Читать книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева - Страница 3

1991 жыл

Оглавление

1 желтоқсан. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Президентінің бірінші бүкілхалықтық сайлауы. Сайлау нәтижесі бойынша дауыс беруге қатысқандардың 98,78 пайыз дауысын жинаған Н.Ә. Назарбаев Республика Президенті болып сайланды.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының вице президенті лауазымына Е.М. Асанбаев сайланды.

8 желтоқсан. Беловеж орманындағы Вискулде Ресей, Украина және Беларусь басшылары Б. Ельцин, Л. Кравчук және С. Шушкевич КСРО-ның өмір сүруінің тоқтатылғандығы туралы мәлімдеді. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылғандығы жарияланды.

10 желтоқсан. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы № 1000-ХІІ заңына сай Қазақстан Республикасы деп өз атауын өзгертті.

12 желтоқсан. Мемлекет басшыларының бастамасы бойынша Ашхабадта Президенттердің (Н.Ә. Назарбаев, Қазақстан; А. Ақаев, Қырғыз Республикасы; Р. Набиев, Тәжікстан; С. Ниязов, Түрікменстан; И. Кәрімов, Өзбекстан) консультативтік кездесуі өтті. 1991 жылы 8 желтоқсанда Белорусь, Ресей, Украина қол қойған Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру туралы келісімге байланысты пікір алмасты. Құрылтайшылар ретінде достастыққа кіретін барлық мемлекеттерді тани отырып, Тәуелсіз мемлекеттер достастығын қалыптастыру жөніндегі күш-жігерді үйлестіру туралы мәлімдеме қабылданды. Чернобыль апаты мен Арал қасіретінің салдарын жою жөнінде бірлескен іс-қимыл қажеттігі туралы шешімге, Теджен-Серахс теміржол желісінің құрылысы жөніндегі экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге, Тәуелсіз мемлекеттер достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол қойылды.

16 желтоқсан. № 1007-ХІІ заңның негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды. Түрік Республикасы Қазақстан Республикасын мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануымен құттықтады.

17 желтоқсан. Президент Назарбаев Америка құрама штаттарының Мемлекеттік хатшысы Дж. Бейкерді қабылдады.

17 желтоқсан. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін Ресей Федерациясы таныды. Ресей мен Қазақстан арасындағы жаңа мемлекетаралық достық, тату көршілік және өзара сыйластық қатынастарды орнату туралы Ресей Федерациясының Президенті Б.Н. Ельциннің мәлімдесі.

20 желтоқсан. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Т.Ы. Сүлейменов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

20 желтоқсан. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін Пәкістан Ислам Республикасы таныды.

21 желтоқсан. Алматыда бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы құрамына кірген он бір мемлекет басшысының (А. Муталибаев, Әзірбайжан, Л. Тер-Петросян, Армения, С. Шушкевич, Беларусь Республикасы, Н.Ә. Назарбаев, Қазақстан, А. Ақаев, Қырғыз Республикасы, М. Снегур, Молдова, Б. Ельцин, Ресей, Р. Набиев, Тәжікстан, С. Ниязов, Түрікменстан, И. Кәрімов, Өзбекстан, Л. Кравчук, Украина) саммиті өтті. Кездесу барысында ресми құжаттарға: 1991 жылғы 8 желтоқсанда Минск қаласында Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Украина қол қойған Тәуелсіз мемлекеттер достастығын кұру туралы келісімнің хаттамасына, Алматы декларациясына, ТМД-ның үйлестіруші институттары туралы келісімге, ТМД елдері басшылары кеңесінің БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдарда мүше болу туралы шешімдеріне қол қойылды. Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина мемлекеттерінің басшылары ядролық қаруға қатысты бірлескен шаралар туралы келісімге қол қойды.

23 желтоқсан. Президент Н.Ә. Назарбаев Палестинаны азат ету ұйымы атқару комитетінің төрағасы Я. Арафатпен кездесті.

23 желтоқсан. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін Швейцария Федералдық кеңесі таныды.

26 желтоқсан. АҚШ Президенті Дж. Буш Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін тану және Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасында толыққанды дипломатиялық қатынастар орнату туралы Н.Ә. Назарбаевқа жеке жолдау жіберді.

26 желтоқсан. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін Бразилия Республикасы таныды.

26 желтоқсан. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін Венгрия Республикасы таныды.

26 желтоқсан. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін Австралия үкіметі таныды.

28 желтоқсан. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін Жапония таныды.

30 желтоқсан. Минск қаласында ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының кеңесі өтті. 15 құжатқа, оның ішінде: ТМД мемлекет басшылары және үкімет басшылары туралы уақытша келісімге, Стратегиялық күштер туралы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы келісімге, Тәуелсіз мемлекеттер басшылары кеңесінің хаттамасына және т.б. келісімдерге қол қойылды.

30 желтоқсан. Қазақстан, Ресей, Беларусь және Украина Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды (ЯҚТШ).

31 желтоқсан. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін Германия Федеративтік Республикасы таныды.

31 желтоқсан. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін Малайзия таныды.

31 желтоқсан. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін Дания корольдігі таныды.

31 желтоқсан. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін Бельгия таныды.

31 желтоқсан. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін нидерланды корольдігі таныды.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014)

Подняться наверх