Читать книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева - Страница 15

2003 жыл

Оглавление

20 қаңтар. ҚР Президенті ресми сапармен Швейцария Конфедерациясына келді. Швейцария Конфедерациясының Федералды Президенті П. Кушпенмен кездесіп, екіжақты мәселелер талқыланды.

23 қаңтар. Н.Ә. Назарбаев Давостағы 33-дүниежүзілік экономикалық форумның жұмысына қатысты.

4 ақпан. ҚР Президенті ресми сапармен Италия Республикасына барды. Н.Ә. Назарбаев Италия Президенті Карло Адзелио Чампи және Италия Министрлер кеңесінің төрағасы С. Берлусконимен келіссөздер өткізді.

6 ақпан. Ватиканда ҚР Президенті Папа II Иоанн Павел кездесті. Аудиенция барысында екі жақ бүкіл дүниежүзілік діндер мен конфессиялар басшылары құрылтайының шақырылуы айтылды.

22-23 ақпан. Н.Ә. Назарбаев Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украинаның төртжақты кездесуіне қатысты.

14 наурыз. Н.Ә. Назарбаев ЕурАзЭҚ Бас хатшысы Г. Рапотамен кездесті.

23 сәуір. ҚР Президенті Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Хатшысы Франческо Франжиалиді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен дүниежүзінде туристік бизнестің жағдайы талқыланды.

6 мамыр. Н.Ә. Назарбаев Дүниежүзілік Ислам лигасының Бас хатшысы доктор Абдалла Бен Абдельмухсин әл-Түркимен кездесті. Екі жақ Қазақстанда Әлемдік діндердің құрылтайын өткізу мәселесін талқылады.

17 мамыр. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ватиканның Мемлекеттік хатшысы кардинал Анджело Соданоны қабылдады. Ватикан мемелекеттік хатшысы елбасына Папа II Иоанн Павелдің сәлемін жеткізді.

22 мамыр. ҚР Президентінің Түрік мемлекеті басшысының шақыруымен Түркияға ресми сапары болды. Сапар нәтижесінде бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылды.

28 мамыр. ҚР Президенті Мәскеуде өткен ШЫҰ мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысты.

30 мамыр. Н.Ә. Назарбаев Иракқа соғыстан кейінгі қайта құру үшін қазақстандық бейбітшілік әскерді жіберу туралы мәселені қарастыру өтінішін Парламентке жолдады.

3 маусым. Астанада ҚР Президенті Қазақстанға ресми сапармен келген ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесті. Келіссөздер нәтижесінде 2003-2008 жылдардағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

13 маусым ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының Гонконгтегі консулдығының ашылуы туралы» Жарлыққа қол қойылды.

23-27 маусым. ҚР Президентінің Канадаға ресми сапары болды. Н.Ә. Назарбаев генерал-губернатор, елдің жоғарғы Бас қолбасшысы Эдреан Кларксон ханыммен және Канаданың премьер-министрі Жан Кретьенмен кездесті.

28 маусым. ҚР Президентінің Францияға қысқа мерзімді жұмыс сапары болды. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Президент Ж. Ширакпен келіссөздері болды.

5 шілде. Алматыда орталықазиялық Ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті.

9 қыркүйек. Қазақстанға ресми сапармен Румыния Президенті Ион Илиеску келді.

23 қыркүйек. Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндердің бірінші құрылтайының ашылу салтанаты болды.

24 қазан. Алматыда Н.Ә. Назарбаев Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының директоры Йонг Вук Лимен кездесті.

6 қараша. ҚР Президентінің Сингапурге мемлекеттік сапары болды. Оның барысында Сингапур Президенті Селлапан Рама Натан және премьер-министр Го Чок Тонгпен кездесулері орын алды.

11-12 қараша. ҚР Президентінің Филиппинге мемлекеттік сапары болды.

13 қараша. Н.Ә. Назарбаев Кореяға ресми сапарының шеңберінде осы елдің Президенті Но Му Хенмен кездесті.

8 желтоқсан. Н.Ә. Назарбаев екі күндік ресми сапармен Пәкістан Ислам Республикасына барды.

22 желтоқсан. Н.Ә. Назарбаев Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хурал төрағасы Санжбэгз Томор-Очир бастаған делегацияны қабылдады.

25 желтоқсан. Астанада Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қырғыз Республикасы Президенті А. Ақаевпен келіссөздері болды.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014)

Подняться наверх