақстандағы демократиялық қайта құрылулар мен экономикалық реформалар мәселелері талқыланды.

24 шілде. Қазақстанның МАГАТЭ-мен кепілдіктер туралы келісімге қол қоюы.

26-28 шілде. Франция Ұлттық жиналысының шетелдік істер жөніндегі комиссия вице президенті, «Франция-Қазақстан» тобының төрағасы Эмери де Монтескьюдің Алматыға сапары.

7-8 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен Эстонияға барды. Екі ел басшысы екіжақты қатынас мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді. ҚР мен Эстония Республикасы арасындағы өзара қатынастардың негізгі бағыттары туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Тараптар сауда келісімінің дайындалуын жеделдетуді, транзит мәселесін шешуді, кедендік саладағы ынтымақтастықты дамытуға келісті.

8-10 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Литваға ресми сапары болды. Мемлекет басшылары 1993 ж. Өзаратүсіністік және ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру мақсатында қызметтердің бағыттары анықталған декларацияға қол қойды. Тараптар Арал мен Балтық теңізінің мәселелеріне көп көңіл бөле отырып, қоршаған ортаның ластануын жою тәжірибелерімен бөлісуге келісті. Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы келісімге, Қазақстан мен Литва үкіметтері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің мерзімін ұзарту туралы хаттамаға, Литва кемежайларын қазақстандық жүктерді өңдеу және жөнелту үшін қолданылу туралы хаттамаға қол қойылды.

10-11 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Украинаға ресми сапар шекті. Келіссөздер барысында тараптар көптеген экономикалық, қорғаныс, гуманитарлық сипаттағы мәселелер бойынша ойларымен алмасты. Екі ел басшысы Украинадан жер аударылған халықтардың тарихи отанына қайтып оралуы мәселесін пысықтау туралы келісті.

22 тамыз. Орталықазиялық одақтың мемлекетаралық кеңесінің Атқарушы комитеті туралы ереженің мүше-елдер басшылараның кездесуі барысында бекітілуі. Онда Атқарушы комитет қызметінің негізгі бағыттары анықталды.

15 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға ресми сапармен келген Литва премьер-министрі А. Шлежявичуспен кездесті. Кездесу барысында Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы екі ел үкіметі арасындағы келісімге, Қазақстан мен Литваның Ұлттық банкі арасындағы есептерді ұйымдастыру туралы келісімге, Клайпеда кемежайының қазақстандық жүктерді жеткізу үшін қолдану туралы хаттамаға қол қойылды.

16 қыркүйек. ҚР-ның Ресейдегі елшілігіне Ресейдің Каспий теңізінің құқықтық жүйесіне қатысты алғашқы ұстанымы көрсетілген Ресей Федерациясы СІМ нотасы табысталды.

17 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға сапармен келген Украина премьер-министрі В. Масолмен кездесті. 16-18 қыркүйектегі Украина үкіметтік делегациясының жұмыс сапары барысында Еркін сауда жөніндегі келісім, Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қойылды.

21-25 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Италия Республикасына ресми сапары болды. Сапар барысында Президент Н.Ә. Назарбаев Италия премьер-министрі С. Берлусконимен кездесті.

25-28 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Сауд Арабиясына ресми сапармен барды. Н.Ә. Назарбаев Король Фахд Бин Абдель Азизбен, Тақ мұрагері Абдалла бин Абдель Азизбен, Қорғаныс және авиация министрі Принц Султан бин Абдель Азизбен кездесті. Король Н.Ә. Назарбаевтың АӨСШК шақырымы туралы бастамасын қолдады. Сапар барысында Сауда-экономикалық, инвестициялық, техникалық және мәдени салалардағы, сондай-ақ спорт пен жастар ісі жөніндегі салалардағы ынтымақтастық туралы Бас келісімге қол қойылды. Сапар қорытындысы бойынша бірлескен коммюнике қабылданды.

30 қыркүйек-3 қазан. ҚР Өнеркәсіп және сауда министрі басшылығымен үкіметтік делегацияның Иран Ислам Республикасына ресми сапары. Иран тарапына Иран кен орындарын бірігіп игеріп, қазақстандық зауыттарда рудаларды өңдеу туралы ұсыныс тасталды. Сапар қорытындысы ретінде Сауда-экономикалық байланыстарды әрі қарай дамыту туралы меморандумға, Кешм (Иран) еркін экономикалық зонасы мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.

13 қазан. Экономика министрі Янис Званитайс басшылығымен Латвия делегациясының сапары. Үкіметаралық Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

16-17 қазан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Түркияға ресми сапар жасады. Екі ел арасындағы Достық пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

18-19 қазан. Н.Ә. Назарбаев Ыстанбұл қаласында өткен түркітілдес елдердің екінші саммитіне қатысты. Саммит нәтижесі бойынша Ыстанбұл декларациясы қабылданды. Босния мен Герцеговина, Кипр мәселелері бойынша пікір алмасуы болды.

21 қазан. Мәскеуде ТМД барлық мүше-елдері қатысқан Қауымдастық елдері басшылары кеңесінің отырысы өтті. ТМД мүше-елдерінің Төлем одағы мен экономикалық одақтың дұрыс қызмет етуі мен тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалуына қажетті төлемнің тиімді жүйесін құру туралы шешім қабылданды. Қазақстан бастамасымен Мемлекетаралық экономикалық комитет құру туралы келісімге қол қойылды. ТМД интеграциялық дамуының негізгі бағыттары туралы меморандум қабылданды.

1-2 қараша. Алматы қаласында қазақстандық-америкалық қатынастардың әрі қарай дамуына үлкен маңызға ие болған бірлескен қазақстандық-америкалық комитеттің алғашқы отырысы өтті. АҚШ-тың Қазақстан үшін көмек бағдарламаларын жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар бойынша үкіметаралық келісімге қол қойылды.

13 қараша. ҚР мен Франция Республикасы арасындағы достық, өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келісімнің ратификациялануы мен күшіне енуі.

30 қараша-3 желтоқсан. Алматыға Моңғолия премьер-министр П. Жасрайдың ресми сапары. Сапар барысында Азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге қол қойды.

1 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен келген Моңғолия премьер-министрі П. Жасрайды қабылдады.

4-8 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Венгрия Республикасына ресми сапармен барды. Н.Ә. Назарбаев Будапештте ЕҚЫК-тың қатысушы мемлекеттері және үкімет басшыларының жұмысына қатысты.

5 желтоқсан. Будапештте Ұлыбритания, Ресей және АҚШ басшылары Қазақстан Республикасына қауіпсіздік кепілдігін беру туралы меморандумға қол қойды. ҚР Президенті Лиссабондық хаттамаға қол қойды.

16 желтоқсан. ҚР мен ГФР үкіметтері арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

16-17 желтоқсан. Лиссабонда Еуропалық Энергетикалық Хартия келісімінің қорытынды құжатына қол қойылды.

18 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға келген Латвия Президенті Гунтис Улманиспен кездесті.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014)

Подняться наверх