Читать книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева - Страница 10

1998 жыл

Оглавление

5 қаңтар. Ашхабадта Орталық Азия мемлекет басшылары кездесуі. Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Президенттері Орталық Азия елдері аумағында бірыңғай экономикалық кеңістікті нығайту туралы мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесіне қол қойды.

6 қаңтар. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан Президенттерінің Мемлекетаралық байланыстар мен ынтымақтастықты дамыту және нығайту мәселелері бойынша бірлескен мәлімдемесі (Ашхабад).

14 қаңтар. Ақмолада Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Нашақорлықты бақылау бойынша БҰҰ-ның халықаралық ұйымының атқарушы директоры Пино Арлаккимен кездесуі.

22 қаңтар. Мәскеуде Қазақстан, Беларусь, Ресей, Қырғыз мемлекетаралық кеңесінің отырысы. Отырыстың негізгі тақырыбы бірыңғай экономикалық кеңістікті құру болды.

15 қаңтар. Қазақстан мен ЕО елдері арасында Серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

22 қаңтар. Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Президенттерінің Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі және Байқоңыр ғарыш айлағының алдағы уақыттағы қызметі жөніндегі мәселелер бойынша бірлескен мәлімдемесі.

30 қаңтар-2 ақпан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Давоста (Швейцария) өткен Дүниежүзілік экономикалық форумның жұмысына қатысты. Н.Ә. Назарбаев Каспий теңізінің көмірсутегі шикізатын игеру және тасымалдау мәселелері жөніндегі баяндама жасады.

3 ақпан. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Шыңжандағы жағдайлар жөніндегі мәлімдемесі.

13 ақпан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Испания Королі І Хуан Карлоспен кездесті.

3 наурыз. Н.Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясының ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастығы бойынша министрі А. Адамишинмен кездесті.

12 наурыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Моңғолияның Президенті Н. Багабандимен кездесті.

16 наурыз. Дохада өткен ИКҰ мүше-елдерінің СІМ-нің 25-конференциясы өтті. Оған Қазақстаннан Сыртқы істер ведомствосының басшысы Қ. Тоқаев барды. Ол Катар мемлекетінің Сыртқы істер министрі шейх Хамад Бен Джасим бен Джабер Әл Танимен кездесіп, халықаралық және аймақтық мәселелер жөнінде пікір алысты.

26 наурыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Ташкентте өткен Орталық Азия мемлекет басшылары саммитіне қатысты. Кездесу нәтижесінде Орталық Азия экономикасына арналған арнайы бағдарлама туралы ташкенттік декларация қабылданды.

6-7 сәуірде. Финляндияның Еуропа істері және сыртқы сауда министрі О.Й. Норрбак және өзінің бизнестерін Қазақстанда дамытуға ынталы 8 ірі финдік кәсіпкер Алматыға келді. ҚР Сыртқы істер, Энергетика, Индустрия және сауда министрімен, ҚР Инвестиция жөніндегі Мемлекеттік комитет директорымен кездесулер өтті.

9-10 сәуір. ҚР Президенті Ресейге жұмыс сапарымен барды. Ресей Президенті Б. Ельцинмен кездесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары және Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселелерін талқылады.

14-16 сәуір. Қазақстан Республикасына ЕҚЫҰ төрағасы, Польша Республикасының Сыртқы істер министрі Б. Гремеканың сапары.

15 сәуір. Президент Н.Ә. Назарбаев 1997 жылы 5 мамырда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы Достық пен ынтымақтастық жөніндегі келісімді ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

15 сәуір. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Бельгия премьер-министрі Ж.Л. Деанмен кездесті. Сапар барысында инвестицияларды өзара қолдау мен қорғау туралы келісім мен екіжақты салық төлеуді болдырмау жөніндегі конвенцияға қол қойды.

18-19 сәуір. Алматыға Катар мемлекетінің Сыртқы істер министрі шейх Хамад бен Джасим Бен Джабер Аль Тани бастаған Катар елінің делегациясы келді. Кездесу барысында консультациялар туралы хаттамаға және Қазақстан мен Катар сыртқы саясат ведомстволарының арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

28-29 сәуір. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «4+N» саммитіне және ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Н.Ә. Назарбаевтың «Қарапайым адамдарға қарай қарапайым он қадам» бағдарламасы талқыланып, қабылданды.

7-12 мамыр. Н.Ө. Балғымбаевтың ҚХР-ға ресми сапары барысында Ғарыштық саладағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге, 1999 жылы Қазақстанда халық санағын жүргізу үшін Қытайдың қайтарымсыз көмек көрсетуіне байланысты хаттармен алмасу жөніндегі келісімге, 1998-2000 жылдардағы туризм, дене шынықтыру, спорт және мәдени ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды.

8 мамыр. Н.Ә. Назарбаев «1996 жылы 9 желтоқсанда Делиде қол қойылған Қазақстан Республикасы үкіметі мен Үндістан Республикасы үкіметі арасындағы инвестицияларды қолдау мен өзара қорғау жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды.

10-11 мамыр. Алматыда Экономикалық ынтымақтастық ұйымының V саммиті өтті. Саммит барысында аймақтағы көлік және коммуникация, ауыл шаруашылығы, экология және қоршаған ортаны қорғау салаларында ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ұйымның Алматы декларациясы қабылданды.

23 мамыр. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен Катарға барды. Сапар барысында Катар шейхі Хамад бен Халифа Әл Танимен кездесті. Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге, Жоғары деңгейде комиссия құру туралы келісімге, Екі ел сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге, Қазақстан-Катар кәсіпкерлер кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды.

16-20 мамыр. Қ. Тоқаевтың Женеваға Бүкіләлемдік сауда ұйымының сессиясына сапары.

24-27 мамыр. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен Біріккен Араб Әмірлігіне барды. Сапар барысында БАӘ Президенті шейх Заид бен Сұлтан Әл-Нахаянмен кездесті.

9 маусым. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Астанада өткен түркітілдес мемлекет басшыларының саммитіне қатысты.

10 маусым. Қазақстан Республикасының жаңа елордасы Астана қаласының тұсау кесері.

14-15 маусым. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Түрік Республикасына ресми сапармен барды. Сапар барысында Н.Ә. Назарбаев Түркия Президенті С. Демирелмен, Түркия премьер-министрі М. Йылмазбен кездесті.

20 маусым. Бішкекте орталықазиялық одақ елдерінің мемлекет басшыларының отырысы.

3 шілде. Астанада Шанхай және Мәскеу келісіміне қатысушы бес мемлекет басшысының кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Шекара аймағындағы әскери саладағы сенімділікті нығайту, Шанхай және шекара аймағындағы қарулы күштерді азайту туралы Мәскеу келісімдерінің орындалу барысын талқылады.

4 шілде. Астанада ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен ҚХР төрағасы Цзянь Цзэминь Қазақстан-Қытай шекарасы туралы қосымша келісімшартқа қол қойды.

6 шілде. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Ресейге жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Н.Ә. Назарбаев Ресей Президенті Б. Ельцинмен және премьер-министр С. Кириенкомен кездесті.

17 шілде. Шолпон атада Орталықазиялық одақ елдерінің мемлекет басшыларының отырысы.

17 шілде. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы меморандум қабылданды.

20 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен Румынияға барды. Сапар барысында Н.Ә. Назарбаев Румыния Президенті Э. Константинескумен кездесті.

22-24 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Италияға ресми сапармен барды. Сапар барысында Италия Президенті О.Л. Скальфаромен, Министрлер кеңесінің төрағасы Р. Продимен және Ватиканда Рим Папасы Иоанн Павел ІІ кездесті.

26 қыркүйек-6 қазан Қ. Тоқаевтың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 53-сессиясына сапары.

12 қазан. Алматыға ресми сапармен Ресей Федерациясының Президенті Б. Ельцин келді. Сапар барысында Н.Ә. Назарбаевпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, бірқатар құжаттарға қол қойды.

29 қазан. Анкарада Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев, Әзірбайжан Президенті Г. Алиев, Грузия Президенті Э. Шеварнадзе, Өзбекстан Президенті И. Кәрімов, Түркия президенті С. Демирел Каспийлік және Ортаазиялық мұнайды әлемдік нарыққа «Шығыс-Батыс» дәлізі арқылы тасымалдау туралы декларацияға қол қойды.

30 қазан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Өзбекстанға ресми сапармен барды. Сапар барысында Өзбекстан Президентімен кездесіп, бірқатар құжаттарға қол қойды.

9 қараша. «Қазақстан Республикасының Жұмыспен қамту саласындағы саясат жөніндегі 1964 ж. Конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының заңы.

16 қараша. БҰҰ Бас Ассамблеясының 53-сессиясында «Қазақстандағы Семей ядролық сынақ алаңы маңындағы тұрғындарға жәрдемдесу және экономикалық даму мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық» қарары қабылданды.

2 желтоқсан. Ослода өткен ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің кеңесі барысында Қазақстан Республикасының үкіметі мен ЕҚҰЫ арасында Алматыда ЕҚЫҰ Орталығын ашу туралы меморандумға және Қазақстан Республикасының үкіметі мен ЕҚЫҰ-ның Демократия және адам құқығы жөніндегі бюросы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

4 желтоқсан. Астанада Орталықазиялық одақтың Саммиті.

8 желтоқсан. БҰҰ-ның Орталық Азия елдеріндегі транзит жүйесі бойынша қарары.

11 желтоқсан. Қазақстан Республикасының «1998 жыл 6 шілдеде Мәскеуде қол қойылған Кедендік Одаққа мүше-мемлекеттер аумағы арқылы транзиттің бірыңғай шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заңы.

22 желтоқсан. Қазақстанға Ресей Федерациясының премьер-министрі Е. Примаков ресми сапармен келді. Келіссөз барысында Атырау-Самара мұнай құбырын қайта құру туралы шешім қабылданды.

24-26 желтоқсан. Мәскеуде Кедендік Одақ пен ТМД мүше-мемлекеттері үкімет басшылары кеңесінің отырысы.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014)

Подняться наверх